1. Синхронды оқыту дегеніміз не?



бет20/58
Дата04.10.2022
өлшемі1,35 Mb.
#151692
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58
Байланысты:
Ббцт емтихан жауаптары

Электронды пошта (ағылшАғылшын тілі.Ағылшын тілі Email, e-mail яғни electronic mail) – технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық). Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, әбсәтте келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады.
Гиннес рекордтар кітабының (2013) мәліметіне cәйкес күніне 294 миллиард email жіберіледі.
Іздеу жүйесі — мәліметті Интернеттен іздеу мүмкіндігін ұсынатын веб-торап. Іздеу жүйесінің басым бөлігі мағлұматты Әлемдік өрмек сайттарынан іздейді, алайда файлдарды ftp-серверлерден, тауарларды интернет-дүкендерінен, сондай-ақ мәліметті Usenet жаңалықтар тобынан іздей алатын жүйелер де бар. Соңғы уақытта түрлі XML-деректер ішінде RSS технологиясына негізделген іздеудің жаңа түрі пайда болды.
Цифрлы технологияның дамуы
Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс екеніміз айтылған. Сондай-ақ, 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керектігі назарға алынған. Елімізде жаңа технологияны жетік меңгере түсу үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Ол 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру.Екінші бағыт – көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда экономиканың салаларына цифрлы технологияны ендіру.Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және төртінші бағыт – IT-мамандарды даярлау.
Интернет желісі қолжетімді болу үшін облыс, аудан орталықтарынан бөлек, шалғайдағы ауылдарға да қолайлы жағдай жасалуда. Мұның барлығы санды технологияны ендіру үшін жасалған қадамдар болатын. Сондай-ақ, ұлттық жерсеріктік «OTAU TV» теле-радиохабар тарату желісі іске қосылып, отандық арналардың аудиториясы кеңейіп, мүмкіндігі арта түсті. Нәтижесінде республикамыздың әрбір аймағынан хабар тарататын облыстық телеарналарды еліміздің кез келген өңірінен көруге болады. Бұрын тек Астана мен Алматы сияқты үлкен қалаларда ғана көрсететін арналарды тамашалайтын мүмкіндік туды. Алдағы уақытта қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі жұмыстар жалғасатын болады. Елімізде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде.«Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана IT саласын ғана емес, сондай-ақ, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. Бұл ретте әлемдік деңгейдегі жетістіктерді ескеруіміз қажет. Бірде-бір газеті немесе телевидениесі жоқ «Facebook» әлемдегі басты медиа топ болып табылады. Ал, «Alibaba» деп аталатын жер бетіндегі ең үлкен сауда жүйесінің не дүкені, не сауда орны жоқ. Олар электронды саудамен айналысады. Мемлекет басшысы онлайн сауда мен мобильді банкинг дегенде елдің назарын осыған аударып отыр. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында IT-секторының үлесін 2020 жылға дейін 5 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл дегенің IT-секторында 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады деген сөз. Еңбек өнімділігі 37 пайызға жеткізіледі. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру да басты міндет, ол 85 пайызға дейін жеткізілетін болады. Облысымызда да сәйкесінше тиісті жұмыстар атқарылмақ. «Microsoft» компаниясы еліміздің цифрландыру саласындағы бастамаларға қолдау көрсетуде. Осы компания біздің аймақта да төрт бағыт бойынша жұмыс жасауға ниетті. Олардың ішінде денсаулық, білім және ақылды қала жобалары бар. Жаңа технологиялардың артықшылығы жеткілікті. Мәселен, ғаламтордан тамашалап жүрген ақылды үйлерде бәрі оңай басқарылады. Екі алақанды бір-біріне соғу арқылы жарық қосылса, теледидарды дыбыспен өшіріп-сөндіруге болады. Сол сияқты ас бөлмесі мен жуынатын бөлмеде де осы секілді кереметтерді жасауға болады. Қолыңды созсаң судың ағатынын өз көзімізбен көрдік. Бірақ, бұл дәл қазір біз өмір сүріп жатқан қоғамда болып жатыр. Оған ілесу үшін біз барынша білімімізді жетілдіріп отыруымыз қажет. Мұнымен қоса жаңалықтарды уақытында қабылдау да маңызды. Қазір ақпараттың жылдам тарайтын заманы. Әлем бойынша бір секундта 10 сайт ашылады екен. Тіпті, бір дегенде үш миллион хат жіберіледі. Бір сөзбен айтқанда, цифрлы жүйе әлемдік көшке ілесу үшін қажет.
«Ақпарат кімнің қолында болса, әлем соның қолында» деген қанатты сөзді тарих белгілі банкир Нотан Ротшильдтің аузына салды. Осыдан екі ғасыр бұрын айтылған сөз
өзектілігін жойған жоқ. Керісінше, күн өткен сайын өміршеңдігін айғақтай түсуде. Бүгінгі әлемнің әр қадамы ақпаратпен байланысты екенін ескерсек, оның болашағы да цифрлық ақпаратқа тәуелді болары сөзсіз.
Мемлекет басшының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер» Жолдауының жүзеге асуының маңызды факторы – цифрлық технология. Біздің санамызда цифрлық технология ұғымы күнделікті пайдаланылатын компьютер немесе ұялы байланыспен шектеліп қалмауы тиіс.
Инновациялық технологияның мүмкіндігі – шексіз. Соны қоғамның барлық саласына енгізетін, азаматтардың санасына жеткізетін уақыт келді. Елбасы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын айтқанда мемлекет пен бизнес өзара әрекеттесе отырып, кәсіпкерлердің цифрлық технологияларды енгізуіне қолайлы жағдай жасау керектігін тілге тиек еткен-тін. Мемлекет басшысының тапсырмасы бүгінде жүзеге асырылып жатыр. Деректер бойынша, аймақтың білім беру саласының 48%-ы, денсаулық сақтау саласының 68%-ы цифрлық технология мүмкіндіктерін пайдалануда. Мәселен, біздің облыстың денсаулық сақтау саласындағы автоматты дистанционды ақпараттық жүйе – инновациялық жобалардың бірі. Облыс орталығындағы ауруханалар мен емханалар кешенді медициналық ақпараттық жүйеге қосылған. «DamuMed» арнайы мобильді қосымшасының қолданушылары облыс бойынша – 60 мың. Ол арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуға, зертханалық талдауларды қадағалауға, «SOS» батырмасын басу арқылы шұғыл көмек шақыруға болады. Сонымен қатар, емделушілердің электронды картасы жүргізіліп, дәрі-дәрмек жазбалары, зертхана нәтижелері электронды түрде беріледі.
Оқушылардың үлгерім журналы электронды күнделікке айналғалы көп бола қойған жоқ. Бұл e-Learning – елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолға алынған, бүгінгі күні жемісін берген жоба. Ресми деректерге сүйенсек, осы қанатқақты жоба аясында электронды күнделік жүйесін пайдаланатын мұғалімдер саны қазір 174 мыңнан асқан, сондай-ақ, 1,4 млн. оқушы мен 854 мыңнан астам ата-ана қолданады. Енді цифрлық технологияларды дамыту үшін ІТ мамандарын тарту және оларды даярлайтын оқу орындарының базасын нығайтуды қолға алу қажет. Бұл мәселенің шешімі Елбасы өзінің «Президенттің бес әлеуметтік басымдығы» үндеуінде айтқан оқу гранттарының санын 20 мыңға арттыру тапсырмасында жатыр. Елбасымыз: «… Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады» – деп нақты көрсетті.
Осы арқылы төртінші өнеркәсіптік революцияны жүзеге асыратын, цифрлық Қазақстанды алға қарай ілгерілететін техникалық бағыттағы мамандарды даярлауға басымдық береді. Цифрлық теxнологияларды қабылданып жатқан шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етудің бір құралы ретінде айта кеткен абзал. Маңызды шешімдер қабылданғанда халық пікірталасқа қатысып, өз ұсыныстарын жасай алады. «Ашық диалог» немесе «кері байланыс» арқылы түрлі деңгейдегі шенеуніктерге сұрақ қойып, жауабын ала аламыз. Жалпы, елімізде ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға енгізу жұмыстары осыдан 10 жыл бұрын қолға алынған. Оның жарқын мысалы – «eGov» жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі. Осы жүйе арқылы жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жасай аламыз. Құжат рәсімдеу, коммуналдық төлемдер, салық, айыппұл төлеу, сақтандыру және басқа да


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет