5. Қашықтан оқытудың ерекшеліктері Қашықтан оқуға еш дайындықсыз кірсе де ұстаздарымыз халық, ұрпақ алдындағы міндеттерін лайықты атқаруда. Алдағы уақытта да қашықтан оқытудың тәсілдерін меңгеріп, ғаламтордың шексіз мүмкіндіктерін игеріп, сабақты балаға қызықты етіп беруге тиіспіз. Бүгінгі педагогтің шығармашылығы оның виртуалды аудиторияда оқытуды ұйымдастыру шеберлігінен көрінетін болады. Бұл жұмыстар мұғалімдердің ақпараттық сауаттылық бойынша таным көкжиегін кеңейтеді. Ақпараттық сауаттылық пен тәжірибе – жан-жақты дайындықты қажет ететін күрделі үдеріс. Дәл бүгінгідей цифрлы төңкеріс заманында оның мүмкіндіктері шексіз. «Үйренгені бардың үйретері бар» демекші, мұғалімдеріміз қашықтан оқыту бойынша біліктілік курстарынан өтіп, оны практикада қолданатын болады.
Біз үшін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ. Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа тұру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және экономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.
Функциональдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекетгік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа тұжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мұғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады. Мұғалімдер мен оқушылар жаңа білім игерудің, өзіне қажет әдістердің, жаңа ақпараттық технологиялардың куәгері немесе қатысушысы боларда, дискуссияға қатысарда, тамаша бір әдістеме немесе лабараториялық жұмыс көрерде осы интерактивті теледидардың маңызы зор. Қашықтан бұл формасының мамандар дайындау мен квалификациясын көтеруде маызы зор, бірақ қазіргі таңда бұл өте қымбат технология болып табылады.