Реферат
Тақырыбы: . ҚР кәсіпкерліктің даму факторлары
Қабылдаған: Абдраманова Гүлжамал
Орындаған: Еркинбаева Аселя
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын.
Курстық жұмысымның басты мақсаты «Кәсіпкерлік орта» деген тақырыпты ашу. Кәсіпкерлік орта деп аталғандықтан кәсіпкерліктің айналасындағы барлығына да тоқталуы керек деп ойлаймын. Оның ішіне бастысы кәсіпкерліктің өзі, оның түрлері, кәсіпкерлікте болатын тәуекелдер, бәсекелестіктер туралы тоқталу керек. Сонымен қатар, кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу керек, кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғап және қолдау шаралары, кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару да кәсіпкерлік ортаға кіреді
«Кәсіпкер» терминін ХVІІІ ғасырдың басында өмір сүрген француз экономисі Ришар Контальон енгізген болатын.
Кәсіпкер дегеніміз бұл өнім немесе қызметінің жаңа түрін құру немесе жасау арқылы жаңа ой тастайтын тұлға. Сонымен қатар кәсіпкер қызметі немесе өсімін өедіру үшін бизнес ашудың кейбір тәсілдерін ойлап табады да халықтың әлеуметтік жағдайын көтеріп, өзінің пайдасын ойлайды. Кәсіпкер сөзі жаңа кәсіпорынды ұйымдастырумен немесе жаңа идеяны, жаңа өнімді немесе қоғамға ұсынатын жаңа қызметін әзірлеумен байланысты тәуекелге бас тіккен адамды білдіреді. Кәсіпорындардың немесе ұйымдардың мақсаттарын қалыптастыруға белсенді қатысып, осы ұйымдар қызметінің бастапқы кезінде өздері баскөз болатын барлық кәсіпкерлерді менеджер деп айтуға болады.
Олардың кейбіреуі кәсіпорынды дамытудағы ұзақ қызметінің текбастапқы кезінде ғана емес, сондайақ ұзақ жылдар бойы кәсіпорын жұмысын ілгері бастырып, қызметін жалғастыра береді. Кейбір кәсіпкерлердің жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау сияқты басқаруқызметін тиімді орындауға қабілетбейімі бола бермейді. Бұл өзіңнің жеке ісің болса да, немесе компаниядағы қалыптасқан құрылымында істесең де кәсіпкер болу оңай емес. Ұйымдарда, қоғам да, қаншалықты пайдалы болғанына қарамастан, қандай да бір өзгерістерге қарсыласып бағады. Сондықтан да кәсіпкеліктің философиясы танымға және мәселелерді және ұғынуға бағытталған. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды міндеті объектінің (фирмалар, кәсіпорын, жеке кәсіпкерлік) тиімді ісәрекет жасауын қамтамасыз ету болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік жеткізетін кепілдеме бермесе де, соған үміттендіретін шешімдерді жиі қабылдауна тура келеді. Кәсіпкерлік қатер кәсіпкерлік фирмаға қатысы бойынша сыртқы ортадағы болжауға келмейтін белгісіздікке орай объективті негізге ие. Сыртқы орта фирма өз қызметін асыратын объективті экономикалық, әлеуметтіксаяси жағдайларды қамтиды.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу. Бұл мәселені шешу үшін, осы мәселеге қатысты заң болу керек. Бірінші мақсаты – монополия болмау керек. Біздің елде осы мәселені реттеу үшін 2006жылы жеке кәсіпкерлік туралы заң қабылданды. Ал, екінші заң 2007 жылы еңбек кодексіне өзгертулермен қабылданды. Сонымен қатар кәсіпкерлікке әлеуметтік жауапкершілік те болуы тиіс. Бірінші мәселе кәсіпкер тек өзінің ғана пайдасын ойламау керек, өзінің қол астындағы жұмысшысының әлеуметтік жағдайына көңіл бөлуі тиіс. Қазіргі қоғамда әлеуметтік салада кәсіпкерге үлкен жауапкершілік артуда.
Әлеуметтік жауапкершіліктің кәсіпкерлікте 3 мағынасы бар:
1) кедейшілік
2) экология
3) тұтынушылық қозғалыс.
Кадрлар-кәсіпорынның, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың квалификациялы қызметкерлерінің негізгі құрамы. Кадрлар дегеніміз кәсіптікбіліктілік, әлеуметтікпсихологиялық, жыныстық, жастық жеке және басқа құрылымдық бөлшектермен сипатталатын кәсіпорын жұмыскерлерінің жиынтығы. Кадрларға тек еңбекке кәсіптік қабілеті және арнайы кәсіптік дайындығы бар жұмыскерлер ғана жатады.
Кадрлар ұғымына кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың білікті қызметкерлерінің негізгі (штаттық) құрамы кіреді. Басқару кадрлары басқарудың бес бағытты саясат жасауды талап ететін басқару қызметінің күрделі бағыты: қамту, оқыту, еңбек ақы, өндірістік қатынастар, денсааулықты қорғау және әлауқат. Кадр саясаты нәтижелі жұмыс күшін жалдауға, жұмыс жағдайын жасауға, жұмысшылар мен басшылықтаң қатынасын жақсартуға бағытталған.
Басқару кадрларының денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелері:
· буфеттер, дәрігерлік орындар, зейнетақы қорларын ұйымдастыру;
· заң көмегі және жеке мәселелер бойынша басқа қызметтер;
· кәсіпорындар туралы және кеңселерді, дүкендерді орналастыру;
· бақытсыз жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік техникасының жұмысына қатысу;
· жұмыс істейтіндерге өтемақы төлеу;
· үзілістер ұйымдастыру;
· жұмыс күнін жоспарлау, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |