intellectus
– түсіну деген мағына беретін, жаңа
жағдайға бейімделуді, оқып-үйрену мен алған білімді тәжірибеде қолдана білу қабілетін
қамтитын психиканың сапасы болып табылады, ақыл-ес, сезім-парасат, білу-түсіну
сияқты кешенді таным процесінің нәтижесін білдіреді. Интеллектуалды адам өзінің
интеллектісін оқу, білім алу, тәжірибе жинақтау арқылы жетілдіріп, өзін және қоғамды
дамыту үшін, жаңа жағдайларға сай бейімдеп қолдануға қабілетті. Интеллектуалды тұлға
болса, түрлі тақырыптарда еркін пікірлесе алатын, жаңашыл-шығармашылық тұрғыда
өзіндік білім алуға дайын, интеллектуалды қабілеті дамыған тұлға. Интеллектуал болса,
интеллектісі жоғары дамыған, талдамалық қабілетке ие, интеллектуалдық еңбекпен
айналысатын адам. Интеллектуалдар ғылыми жаңалықтарды ашуға, өнертапқыштық
жобалар жасауға икемді келеді. Интеллектуалдардың еңбегі арқылы туындаған
9
жаңалықтарды бүкіл қоғам, тіптен, барша адамзат пайдаланады. Кез келген ғылыми
жаңалықтың қайнар бастауында қандай да бір интеллектуал тұр. Батыстық қоғамтануда
«интеллектуал» ұғымын қолдану «интеллигенция» ұғымына қарағанда кең таралған.
Негізі, ХVIII ғасырға дейін еуропалықтар көзі ашық, сауатты адамды интеллектуал деп
атағанын айта кеткен жөн, өйткені, ол заманда халықтың басым бөлігі қараңғы болатын.
Ағартушылық жұмыстың жандануынан Еуропада сауаттылық деңгейі артып, бұл өз
кезегінде халықтың интеллект деңгейінің артуына игі ықпал етті. Содан бастап,
интеллектуал деген атқа асқан оқымыстылар, дарынды ойшылдар мен ғалымдар ғана
лайық болды. Қазір де интеллектуал ретінде теориялық ілімді, идеяны және символдарды
кәсіби түрде жасаумен, дамытумен, таратумен айналысатын адамдар танылады.
«Интеллектуал» ұғымы С.И. Ожеговтің орыс тілінің түсіндірме сөздігіндегі
«интеллектісі жоғары дамыған ақылды, рухани адам» делінген тар мағыналық сипаттағы
кең ұғым. Бұл – тек адамдардың, топтың ақылдық жағының өлшемі ғана емес,
біліктіліктің, жоғары білімділіктің, өз ісінің маманы сияқты сипаттардың көрсеткіші.
Сондықтан «интеллигенция» және «интеллектуалдар» ұғымы бір мағынада қолданылып,
тек
Еуропа
қоғамындағы
мәдени,
әлеуметтік
ерекшеліктерді
белгілеуде
айырмашылықтары болған деуге негіз бар. Сондай-ақ, «интеллигенция» деп белгілі бір
әлеуметтік топты айтса, «интеллектуал» деп нақтылы бір интеллектуалды жұмыс
саласында айтарлықтай жетістікке жеткендерді атаған.
Интеллектуалды әлеуетті тұлға – адамгершілік және ұлттық құндылықтарға
негізделген жаңа және арнайы мамандандырылған білім көздерін жоғары дәрежеде игеру
арқылы пайда болған білім, білік, құзыреттерді өзінің, ұлты мен Отанының мүддесіне
жарата алатын азамат. Ал интеллектуалды ұлт – интеллектуалды тұрғыдан адамгершілік,
мәдени қасиеттерді меңгерген, өзінің ғылыми, мәдени, білімі мен білігін еркін тарату
әлеуетіне ие бәсекеге қабілетті ұлт. Интеллектуалды ұлтты қалыптастыруда біздің
міндетіміз интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру екенін есте ұстауымыз керек. Біз
тарихтан сабақ ала білуіміз қажет, тарихты тұлғалар жасайтыны, бір ғалымның ашқан
жаңалығы барша адамзаттың тағдырын өзгертетінін ұмытпайық. Жеке адамды, оның
ішінде, талантты, нағыз интеллектуалдарды дамытуға жағдай жасауымыз қажет.
Интеллектуалды ұлт болуымыз үшін интеллектуал жеке адамдарымыз көп болуы шарт.
Біздің инновация деп жүргеніміз батыста әлдеқашан пайда болған дүниелер.
Елбасымыз инновация дегенде, шетелден көшіріп алуды айтқан жоқ. Елбасымыз
отандық зиялы қауым өкілдеріне батыстық білімді пайдалана отырып, әлемде теңдесі
жоқ жаңа ғылыми жаңалықтарды ашыңдар деп отыр. Инновация дегеннің өзі
ағылшынша –
innovation,
қазақша
жаңашылдық
деген мағына береді. Тиімділікті
арттыру, сапаны жақсарту, немесе заман талабына сай келетін жаңа ілім, технология,
техника жасау. Инновация да адамның интеллектуалды еңбегінің, қиял-фантазиясының,
шығармашылығының, өнертапқыштығының, рационализаторлық ізденісінің нәтижесі
болып табылады. Инновация ретінде өз заманындағы бу машинасының, іштен жану
қозғалтқышының, радио, телеграф, теледидар, факс, интернет сияқты техника мен
технологиялардың туындауын мысалға келтірсек болады. Қазіргі кезде Майкрасофт
бағдарламасын жасаушы Бил Гейтс, Apple компаниясын жаңа белеске көтерген Стив
Жобс, Фейсбукті жасаушы марк Цукерберг, Гугл компаниясын жасаушы Стэнфорд
университетінің студенттері болған Ларри Пейдж мен Сергей Брин сияқты
интеллектуалдар көптеп кездеседі. Қазіргі заман – ақпарат ғасыры, қоғам да ақпараттық.
Енді шығыс елдері интеллектуалдық дамуда қалай жол тапты деген мәселеге тоқтала
кетсек. Батыс, батыс деп тамсанамыз. Сонда Шығыс Азия елдері артта қалып отыр ма?
10
Жапон, Қытай, Сингапур, Малайзия, Индонезия, Оңтүстік Корея сияқты шығыс елдері
қазір Батыстан озып кетті. Батыстық ілім мен жапондық рухты ұстанған Жапония,
ұлттық-коммунистік-капиталистік-батыстық синтезді ұтымды дамытқан Қытай,
географиялық факторын пайдалана біліп, медицина мен фармацевтикадан әлемге
танылған Индия, бірде-бір табиғи байлығы жоқ болса да өзіндік даму жолын тапқан
Сингапур үлгілері кімді болса да таңқалдырады.
Жапондардың басты ұлттық ерекшеліктерінің бірі – дәстүршілдік пен еңбекқорлық.
Олар жан-жақты жаңаруға қандай құштар болса, дәстүрді сақтауға да сондай адал,
қоршаған дүниені қандай әсемдікпен сезінсе, еңбекке де сондай сүйіспеншілікпен
берілген.
Қазіргі кезде қазақстандық жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтардың
материалдық-техникалық базалары, ғылыми әлеуеті күннен-күнге дамып келеді. Қазақ
жастарының білімге ұмтылу талабы да таудай, тек ғылыми-техникалық үдерістегі артта
қалушылық интеллектуалдық өреден емес, көбіне технологиялық кенже қалушылықтан
екені де рас. Еліміз индустриялық-инновациялық дамумен қатар, жасыл экономика
құруға барынша талпынуда. Астанада 2017 жылы ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі
«Болашақтың энергиясы» деген ұранмен өтті. Мұның барлығы «Интеллектуалды ұлт-
2020» бағдарламасының іске асуымен тығыз байланысты.
Дегенмен, бізде интеллектуалдық дамуда айтарлықтай кемшіліктер де баршылық.
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының
Жолдауында алдағы 10-15 жылда ғылыми негізде экономикалық базис жасауымыз керек,
онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз, мұны дамыған ғылым
арқылы шешуге болады деп көрсетілген. Ғылыми қамтымды экономика құру – ең
алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Жолдауда ғылыми қамтымды салалар
– электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар
жасау, геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығу, автомобиль және
авиақұрастыру, тепловоз, жолаушылар және жүк вагондары өндірісі, мобильді,
мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникасы, гендік
инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашу, агроөнеркәсіп кешенін
инновациялық бағытқа түсіру, «Жасыл» экономикаға көшу, аграрлық-инновациялық
кластерлер құру т.б. деп нақты анықталған. Енді осы міндеттерді қалай жүзеге
асырамыз? Отандық ғылым мұндай міндеттерді шешуге даяр ма?
Қазақстандық ғылым да өздігінен дамымайды, оны дамытатын ғылыми қызметкерлер
мен жоғары оқу орындарының (ЖОО) профессорлық-оқытушылық құрамы. Өйткені,
бүгінгі білімді студент – ертеңгі ғалым. Ал енді осы қазақстандық ғылымды дамытады
дейтін ғалымдарымыздың хал-ахуалы қандай, оларға ғылыми-зерттеу жұмыстармен
айналысуға қажетті жағдайлар жасалған ба? Бұл сұрақтарға жауап іздеу үшін жүйелі
талдау жасау қажеттігі туындайды, себебі отандық ғылымның дамуына тұсау болып
отырған проблемалар өте көп, тіптен, кейбір мәселелердің шешімі тәуелсіздік алғалы
бері табылмай, әбден қордаланған.
Дамып бара жатқан батыс пен шығыстың алып мемлекеттерінің тәжірибесіне
қарасақ, олар ғылымға көңіл бөлу арқылы жан-жақты дамуға қол жеткізіп отырғанын
байқаймыз. Мысалы, АҚШ ғылымды дамытуға жыл сайын 400 млрд доллардан астам
қаржы жұмсайды, бұл АҚШ ішкі жалпы өнімінің (ІЖӨ) 2,7 % құрайды. Бүкіл әлем
бойынша ғылымды дамытуға жұмсалатын қаржының 34 % АҚШ үлесінде болса, 26 % -
Еуроодаққа, 14 % - Жапонияға тиесілі екен. Соңғы жылдары Қытай мен Үндістан да
ғылымға ІЖӨ 2 % бөлігінен астам қаржы бөліп, инновацияға баса назар аудару арқылы
11
дамудың жаңа сатысына көтеріліп отыр. Дамыған елдердің қатарына ену үшін Қазақстан
әлемдік үрдістен қалмауы тиіс. Сондықтан, Елбасымыз жаңа жолдауында қазақстандық
экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру мен ғылымды
қаржыландыруды ІЖӨ 3 % кем емес деңгейге дейін арттыру талабын қойып отыр.
Әрине, қаржылық қолдау қазақстандық ғалымдардың мүмкіндігін кеңейтіп, жаңа
ізденістер жасауына, белсенді шығармашылықпен айналысуына игі ықпал етері сөзсіз.
Әзірге бұл көрсеткіш соңғы бес жылда 0,15-0,17 % аралығында тұр, яғни, Қазақстан
ғылымды дамытуға ІЖӨ көлемінен көзге көрінер-көрінбес - 0,2 % жетпейтін қаржы
бөледі. Бұл өте аз көрсеткіш.
Достарыңызбен бөлісу: |