Оқу кестелері (плакат, схема, диаграмма, графика және т.б.). Бұлардың барлығы да білім берудің жазықтықтық сипаттағы материалдық құралдары болып саналады. Олар зерттелетін объектілер және құбылыстар жайында, дәлірек айтқанда олардың құрылымы, өзіндік қасиеттері, белгілі бір ұғымдарды, дағдыларды, тәжірибені калыптастыруға қажетті түрлі операциялар мен іс-әрекеттерді орындау кезіндегі қолданатын әдістері мен тәсілдері жайындағы толып жатқан ғылыми мәліметтерді нақты көрнекілік тұрғыдан бере алады.
Оқу кестелеріне қалыптасқан дәстүр бойынша оқу барысында көрсетілетін құралдарды жатқызамыз, алайда соңғы уақытта үлестірілетін материалдар түріндегі кестелер сериялары (әсіресе, анықгамалық мазмұндағы) кеңінен қолданыс таба бастаған сияқты.
Оку құралдарының экрандық және экрандық-дыбыстық құралдары. Оқу кестелерінен кейінгі білім беру тәжірибесінде кеңінен қолданылатын оқу құралдарының бірі - экрандық және экрандық-дыбыстық құралдардың әр түрлері болып есептелінеді
Оқудың экрандық және экрандық-дыбыстық жұйесін қалыптаскан дәстүр бойынша оқу пәндері мен пәнаралық курстар шеңберінде жасайды. Оларды жасауға байланысты қойылатын бастапқы талаптар, ең бірінші кезекте, бір жағынан сол пәннің өзіндік ерекшеліктерінен, ал екінші жағынан белгілі бір оқу сәттерінде туындайтын аудиовизуальдық көрнекіліктің табиғи қасиеттерінің ерекшеліктерінен келіп туындайтын біздің назарымыздағы көрнекілік тобының тақырыптық жұйесін айкындап береді.
Диапозитивтер (слайдтар) - бұлар статикалық экрандық көрнекілік құралдардың қатарына жатады. Олар оқылатын пәннің өзіндік ерекшелігіне байланысты көп мәселелерді қамтиды. Диапозитивтегі бейнелер плакаттардағы бейнелерге қарағанда әлдеқайда жақсы қабылданады, өйткені экран көлемінің ұлкен болуы мен оған түсірілетін жарыққа байланысты бейнелердің көріну сапасы өте жоғары болып келеді.
Диапозитивтер қолдануға өте тиімді болып келеді және олардың көмегімен кадрлардың көрсетілу ретін қалаған кезде өзгертуге де, ал қажет болмаған жағдайда серияларды толық көрсетпеуге де мүмкіндік аламыз. Сөйтіп оқытушы диапозитивтегі серияларды өзінің әдістемесіне сәйкес тұрлі оқу жағдайларында кеңінен қолдана алатын болады.
Диапозитивтер көмегімен бейнені, графикалық схеманы, символикалы және тексті информацияларды көрсетуге болады, олар қара - ақ, тұсті де болуы мұмкін.
1. Диафильмде берілетін оқу материалының әрбір кадры бір-бірімен логикалық қатынаста болу керек.
2. Диафильмдегі оқу информациасының көлемін анықтағанда есте болатын жағдай; оқушының психофизиологиялық қасиетіне тән 45 мин не бары 12 кадр көрсетілуі тиіс.
3. Егер диафильм жасағанда текстер жазатын болсаңыз, оның оқушыларға әсері болуы үшін, олар 3 қатардан, ал әр қатардағы әріптер мен тыныс белгілерінің саны 52-ден аспауы қажет.
4. Тұсірілетін материалды ұлкен не орташа планмен түсірген дұрыс.
5. Дыбысты диафильм жасағанда әрбір бейнемен дыбыс тығыз байланыста болуы керек. Диктор тексті қысқа, түсінікті болуы керек.
6. Диафильмнің фотографиалық сапасы Мемлекеттік стандарт талабына сай болуы тиіс.
Диафильмдегі кадрлар ретінің өзгеруі оның мазмұнының логикалық құрылымының бұзылуына, хабарларды тұтастай қабылдауға әкеліп соғады. Көрнекі құралдардың осы түрінің дидактикалық қасиеттері диафильмдердің түрлі варианттарын жасаған кезде айқындала бастайды. Атап айтқанда доминанттық иллюстрациялар, проблемалық, нұсқаулық функциялар; тұтастай немесе фрагменттік құрылым.
Диафильмдерді қолдану барысында хабарлар легінің соншалықты көп болуы айтарлықтай қиындықтар туғызады, нақтырақ айтсақ оқу бағдарламаларының көлемі шамадан тыс ұлғайып кетеді де, соның салдарынан сабақты өткізуге қосымша уақыт бөлуге тура келеді. Бұл кемшіліктің орнын диафильмдерді фрагменттік жолмен көрсету арқылы жоюға болады.
Өз кезегінде транспаранттар да статикалық экрандық оқу құралдарына жатады. Транспаранттарды қаранғылықсызақ графопроекторлардың көмегімен көрсете білу көрнекі кұралдардың осы түрінің өзіндік артықшылығы болып саналады.
Транспаранттарды алғашқы кездерде сынып тақталарының орнына пайдаланып келді. Сондықтан да болар ленталық фолилер оқу процесінде осы уақытқа дейін кеңінен қолданылып келеді. Оқытушы оқушымен қатар отырып тақырыпқа байланысты экранда көрсетілетш көріністердің мән-мағынасын түсіндіру мақсатында қажетті жерлерін жазып отырады. Тақырыпты түсіндіру барысында оқытушы қажетті көріністерді таңдап алады, оқушылардың дәл осы сәттегі жұмыстарына басшылық жасайды, оларды белгілі бір танымдық есептерді шешуге (салыстырмалар келтіру, талдау, синтез жасау, схемалардағы немесе кестелердегі хабарларды толықтыру және т.б.) араластырады.
Транспаранттардың көмегімен қажетті хабарларды алудың тағы бір жолы - бір кадрдан екінші кадрға іле-шала көшіп отыру болып саналады. Сөйтіп, оқушыларға хабарларды бірден емес, біртіндеп жеткізуге мұмкіндік туады, ал бұл шараның логикалық қорытындысының шығарылуы ең соңғы кадрдің көрсетілуіне байланысты болады. Сонымен, тарнспаранттарға кейбір динамикалық қасиет тән деп айтуға негіз бар сияқты, ал оның үлгілік оқу тұжырымдарын қалыптастыруда атқаратын рөлі зор болып келеді: заттардың құрылымы, машина мен аппараттардың құрылысы, тірі объектілердің құрылымын көрсету; электр тогының тигізетін әсерімен таныстыру, двигатнльдің жұмыс циклдері, молекулалар мен атомдардың өзара әсерлері, графикалық бейнелердің құрылысы және т.б.
Эксперимент және практикалық жұмыстар ұшін пайдаланылатын оцу цұралдары, қондыргылар, саймандар, зертханалық жабдықтар оқу құрал-жабдықтары жұйесінің ең маңызды бөлшегіне айналған.
Тренажерлар - өндірістік-оқу процесіндегі қалыптасқан еңбек (өндірістік) жағдайларды қайталауға мұмкіндік беретін оқудың техникалық құралдары болып табылады.
Тренажерлар окушылардың бойында технологиялық проце-стерді басқарудың өндірістік тәжірибелерін қалыптастырудың тиімділігін арттыруға, техникалық объектілердегі істен шыққан құрал-жабдықтардың себептерін анықтауға, кұрделі еңбек про-цестерін орындауға және т.б. мұмкіндіктер туғызады. Қазіргі кезде автомобильдердің жұргізушілерін, энергетикалық және хи-мия-технологиялық қондырғылардың операторларын, металды пісірушілер мен тұрлі мамандықтар бойынша жұмысшыларды дайындауда тренажерлардың неше тұрлері қолданылады.
Өндірістік-оқыту құралдары - өндірістік-оқу шеберхана-ларын, олардағы орналаскан кұрал-жабдықтарды, қосымша қызмет орындарын қамтитын өндірістік окудың материалдық-оқу базасының негізі болып саналады.
Оку (өндірістік-оку) шеберханалары кәсіптік білім беретін оку орындарының кұрамдас бір бөлігіне жатады және ол окушылардың белгілі бір мамандықты игеру мақсатындағы өндірістік окуы мен шаруашылық есептің бастапқы кезеңіндегі өндірістік қызметтің жұзеге асырылуына тікелей ықпалын тигізіп отырады.
Оку шеберханаларындағы өнімдерді дайындау, өндірістік тап-сырмаларды, дәл осындай жұмыстарға сәйкестендіре отырып, халыққа қызмет ету тапсырмаларын, одан қалды өндірістік оқу бағдарламаларының талаптарынын туындаған тапсырыстар мен оның тапсырмаларды орындау процесі барысында оқушылардың кәсіби тәжірибелері мен қабілеттері калыптасады.
Информатизация бiлiм үшiн жаңа мазмұнның оқу барысына және жаңа технологиялардың енгiзуi жай ғана ретiнде едәуiр көп бiлдiредi. Информатиканың дамытуын деңгей мемлекеттiң дамытуын деңгей қазiргi әлемде мiнездейдi.
Информатизацияның бағдарламаларынан ресей федерациясындағы бiлiмдерi
Мультимедиа - компьютер алуы керек: - тығыз-диск үшiн дисковод; - дыбыстық жазуларды шығаруға мүмкiндiк беретiн дыбыстық картаны, сонымен бiрге (НОТ электрондық аналог) MIDIнiң қалып жазып алған музыканы синтез жасау; - 65 536 түстерi бар 480 нүктелердiң 640 холарының шешуi бар бейнережимiндегi минимум пердеде сияқты жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн видеожүйенi; - программалық, немесе аппаратты, MPEG - 240 нүктелердiң 352 холарының шешуi бар CD-Videoнiң стандартындағы видеодисктерi және в/стың 30 кадрларының жиiлiгi бар 32 768 түстерiмен кадрлардың рұқсатнамаларысыз қарап шығынуға мүмкiндiк беретiн 1 декодер. Дыбыстың көшiрмелерi үшiн басқа аталған (баған ) дыбыстық жүйе немесе құлаққап әлi қажеттi. Ойын, интернет, дизайнер бағдарламалары, фотосуреттердiң кiтапханасы, музыканың жасауы және тағы басқалар CDқа бейне фильмдер, музыка компьютердiң барлық мультимедиа мүмкiндiк iске асыратын қазiргi компьютер орталығы.), сүзiп шығу кез келген материалдар, олардың басып шығаруын қажеттi.