МҚ – ын оқыту сыныбының басты жүйелік компьютеріне орналастыру керек деп жорамалдайық, ал басқа компьютерлерге тек қана бағдарламаны ғана қоямыз (файл – сервер әдісі).
Бағдарламаны ашу барысында ол әр дайым оқыту компьютерлерінде МҚ – ын іздеу жайлы диалогты терезесін шығарып отырады, қолданушыға ол кедергі туғызады.
Осы жағдайдын алдын алу шартына INI-файлын қолдану болып табылады.
Бұл файлдар көптеген ОЖ Windowsта басқа да бағдарламаларды құру жағдайда қолданылады.
Delphi – да INI-файлмен жұмыс «TIniFile» классының «inifiles» модулі арқылы жүзеге асады.
INI –файлдарында секциялар мен кілттер бар, оларды аттары арқылы табады. Windows папкасынан TELEPHON.INI мәліметтер файлын мысалға келтірейік:
[Providers]
NumProviders=2
NextProviderID=3
ProviderID0=1
ProviderFilename0=UNIMDM.TSP
ProviderID1=2
ProviderFilename1=WAN.TSP
[Provider1]
NumLines=1
NumPhones=0
[HandoffPriorities]
RequestMakeCall=DIALER.EXE
Құрылған файлда 3 секция - [Providers], [Provider1] және [HandoffPriorities] бар екендігін көреміз. Секция аттары тік төртбұрышты жақшаға алынған. Секциялар ішінде кілттер орналастырылған, әрбір жолдын теңсіздіктен кейін сол жағынан кілттің аты, ал оң жағынан оның мағынасы.
Кесте 5 – Негізгі TiniFile кластарына
Create
|
Ini-файлын оқу немесе жазу үшін ашу
|
Free
|
Ашылған Ini-файлын жабу
|
UpdateFile
|
Файлдан дискіге берілген мәліметтерді жаңарту
|
SectionExists
|
Берілген секцияда файлдын бар екендігін тексеру
|
ValueExists
|
Берілген секцияда кілттін файлда бар екендігін тексеру
|
ReadSections
|
Барлық секциялар бар екендігін алу
|
EraseSection
|
Берілген секцияны оның барлық кілттерімен жою
|
DeleteKey
|
Берілген секцияда кілтті жою
|
ReadSection
|
Берілген секцияның кілттерін алу
|
ReadSectionValues
|
Берілген секцияның барлық кілттерінің (аттарымен) мағынасын алу
|
ReadString
|
Жолдық мағынадан кілттер арқылы берілген секцияның оқу
|
ReadBool
|
Логикалық мағынадан кілттер арқылы берілген секцияның оқу
|
ReadDate
|
Кілт арқылы берілген секцияда күнді оқу
|
ReadDateTime
|
Кілт арқылы берілген секцияда күнді және уақытты оқу
|
ReadFloat
|
Кілт арқылы берілген секцияда анықталғанды оқу
|
ReadInteger
|
Кілт арқылы берілген секцияда бүтін мағынасын оқу
|
ReadTime
|
Кілт арқылы берілген секцияда уақытты оқу
|
WriteString
|
Кілт арқылы берілген секцияда (жаңару) жолдық мағынасын жазу
|
WriteBool
|
Логикалық жазбаны берілген секцияның кілтіне жазу
|
WriteDate
|
Күнді берілген секцияның кілтіне жазу
|
WriteDateTime
|
Уақыт пен күнді берілген секцияның кілтіне жазу
|
WriteFloat
|
Анықталғанды берілген секцияның кілтіне жазу
|
WriteInteger
|
Бүтін мағынаны берілген секцияның кілтіне жазу
|
WriteTime
|
Уақытты берілген секцияның кілтіне жазу
|
Қадам 2 – INI-файлын құру
Delphi менюінде File, New - ді таңдаңыз да шыққан диалогты терезесінде «New» - дан «Text» белгісін таңдап, «OK» басыңыз.
Код редакторында 2 бетті көресіз, олардын біреуі «File1.txt» болып аталады:
12-сурет – Файлды көрсету
Delphi менюінде File, Save As таңдаңыз да, пайда болған диалогты терезеде жаңа мәтіндік файлды осы папкада сақтаңыз, «MyWorld.INI» аты арқылы сақталған «MyWorld» проекті орналасқан жерде:
13-сурет – Сақтау терезесі
Енді мәтіндік редакторда MyWorld.INI бетінде төмендегі екі жолды басыңыз,
[Database]
PathBase=C:\Мои документы\Temp\BDMyWorld.mdb
«Сохранить» батырмасын басыңыз.
INI–файлын құрдық, онда бір секция – Database және бір кілт – PathBase бар. Осындай файлды «Блокнот» бағдарламасы арқылы құруға да болады, бірақ Delphi де құрған ыңғайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |