1 сынып Дүниетану «Көктем» Бейнелеу өнері



Дата27.12.2016
өлшемі82,19 Kb.
#6002
1 сынып

Дүниетану «Көктем»
Бейнелеу өнері : Күн жарқырап,шөп шықты
Еңбекке баулу .Жапсыру: Мерекелік сыйлық



Сабақтың мақсаты:

1. Тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру; сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану; өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білуге дағдыландыру, көктем мезгілі туралы түсінік алу.
2. Оқушылардың ізденушілік - зерттеушілік ,шығармашылық әрекеттерін жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.
3. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғау, тазалықты сақтау сияқты қасиеттерін тәрбиелеу, табиғатты аялап, табиғи ортаның біртұтастығын түсіндіре отырып, экологиялық,эстетикалық , адамгершілік тәрбие беру
Сабақтағы көрнекіліктер, құралдар: Интерактивті тақтамен слайдтар көрсетіледі, суреттер, кесте, сызба нұсқалар,шаблондар.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, топпен жұмыс ( видео, слайд)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру, қызығушылықты арттыру.
2. Өткен материалды еске түсіру.

Қызығушылығын арттыру . 4 слайд

Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады.

Бұл қай кезде болады?

Ахмет Байтұрсынов

5слайд
– Жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын атаңдар (наурыз, сәуір, мамыр)
- Көктемде табиғатта, адамдар мен жануарлар өмірінде қандай өзгерістер болады? Қазір балалар Бауыржан Жақыптың Көктем мезгіліне арнаған өлеңін тыңдайық (аудиозапись тыңдау)
6 слайд
Көктем келді бүгін
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Түрлі-түсті әйбәт,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызыл – жасыл аймақ,
Қырға шықтық ойнап.

Өлеңде көктемгі табиғаттағы өзгерістер қалай суреттеген?


оқушылар жауабын тыңдау, толықтыру.
7,8 слайд

Көктем көрінісін бейнелейтін суреттер бойынша жұмыс.

Суретті қарап, ондағы көріністер бойынша әңгіме жүргізу.

Сұрақтарға жауап беру.

-Бұл жылдың қай мезгілі?

-Көктемде ауа райы қалай өзгереді?

-Қар қандай өзгеріске түсті?

-Қандай жерлердің қары тез ериді, неге?

-Көктемде қандай жауын-шашын түрлері түседі?



Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Суреттегі бейнеленген көріністерді талдау.

Суретке тақырып таңдау.

Оқулықтағы мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру

Сергіту сәті
Оқушылар үш орталыққа бөлінеді (түрлі түсті қағаздар арқылы)
1-топ – сурет орталығы
2-топ – жапсыру орталығы
3-топ – оқу орталығы

Орталықтарда жұмыс жасау.

Оқу орталығы:

13 -15слайд



Тақырыпқа ПОСТЕР құрастыру

Көктемгі ауа райының қысқы ауа райынан қандай айырмашылығы бар?

Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Сурет бойынша әңгіме құрастыр.




Өз жерінде болған өзгерістерді суреттегі көрініспен салыстыр.

Суретке «Көктем», «Қардың еруі», «Көктем келді», «Сең жүруі» тақырыптарының бірін таңда.


Қызыл – жасыл аймақ,
Қырға шықтық ойнап
. Өлең жолдарын жаттау

Сурет орталығы:

16-19 слайд
Сабақ тақырыбы: Күн жарқырап, шөп шықты.
Мұғалім:
Көктем мезгілінде күн шуағын молынан төгіп, жер қызғаннан кейін жасыл шөптер бой көтереді. Қазір біз сендермен күннің жарқырап, шөптердің шыққанын бейнелейміз.
Мен сурет салу үшін бояудың қай түрін қолданатынымызды анықтап, сурет салу жолдарын түсіндіремін.
Балалар жұмысқа кіріседі. Шамасы келмегендерге көмектесемін.
Көктем келді бүгін
Күнім төкті нұрын өлең
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
өлең жолдарын жаттау

Жапсыру орталығы:

19 -25слайд
Сабақтың тақырыбы:Мерекелік сыйлық
Мақсаты: мәнерлі бейнемен жапсыру әрекеттерінің құруда эстетикалық талғамын қалыптастыру. Балаларға қарапайым пішіндерді қиып және өз еркімен шығармашылықпен қиялын дамыта отырып, үлгіге қарап бейне құрастыруды үйрету. Жапсыруға қызығушылықтарын дамыту. Желімді, орамалды ұқыпты пайдалана отырып іскерліктерін дамыту. Ұқыпты таза болуға, әдемілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Көктемде алғаш шығатын – бәйшешек гүлімен,гүлдердің басқа түрлерін еске түсіріп таныстыру. 8 – Наурыз аналар мерекесі екенін айту, көктемнің ең алғашқы гүлін аналарыңа тарту етесіңдер.(Гүлдің құрылысымен таныстыра кету). Жапсыру жолдарымен таныстыру.
Түрлі-түсті әйбәт,
Гүлдер шықты жайнап.
Өлең жолдарын жаттау

Әр орталықтың жұмысын көрмеге қою, бағалау,мадақтау. Өздеріне бөлінген өлең жолдарын хормен айту.



Бағалау:

1.Топтардың бірін-бірі бағалау (тақтада)

2.Топ басшысы бағалайды:


Тапсырма түрлері

Оқушылардың аты




























Пікірге қатысу




























Өз идеясын қосу




























Безендіруге қатысу




























Белсенділігі





























3.Өзін-өзі бағалау(критерийлер бойынша «МЕН»гүл шоғын толтыру арқылы.


Сабақты қорытындылау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет