Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Қоғамдық денсаулық сақтау-2 кафедрасы ДӘріс кешені



бет1/3
Дата25.02.2018
өлшемі444,33 Kb.
  1   2   3
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Қоғамдық денсаулық сақтау-2 кафедрасы

ДӘРІС КЕШЕНІ

Пән «Денсаулық сақтаудағы менеджмент негіздері»
Мамандық 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Курс -2

Шымкент-2014 ж.

Дәріс кешені кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді.

Хаттама № «____» ______________2014 г.

Кафедра меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор м.а.: А.М.Жақсыбергенов

1



  1. Тақырып: Қазақстандық қоғам мен мемлекеттің құндылықтары мен басымдықтары жүйесіндегі денсаулық жəне денсаулық сақтау. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесін дамытудың қазіргі проблемалары мен перспективалары.

  2. Мақсаты: Қазақстандық қоғам мен мемлекеттің құндылықтары мен басымдықтарыжүйесіндегі денсаулық сақтау түсінігін оқыту. ҚР денсаулық сақтау жүйесін дамытудың қазіргі мәселелері және перспективаларын оқыту. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

  3. Дәріс тезистері:

Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі

Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақмерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерініңматериалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз.

Негізгі басымдықтар:


  •  Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету.

  •  Аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету.

  •  Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою.  

  •  «Смарт-медицина», қашықтан профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу. Медицина қызметтерінің бұл жаңа түрлері біздікі сияқты аумағы үлкен, кең байтақ елде ерекше сұранысқа ие.  

  •  Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажетБарлық 16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызметтің барлық спектрімен қамту қажет деп ойлаймын. Оны ең төменгі өмір стандарттарына заңнамалық тұрғыданбекіту қажет. Бұл қадам ұлт денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды үлес болады. 

  •  Медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту. Медициналық жоғары оқу орындары жүйесі мамандандырылған орта деңгейдегі білім беру мекемелері желісі арқылы нығайтылуы тиіс.

Күнделікті тәжірибе оқу процесімен барынша ықпалдастырылуы тиіс. 

  •  Медициналық жоғары оқу орындары жұмысының тәжірибелік ғылыми-зерттеушілік бөлігіне басты маңыз беру. Адамзаттың жаңа білімдері мен технологиялық жетістіктерін шоғырландыратын жоғары оқу орындары болуы тиіс. Мысал ретінде, ірі және тиімділігі жоғары медициналық орталықтар болып саналатын АҚШ-тағы университеттік госпитальдерді келтіруге болады. Бұл бағытта да мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту керек.

  •  Жеке медицинаның дамуына жағдай жасау. Барлық дамыған әлемде медициналық қызметтердің айтарлықтай бөлігін жеке сектор көрсетеді. Біз жеке ауруханалар мен емханаларға тезірек көшуге жағдай туғызуға тиіспіз.

  •  Заңнамалық деңгейде медициналық жоғары оқу орындары мен мекемелердің халықаралық аккредитациясын өткізуді бекіту.

Қазірге дейін ауылдағы медициналық қызметтердің сапасы жөнінде көп сын айтылады. Ал ауыл тұрғындары бізде бүкіл халықтың 43%-ын құрайды.

Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл жұмысты келесі жылы-ақ бастау керек.



Денсаулық сақтау

Халықтың медициналық көмекке сұранымын және медицина ұйымдарының қуатын айқындау әдiстемесiн әзiрлеу. Бастапқы медициналық-санитарлық, консультативтiк-диагностикалық және стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативтерiн әзiрлеу. Денсаулық сақтау объектiлерiне сұранымды айқындау және басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру әдiстемесiн әзiрлеу. Денсаулық сақтаудың орта мерзiмдi кезеңге арналған басым инвестициялық жобаларының тiзбесiн әзiрлеу және iске асыру. Бұл ретте республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен мыналар қаржыландырылады: республикалық және өңiрлiк маңызы бар денсаулық сақтау объектiлерiн салу (қайта жаңғырту); денсаулық сақтау объектiлерiне сұранымды айқындау және басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру әдiстемесiне сәйкес жергiлiктi маңызы бар басым денсаулық сақтау объектiлерiн салу (нысаналы трансферттердiң есебiнен). Жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) объектiлерiн, консультативтiк-диагностикалық және стационарлық ұйымдарды, оның iшiнде кеңейту мен қайта жаңғыртуды талап ететiндерiн дамыту жөнiндегi iс-шаралар қаржыландырылады. Денсаулық сақтау объектiлерiн күрделi жөндеу, қайта жарақтандыру және жеткiлiксiз жабдықтарды сатып алу есебiнен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ҚНмЕ-ге, жарақтандыру нормаларына кезең-кезеңмен сәйкес келтiру.



Әлеуметтiк қорғау

Халықтың медициналық-әлеуметтiк мекемелермен қамтамасыз етiлуiнiң ең төменгi нормативтерiн әзiрлеу. Медициналық-әлеуметтiк мекемелер желiсiнiң кепiлдiк берiлген мемлекеттiк нормативiн әзiрлеу. Әлеуметтiк қамтамасыз ету объектiлерiне сұранымды айқындау және Орта мерзiмдi кезеңге арналған басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру. Бұл ретте республикалық бюджет есебiнен өңiрлiк медициналық-әлеуметтiк мекемелердi (психоневрологиялық интернаттар, ақыл-eci кемiс балаларға арналған интернат үйлерiн) салу (қайта жаңғырту) қаржыландырылады. Жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерiн, жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету жөнiндегi аумақтық орталықтарды салу (қайта жаңарту) қаржыландырылады. Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерi желiсiн одан әрi дамыту басымдығы сыйымдылығы шағын интернат үйлерi желiсiн, сондай-ақ кешендi сауықтыру орталықтарын дамыту болып табылады. Олармен қатар жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi аумақтық орталықтар кеңiнен дамытылатын болады



4. Иллюстрациялы материалдар: слайд

5. Әдебиеттер:

негізгі:

1. Биғалиева Р.К. Менеджмент жəне денсаулық сақтауды ұйымдастыру:

оқулық/ Биғалиева Р.К. – Алматы, 2010. - 226 б.2. Шомбалов Н.М. Денсаулық сақтау менеджментi: оқулық/ Шомбалов

Н.М., Кенжебаева И.Б. – Ақтөбе, 2009. - 64 б.

3. Менеджмент негiздерi./ Ахметов К.Г., Сагындыков Е.Н., Байжумартов

У.С., Жунiсов Б.А., Жумаев Ж.Ж. – Актобе-Орал, «А-Полиграфия», 2005.-

519 б.

4. Бердалиев К. Менеджмент. – Алматы: Экономика, 2005-240 б.



6. Қорытынды сұрақтары:

1. Денсаулық дегеніміз не?

2. Денсаулық сақтау жүйесінің объектісіне не жатады?

3. ҚР денсаулық сақтау жүйесін дамытудың қандай мәселелері мен преспективаларын білесіз?

2

1. Тақырып: Менеджмент ғылым және практика ретінде. Басқару объектілері. Ұйымды басқару объектісі ретінде. Менеджмент денсаулық сақтаудағы кәсіптік қызметтің түрі ретінде. Менеджменттің туындау шарттары мен алғышарттары. Менеджменттің деңгейлері. Денсаулық сақтаудағы менеджменттің табысқа жету критерийлері.

2. Мақсаты: Студенттерді менеджмент қағидалары және заңдылықтарын оқыту, менеджментті ұйымдастырудың негіздерімен таныстыру.

3. дәріс тезистері:

«Менеджмент» түсінігі заманауи отандық экономикалық лексикалық термин болғандықтан, «басқару» түсінігін береді.Нарықтық жағдайда өндірістерде жүзеге асырылатын, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық үрдістерде, кеңінен қолданылады. Әлемдік тәжірибеде, жалпы (басты) менеджмент ҚР-да кеңінен таралған менеджменттің арнайы түрі,ұйым және өндірістің іс-әрекетінің жеке саласына бағытталған:инновациялық менеджмент, қаржылық менеджмент, персонал менеджменті және т.б..

Америкалық Менеджмент Ассоциациясы заманауи жағдайында жалпылай анықтаманы береді:

"Менеджмент адамзаттық және физикалық ресурстармен басқарып, ұйымдасқан түрде бірігуі, мақсатына жетуде жұмысшылардың еңбегінің моральдық жағдайының жоғары деңгейде қанағаттандырылуы мен күш пен уақыттың текке жұмсалмауы ".

Менеджмент қарапайым түрінде, менеджмент- адамзаттық, материалды жене материалды емес қорларды тиімді қолдану арқылы қойылған мақсатқа жету үрдісі.

Ең қажетті элементтердің анықтамасы келесі түсінікті береді:

Мақсаттың алға қойылуы-қажеттілігі мен талабының қанағаттандырылуына кепілдендіретін, ұйымдар мен индивуумдардың әрекетінің нәтижелері .

Адамзаттық қорлар-таланты және тілегінің жүзеге асырылуы, түйіні мен қызығушылығы,жеке потенциалы, білімі, әдісі, экономикалық әрекетінің сабағы, түрі.

Материалдық қорлар-бұл негізінен ақшалай немесе жекелей түрдегі қаржылық қоры.

Материальды емес қорлар-ұйымдар мен индивуумдардың, технологиясы мен уақыты(басқару технологиясын қосқанда) репутациясы.



Тиімді қолдану-ұйым мен индивуумдарды қолдану арқылы максимальды пайдалылығы әсерінен қорлардың жоюлуы.

Менеджер – алға қойылған мақсатқа жетуде ұйымның қорларының таралуы бойынша қабылданған шешімдері және өкілеттік билігін қамтитын маман.



Менеджмент функциясы

Менеджменттің кез келген ұйымдарда, денсаулық сақтау орындарында , жалпы берілген 5 функциясы бар:

1. Жоспарлау –жетістіктер мен әрекеттің курсын таңдау және алға қойылған мақсаттың үрдісі. Жоспарлау мақсаттарды өңдеу,қоршаға ортаны талдау, іс-шаралардың жүзе асырылуы, нәтижелердің бағалануы мен орындалуын болжамдайды.

2.Ұйым-ұйымның ішіндегі басқарушылық иерархиясы сызығының қалыптасуы мен мақсатқа жетуде іс-әрекетінің координациясы, жұмысшы топтар мен индивуумдардың арасындағы жұмыстың бөлісу үрдісі.

3. Адамзаттық қорларды басқару және кадр жұмысы-алға қойылған мақсат бойынша мекемені нәтижелі қызметкерлермен қамтамасыз ету, еңбек жағдайларын, қауіпсіздігі мен дамыту. 4. Көшбасшы-алға қойылған мақсатқа жету үрдісінде,топтар мен индивуумдарды гармониялық және еркін түрде тартушы тұлға.

5. Бақылау –ұйымның өз мақсаттарына жетудің қамтамасыз етудің процесі, яғни жұмысты түзетумен бірге қойылған мақсаттың орындалу ісін жүйелік түрде қадағалау.

Тәжірибеде барлық функциялар бір-бірімен өзара байланыста және ұйымдарда басқару кезеңдерінің үздіксіз кезеңін көрсетеді. Басқару жұмысының сапасы әр кезеңде әсер етуі мүмкін. Мысалы, кадрлардың қандай жұмысқа қажеттілігін жоспарлауымен тығыз байланыста. Өз кезегінде адамдар, жұмысқа іріктелініп алғандықтан, ұйымның жұмысының сапалылығын нәтижелігін қамтамасыз етеді.

Денсаулық сақтауда менеджмент негізі және түсінігі

Денсаулық сақтаудағы менеджмент – медицинаны материалдық және еңбектік, қаржылық бақылау және реттеу, басқару ғылымы.



Менеджмент мақсаты–қорларда тұрғындардың өлімі және мүгедектігі,қоғамда аурушаңдықтың деңгейінің жоюлуы.

Денсаулық сақтауды басқарудың міндеті –денсаулық сақтаудың қорларын рациональды қолдану және емдік-профилактикалық іс-шаралардың сапасын жақсарту жолымен мақсаттың жетістіктеріне тиімді жету.

Менеджмент обьектісі – емдік-профилактикалық әрекетпен шұғылданатын , кез келген ұйым.

Обьект белгілеріне байланысты басты және функциональды менеджмент болып бөлінеді.

Басты(жалпы) менеджмент медицина мекемелерінің басқаруында ерекше орын алады.

Функциональды (арнайы) менеджмент емдеу-сауықтыру мекемелерінің әрекеті мен жетекшілерінің басқаруымен анықталып айқындалады.Бұл басқару инновациялық, қаржылық, кәсіптік және маркетингтік болып бөлінеді.

ЕСҰ-да басты менеджменттің стратегиясына үлкен әсер ететін мемлекеттің саясаты тұрғындардың денсаулығын қорғаудағы қатынастары (заңдар және нормативтік акт, қаржылық, тегін және ақылы медициналық көмек көрсетудің көлемінің анықтамасы)

Сонымен қатар басты менеджменттің стратегиясы ЕСҰ-ң техникалық ерекшілігі мен географиялық жағдайы, медициналық көмектің қолжетімділігі, жоғары дәрежелі персоналдармен қамтамасыз етілуі, пациенттердің сатып алушылық қабілеттігі де әсер етеді.

Инновациялық менеджмент –ғылымның жетістіктерін,сертификаттау, емдеу мен диагностиканың жаңа әдістерін енгізуімен байқалады.

Қаржылық менеджмент мекеменің қаржылық жоспарын, қаржыны көбейту, жағдайының нығайтылуына байланысты.

Кәсіптік (персоналдық) менеджментті жүргізуде медицина қызметкерлерінің жалақысының мөлшері, экономикалық стимулдеу, біліктілігін жетілдіру, ұжымда әлеуметтік-психологиялық климаттың әсер етуі көрсетілген.

Менеджер және оған қойылатын талаптар

“Менеджер” термині кең таралғандықтан және қолданатындар:



  • Бағдарламалық-мақсаттық топтар немесе жеке бөлімшелердің нақт ы түрлерін ұйымдастырушылары

  • өндіріс бөлімшелерінің жетекшілері ( басқару, бөлімшелер,бөлімдер)

  • бағынушыға қатысты жетекшілер;

  • жұмысты ұйымдастырушы, басқарудың барлық түріндегі әкімші

  • заманауи әдістерге жетекшілік ететіндер

Менеджерге барлық кезеңде жоғары талаптар қойылады. Менеджердің көптеген түрлерін бөлуге болады:

Менеджер-дипломат.

Менеджердің білімінің , деңгейінің шеберлігі-келісім жасауда қабілетінің жоғары қасиеті. Қазіргі уақытта менеджерлер көп уақыттарын адамдармен байланыс жасауға көп күш салады.



Менеджер-инноватор.

Ескі құралдарды жабдықтағаннан гөрі, еңбек өндірісін жаңа техника мен технологияларды қолданып, жоғарылату керек.



  • Менеджер-басқарушы.

Маманнан талап етіледі:кәсіпорынды басқару саласында жалпы білім деңгейінің болуы;фирма қызметінің түрі мен сипаты қай салаға қатысты болса, сол саладағы өндіріс технологиясындағы компетенттілік; кәсіпкерлікпен қатар, әкімшілік саласындағы тәжірибенің болуы, нарықтық жағдайды білуі, бастама ұсыныу шеберлігі, қолданудың табысты саласына фирманың қорларын қайта бөлу;төменде тұрған жетекші мен қызметкерлердің келісімі негізінде компетенті және негізделген шешімдерді қабылдау, оны орындауда әр қызметкерді жұмысы бойынша бөлу;
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд

5. Әдебиеттер: негізгі:

1. Биғалиева Р.К. Менеджмент жəне денсаулық сақтауды ұйымдастыру:

оқулық/ Биғалиева Р.К. – Алматы, 2010. - 226 б.2. Шомбалов Н.М. Денсаулық сақтау менеджментi: оқулық/ Шомбалов

Н.М., Кенжебаева И.Б. – Ақтөбе, 2009. - 64 б.

3. Менеджмент негiздерi./ Ахметов К.Г., Сагындыков Е.Н., Байжумартов

У.С., Жунiсов Б.А., Жумаев Ж.Ж. – Актобе-Орал, «А-Полиграфия», 2005.-

519 б.

4. Бердалиев К. Менеджмент. – Алматы: Экономика, 2005-240 б.



6. Қорытынды сұрақтары:

1. Менеджменттің қандай функцияларын білесіз?

2. Менеджерлерге қандай талаптар қойылады?

3.

1. Тақырып: Басқару ортасы. Басқарудың ішкі және сыртқы ортасы. Басқару субъектісі: ұғымы, басқарушылар санаты. Ұйымның философиясымен стратегиясы. Денсаулық сақтаудағы ұйымдастыру мәдениеті. Денсаулық сақтаудағы ұйымдастыру мәдениеті. Басқарушылық мәдениеті ментабысты әлеуметтік басшы туралы түсінік.

2. Мақсаты: Стауденттерді басқарудың ішкі және сыртқы ортасын, басқарудың негіздерін таныстыру,. Студенттергебасқару субъектісі: ұғымын, басқарушылар санатын түсіндіру. Студенттерге денсаулық сақтаудағы ұйымдастыру мәдениетімен таныстыру.

3. Дәріс тезистері:

Басқарушылық шешім – бұл басқару субьектісінде мәселелерді жоюға бағытталған шығармашылық акті. Кез келген басқарушылық шешімдері 4 стадиядан өтеді:

1. Мәселені анықтау:

А) ақпараттарды жинау;

Б) алынған ақпаратты талдау;

В) өзектілікті анықтау;

Г) жағдайларды анықтауда мәселенің шешілу мүмкіндігін түсіндіру.

2. Жоспар шешімінің

құрастырылуы:

А) Альтернативті варианттардың шешімін өңдеу;

Б) Қорлары бар альтернативті варианттардың салыстырмалы шешімі;

В) Әлеуметтік салдары бойынша альтернативті шешімге баға беру;

Г) Экономикалық тиімділік бойынша альтернативті варианттарды баға беру;

Д) бағдарлама шешімінің құрылуы;

Е) Шешім жоспарының құрылуы мен өңделуі.

3. Шешімнің орындалуы:

А) Нақты орындаушылар бойынша шешімнің аяғына

дейін жеткізілуі;

Б) Жаза мен марапаттаулардың шараларын өңдеу;

В) Шешімнің орындалуын бақылау.

1 – кезең басқарушылық шешімді өңдеу кезеңіндегі жағдайлары, мақсаттың анықталуы, бағалау жүйесінің өңделуі, басқарушылық жағдайды талдау, жағдайдың диагностикасы және жағдайды дамытуда болжамды өңдеу.

Жағдай туралы ақпараттар сенімді, толық жеткілікті болу керек. Аналитикалық материал, тәжірибелік әрекеті және білімі бар мамандармен бірге басқарушылық мәселесін шешуге дайындалады

2 – кезең

басқарушылық шешімді өңдеу-альтернативті варианттарды шешімін толықтыру, басқарушылық әрекеттің негізгі варианттарын іріктеу, басқарушылық әрекеттердің негізгі варианттарына сараптамалық баға берумен көрсетіледі.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд

5. Әдебиеттер:

негізгі:

1. Биғалиева Р.К. Менеджмент жəне денсаулық сақтауды ұйымдастыру:

оқулық/ Биғалиева Р.К. – Алматы, 2010. - 226 б.2. Шомбалов Н.М. Денсаулық сақтау менеджментi: оқулық/ Шомбалов

Н.М., Кенжебаева И.Б. – Ақтөбе, 2009. - 64 б.

3. Менеджмент негiздерi./ Ахметов К.Г., Сагындыков Е.Н., Байжумартов

У.С., Жунiсов Б.А., Жумаев Ж.Ж. – Актобе-Орал, «А-Полиграфия», 2005.-

519 б.

4. Бердалиев К. Менеджмент. – Алматы: Экономика, 2005-240 б.



6. Қорытынды сұрақтары:

1. Басқару ортасы дегеніміз не?

2. Басқарудың ішкі және сыртқы ортасы туралы түсінік?

3. Басқарудың қандай ролін білесіз?


№4.

1. Тақырып: Басшының беделі: анықтамасы, оның құрамдас бөліктері. Табысты басшы тұжырымдамасы. Денсаулық сақтаудағы лидерлік

2. Мақсаты: Студенттерге басшының беледінің құрамдас бөліктерін және анықтамасын түсіндіру. Студенттерге денсаулық сақтаудағы лидерлік және табысты басшы тұжырымдамасын таныстыру.

3. Дәріс тезистері:

Жетекшінің жұмыс стилі – басқару процесінде жетекшімен қолданылатын жəне оның іс-əрекеттеріне адамдардың қатынас ерекшеліктерін анықтайтын қайталанатын əдіс пен басқарушылық əсер ету тəсілдерінің жиынтығы.

Басқа жағынан, бұл əлеуметтік-саяси, əлеуметтік-экономикалық, əлеуметтік-психологиялық қатынастардың адамдармен жетекшілік ету процесіндегі жеке түрдегі іске асыру формасы. Жетекшіліктің стилінде жетекшінің ішкі мəдениеті, білімі, тəжірибесі көрініс табады.

Жетекшілік стилі ұжымның психологиялық климатына елеулі əсер етеді. Стиль жетекшінің жеке тұлғасымен тығыз байланыста тіпті оны кей кезде басқарушылық қызметтің жазуы» деп те атайды.

Жетекшілік стилінің бірнеше класификациясы бар. Бірінші жəне көбірек белгілі классификация – бұл авторитарлы, либералды, демократиялық стильдер.

Авторитарлы (директивалы) стиль жетекшінің ролін асыра пайдаланумен байланысты. Биліктің орталықтандырылуымен, приверженностью к единоначалию сипатталады. Жетекшіліктің бұл стилінде қоластындағылардың бастамасы мен өз болуын шектейтін асыра талап қоюшылық сипаттас. Жетекшілік түсінік беру əдістері, пайымдаумен емес, күштеу əдістерімен іске асырылады.

Өкінішке қарай, қазіргі заманғы жас басшылардың көпшілігі осылай ойлайды жəне өткен стильді таңдайды. Бұл стиль үлкен біліктілі қызметкерлер ұжымында төмен нəтиже береді.

Либералдық стиль басшының өзіне бағыныштылардың жұмысына араласпауымен сипатталады, орындаушылардың тапсырманы орындамағаны үшін жауапкершлікті талап етпейді, жұмысын бетімен жіберген, өзіне жауапкершілік арқалайды. Кейде бұл стиль бос белбеулік деп аталады. Демократиялық стиль ұжымдағы серіктестік қатынастармен, бағыныштыларды ұжымның негізгі қызмет бағыттары бойынша шешімдерді талқылауға жəне дайындауға тартумен, құқықтар мен міндеттерді өзара бөлісумен, қабылданған шешімдерді орындаған кездегі бағыныштылардың дербестігі мен бастамашылдығын дамытумен, өзара бақылауды кеңейтумен сипатталады.

Басшының стильімен жұмысты жетілдіруге болады. Жақсы басшы – жақсы психолог. Огайо жəне Мичигана университеттерінде (АҚШ) жүргізілген зерттеулер басшылық стилін анықтаудың матрицалық əдісін жасауға əкелді. 1996 ж. Р. Блейк пен Дж. С. Моутон жасаған басшылық стильдерінің матрицасы басқаруға екі қатынастың əр түрлі комбинацияларының өзара үйлесуін береді: адамдарға қамқорлықпен жəне өндіріс үрдісіне күш сала отырып басшылық жасау. Матрица дегеніміз – əр қайсысын 9 бөлікке бөлген 2 шкаланың қиылысуы болып табылады. Тігінен ұжымды басқарудағы адамдарға қамқорлық дəрежесі, ал көлденеңінен өндірістік үрдіске басшылық жасау дəрежесі қойылады. Барлығы 81 ұстын (9х9), яғни басқару стилінің 81 нұсқасы алынады.

Компанияны басқару кезінде мінез-құлық нұсқауларының əрқайсысын аталған матрицадан алынған кез келгенімен салыстыруға болады. Р. Блейк пен Дж С. Моутон матрицаның 5 шеткі жəне неғұрлым тəн ұстынын сипаттады.

1. Авторитарлық басшылық. Бұл ұстын басшысы өндіріс туралы қамқорлық болып табылатын жəне ешқандай əлеуметтік қызметті мүлдем жүзеге асырмайтын менеджерлерге тəн. Олар қызметті жанама нəтиже деп таниды.Олардың есептеуінше, басқару шешімдерінің сапасы ол қабылдаған бағыныштылардың қатысу дəрежесіне тəуелді емес. Осындай менеджерлерге тəн оң белгіне жоғары жауапкершілік деңгейі, еңбекқорлық, ұйымдастырушылық дарын, зайаткерлік тəн. Бірақ мұндай басшылар мен бағынушылар арасында үнемі қашықтық сақталады, тікелей байланыс пен өзара түсіністік жиі қалыс қалады, топтық тəртіптің қанағаттанарлық деңгейі ғана сақталады.

2. Əлеуметтік басшылық (либералдық стиль). Бұл ұстын өз бағыныштыларына айрықша назар аударатын басшыларға тəн. Мұндай менеджерлер табыс негізін ұжымдағы сенім, өзара түсіністік ұстау деп санайды.

3. Өндірістік-əлеуметтік басқару (ымырашылдық стиль). Бұл ұстын адамдар туралы қамқорлықтықты өндіріс туралы қамқорлықпенүйлестіре білетін басшығы тəн. Мұндай менеджердің есептеуінше, барлық жағдайда ымыра-жақсы шешім, ол нəтижелі басқаруға негіз. Шешім қабылдау үрдісіне бақылау жасау өндіріс үрдісіндегі бақылауды жүзеге асыруға жұмысшалар үшін өтемақы болып табылады. Мұндай белгілердің басшылардың оң белгісі тұрақтылақ, бастаған ісіне құлшыныс, ойлаудың стандарттық еместігі, алға басушылық көзқарастар. Бірақ, өкінішке қарай, көзқарастардың алға басушылығы басқару стилінің өзіне тікелей аз таралады.

4. Қарапайым басшылық немесе «жұмыстағы демалыс» (ұйымшылдықты бұзу, берекені кетіру: барлығын уыстан шығарып алу). Бұл ұстын өзінің бағыныштыларына да, өндірістік үрдіске де салқын, сылғырт қарайтын басшыға тəн. Оның есептеуінше, басқарушы үнемі сырттай сарапшының немесе маманның жəрдеміне жүгіреді. Ол, бəрінен бұрын, «өз портфелі мен креслосының сақтаушысы» ғана.

5. Əміршіл басшылық немесе «бетпе-бет» басшылық «демократтық, мұратшылдық стиль). Бұл ұстын адамдар мен өндіріске ұқыптылықпен қарайтын басшыға тəн. Ол əлеуметтік саясат саласында да, өндірісте де күштеуге тырысады


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу