Қашықтықтан оқыту формасы бұл телекоммуникациялық жүйелер мен заманауи ақпараттық білім беру технологияларының көмегімен білім беру мекемелеріне бармай ақ оқытудың түрі. Қашықтықтан оқыту дегеніміз сырттай білім алу, өз өзін оқыту, жұмыс сапасын жақсарту және мамандарды қайта даярлау, «ашық» түрде оқыту жүйесі.
Қашықтықтан оқыту оқытудың дәстүрлі принциптерімен салыстырғанда мүлдем басқа әдістерге сүйенетін дидактикалық әдістердің жиынтығы. Алайда оқытушының білім алушыдан қашықтықта болуы қашықтықтан оқыту жүйесінің ең дамыған түрінде де үлкен мәселелерді туындатады. Сондықтан да барлық кезде оқытудың дәстүрлі түрі қашықтықтан оқыту жүйесінен бір саты жоғары тұрады.
Алайда білім берудің кейбір салаларында заманауи телекоммуникациялық технологиялар оқушыларға оқыту ақпараттарын және білім алу ресурстарын кеңінен пайдалануға мүмкіндік беріп, дәстүрлі түрмен салыстырғанда көптеген пайдалы жақтарға ие болады.
Қашықтықтан оқыту жүйесі жоғарғы оқыту орындарында, білім беру сапасын жақсарту және мамандарды қайта даярлау үшін қолданылады. Оның арқасында адам өз жұмысынан қол үзбей ақ өз білім алу жүйесін ыңғайлы етіп, барлық ақпаратты өз еркімен қолдана алады.
Қашықтықтан оқыту жүйесі әсіресе мүгедек оқушыларға үлкен мүмкіншіліктер береді. Заманауи ақпараттық білім беру технологиялары көзі нашар көретін, құлағы нашар еститін және қимылдау органдары дұрыс жұмыс істемейтін оқушыларды оқытуға жол ашады.
і. Мультимедиялық бағдарламаларға сүйенген қашықтықтықтан оқыту жүйесі. Мұндай бағдарламалар белгілі бір себептерге байланысты мектеп қабырғасында білімдерін жалғастыра алмай қалған үлкен жастағы адамдарға арналған.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің үлгілерінің мақсаттары:
Білім беру бағдарламаларының көмегімен білім алушылардың білімін кеңейту;
Арнайы емтихандардың нәтижесімен оқуды аяқтағаны үшін аттестатқа немесе жұмыс сапасының жақсарғанын білдіретін арнайы деңгейге ие болу;
Мектеп және жоғарғы оқу орындарының студенттеріне әр түрлі бағыттар бойынша сапалы білім беру.
Энциклопедиялар үлгісі текстті тарату, ақпараттың көлемін азайту, ақпараттың ерекшеліктерін көрсету сияқты жұмыстарды орындайды. Электронды энциклопедия фотосуреттер, дыбыстар, музыкалық мәліметтер мен видеофрагменттерді қамтиды.
Компьютерлік слайд фильмдерінің (КСФ) үлгісі: КСФ дыбыс, музыка, кинофрагменттерді қамтиды. Олар үзіліссіз тамашалауға арналған.
Виртуалды әлем үлгісі (ВӘ) әр түрлі объектілерінің, қала аумағының, музей залының, көрмелердің т.б үш деңгейлік электронды үлгісі болып саналады. Олардың әсерімен адам өзін музей залында жүргендей сезінеді.