«1-сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары»



бет3/5
Дата16.10.2019
өлшемі71,97 Kb.
#50028
1   2   3   4   5
Байланысты:
1сынып бейимделу


Тапсырмаға материал. (23-сурет).

4-тапсырма. «Магнитофон».

23

Оқытушы сөз буынын оқиды, ал оқушылар осыдан сөз құрастырулары қажет.



Біртіндеп буын бөліктерін ұзарта отырып, алдымен қос күрделі сөзден бастаған жөн, содан соң үш күрделі сөзге ауысу қажет және т.с.с.

Күрделі нұсқасында оқытушы буынды айтады да, ал аралығындағы үзілісте басқа сөздер қолданады. Мысалға: Сөздің алғашқы буыны-ба, содан соң екінші буын- ла, содан соң ең соңғы буын -пан келеді. Сөзді айтамыз. (Балапан).

 

11-сабақ.

Мақсаты: қабылдауды, есте сақтауды және қиялды дамыту.

Сабақтың барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. «Бірдей фигураларды тап және атын ата».

Тапсырмаға материал. Әрбір оқушы түрлі түсті қағаздар мен әртүрлі фигуралардың контурмен берілген екі қағаз бетін ашады. Әрбір суреттердегі бірдей фигураларды тауып, оларды бір түспен бояу қажет (24-сурет).

2-тапсырма. «Кімнің қатары ұзынырақ?»

Оқытушы қандай да болмасын бір зат есімді атайды. Мысалға: мысық. Оқушылардың бірі қайталайды. Содан соң оқытушы тағы бір сөз қосады. Мысалға: жапырақ. Оқушы қайталайды: мысық, жапырақ. Содан соң оқьпушы тағы бір сөз қосады. Мысалға: алмұрт. Оқушы барлық сөзді қайталайды: мысық, жапырақ, алмұрт және т.б. Тапсырманың мақсаты — барынша көп сөзді есінде сақтау.



Үлгі сөздер тізбегі:

  1. Шаян, көпір, көйлек, ноқта, ермек, қолған, термометр, астау, үзеңгі, тізгін, шатыр, киіз, сыбызғы.

  2. Орман, сабын, қарбыз, көрпе, тік ұшақ, ұшақ, мылтық, садақ, құлпынай арба, қамшы, кілем.

3-тапсырма. «Сиқырлы орман».

Аяқталмаған суретті аяқтап салу керек. Мысалға, оларды гүлге, ағашқа, көбелекке, құсқа, жануарға айналдыру. Сол бойынша әңгіме құрастыру талап етіледі.

Келесі нұсқаларды да ұсынуға болады: Сиқырлы өзен, сиқырлы сая жай.

 

 



12-сабақ.

Мақсаты: Есте сақтауды, кеңістіктік елестетуді (ішінде, үстінде, астында, тыс терминдерін түсіну), көрнекі-бейнелік ойлауды дамыту.

Сабақтың барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. «Көру диктанты». (7-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (25-сурет).

 

24



25 -сурет

 

2-тапсырма. Ою салу «Тұмарша»  (9 сабақты қара);



Тапсырмаға материал. 26-сурет.

3-тапсырма. «Дұрыс орында».

Тапсырмаға материал. Түрлі түсті қаламдар. (27- сурет).

Оқытушы балалардан 1 және 2- фигуралардың ішіне көк шеңбер салуды, ал қызыл шеңбер сол фигуралардың сыртында қалатындай, ал әрбір фигуралардың шекарасына жасыл нүкте салуды талап етеді. Әрі қарай сызықты 3- фигураның ішінде боялған үшбұрыш, 4-фигураның сыртында боялған квадрат,

5-фигураның сызығы бойында боялған шеңбер қалатындай етіп жалғастырамыз. Әрі қарай көк қаламмен сызықты шеңбер оның сыртында, ал квадрат

6-фигураның ішінде қалатыңдай етіп жалғастырамыз. 7-фигураны 4-үшбұрыштың ішінде орналасқан нүктені қызыл қаламмен белгілейміз, бірақ ол шеңбер мен квадраттың сыртында қалуы қажет.



4-тапсырма. «Қиылысу «. (4-сабақты қара).

Мұнда суреттің жұбын табуға байланысты қиылысу тапсырмасының шешімін меңгеру қажет. Мысалы мынаны табу қажет. Суреттің қай жұбында «И» немесе «Е» және 1- суреттің де 2-ші суреттің де қалған суреттермен қандай ұқсастығы бар. (28-сурет).

«Е» жұбындағы суреттер тапсырманың талаптарына жауап бере алады. Сондықтан «Е» жауабы дұрыс болып табылады.

Әрі қарай егер «Е» жұбын (ойша) қалған бөлек суреттердің жанындағы бос орынға қойсақ онда бір суреттін қалған; екі суреттен ұқсастық белгілері бар сурет тобы пайда болады.

 

13-сабақ.

Мақсаты: сөздік тапсырманы орындау біліктілігін, зейін көлемін, тұрақтылығын және заңдылықты дәлелдей алу қабілетін дамыту.

 

25



Сабақтың барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. «Графикалық диктант». (4-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (29- сурет).

 

29-сурет



2-тапсырма. «Ерекшелікті тап»

Тапсырмаға материал. Оқушыларға кейбір бөліктерімен ерекшеленетін екі сурет ұсынылады.(30- сурет)

3-тапсырма. «Керекті сурет».

Тапсырмаға материал. Әрбір оқушыға суреттер беріледі. (31-сурет).

Оқытушы: Суреттің орналасу заңдылығын анықта. Осы заңдылықты айтып бер. Тік қатарға да, көлденең қатарға да келетін фигураны бос көзге сал. Жауап нұсқасын қолдан, — деп балаларға түсіндіреді.



4-тапсырма. Ою салу «Балдақ» (9-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (32-сурет)

 

14-сабақ.



Мақсаты: үлгіні салыстыру және талдау біліктілігін, есту қабілетін, ұғымдық ойлауды дамыту.

Сабақтың барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. «Осылай бейнелеп сал»  (5-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (33-сурет).

 

2-тапсырма. «Буратино жұмысын тексер». (5-сабақты қара).



Тапсырмаға материал. (34-сурет).

3-тапсырма. «Суретті талдау».

Тапсырмаға материал. (8-сабақты қара).

4-тапсырма. «Сиқырлы саяжай».

Тапсырмаға материал. (11-сабақ, 3-тапсырма).

 

15-сабақ.



Мақсаты: Зейін көлемі мен шүйлігуін, есте сақтау мен зандылықтарды дәлелдеу біліктілігін дамыту.

Сабақтың барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

 

26



1-тапсырма. «Жіптерді жүргіз».

Тапсырмаға материал. Пиктограммамен берілген бет қағаз, түрлі-түсті қаламдар (35-сурет).

Балалар бір эмоциональдық қалыпты бейнелейтін пиктограммалардың біреуінен екіншісіне түрлі-түсті қаламдармен жіпшелерді жүргізулері қажет. Сонымен бірге балалардың, адамдардың эмоциональдық қалпын қалай түсінетіндігін анықтауымызға болады.



2-тапсырма. «Сана және суретті боя»

Тапсырмаға материал. Оқушыға әрбір санға тиесілі нүктелерді санап шығып оларды бояу тапсырылады. (36-cypeт)

1 —  … —  қызыл

2 —  … —   сары

3 —  … —   көк

4 —  …  —  жасыл

5 — …   — қоңыр



3-тапсырма. «Қарлы үйіншек» (снежный ком).

Ойыншылар шеңбер құрады. Бірінші ойыншы кез-келген сөзді айтады. Мысалға: гүл. Келесі ойыншы осы сөзді қайталайды да, тағы да кез-келген бір сөзді айтады.

Мысалға: орман. Үшінші ойыншы алдындағы екі сөзді қайталайды да (гүл, орман), тағы да кез-келген бір сөзді айтады.

Мысалы: оқушы, т.б.. Егер де кімде-кім көп сөзді қайталай алса, яғни есте сақтауы ерекше болса, сол жеңімпаз болып есептелінеді.

Ойынды бірнеше рет қайталауға болады. Сөздін тақырыптық бір ізділігін құру ойынның тағы бір нұсқасы болып табылады. (мысалы жапырақты ағаштарды атау, бір түбірлі сөздерді тіркестіріп айту т.б.).

4-тапсырма. «Артық зат» (5-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (37-сурет).

 

16-сабақ.



Мақсаты: сөздік тапсырманы орындау біліктілігін, зейіннің көлемін, жанама көріп есте сақтауды, байқағыштықты, заңдылықтарды қалыптастыру біліктілігін дамыту.

 

Сабақ барысы:



III. Сабақ мазмұны:

1-тапсырма. «Графикалық диктант» (4-сабақты қара).

Тапсырма материалы. (38-сурет).

 

 



 

 

 



 

27

38 – сурет



 

2-тапсырма. «Бос тор көз».

Тапсырма материалы. Гүл суреттері бар қағаз. (39-сурет).

Оқытушы былай деп түсіндіреді: «Суреттің орналасу ережесін анықта және оны қайталап айт. Содан соң осы ереже бойынша бос тор көздерді толтыр».



3-тапсырма. «Зат иесі».

Әрбір топда бір жүргізуші таңдап алулары қажет (яғни алдын ала топты 2 топқа бөлеміз). Топ  мүшесі бір-бір заттан столдың үстіне қояды, ал осы топтың жүргізушісі столдың үстіне қай бала қандай затты қойды және қандай реттілікпен ол заттар орналасып жатыр соны есінде сақтауы қажет.

Әрбір топта ойыншының саны алты адамнан аспауы қажет. Ойынның соңында жүргізушінің қаншалықты дұрыс жауап беруіне байланысты нәтиже қорытындалады. Соған байланысты қай жүргізуші қаншалықты байқағыштық танытты. Осы ойынды келесі сабақтарда да қайталауға болады.

4-тапсырма. «Сана және суретті боя» (15-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. Оқушыға әрбір санға тиесілі нүктелерді санап шығып оларды бояу тапсырылады. (40-сурет).

– көк

– сарғыш қызыл

6 – жасыл

7 – қызыл

8 – сары

9 – көгілдір

5 тапсырма. «Артық зат».

Тапсырмаға материал. Заттардың суреті бар бет қағаз және қарындаш

(41-сурет).

Текстік тапсырманы орындау үшін келесі нұсқау ұсынылады: Төрт зат берілген. Оларды бір топқа біріктіруге болады және оған ат беру қажет. Бірақ сол топ заттарының ішіндегі бір зат ол топқа жатпайды. Сол затты тауып,шығарып тастау қажет.

Алынған заттарды бағалау шкаласы:

Оқушы түсінік ұғым сөзді өздігінен дұрыс айтады. «Артық» затты ажыратады. Заттарды бір топқа біріктіреді. Онда -5 ұпай.

Оқушы түсініктік ұғым сөзді дұрыс айтпай, содан соң өз қатесін дұрыстаса, онда-4 ұпай.

Оқушы бір топқа біріктіретін және «артық» затты аңғаратын түсініктік

28

ұғымға талдау мінездемесін жасайтын болса, онда — 2,5 ұпай.



Оқушы бір топқа біріктіретін және «артық»затты аңғартатын түсініктік ұғымды үлкендер көмегімен талдап, оған мінездеме беретін болса, онда- 1 ұпай.

Егер оқушы ұсынылған тапсырманы орындай алмаса, онда оны арнайы курс арқылы ойлауын, шығармашылық қиялын дамыту қажет.

Егер оқушы заттарды түсінікті ұғым бойынша емес ситуациялық критерилері бойынша анықтаса, онда ол нақтылы ойлаудың көрсеткіші. Онда оқушы мағыналық белгілермен жалпылау жасай алмайды.

Әдістеме кілті:

1.Қайық. 2.Қайшы. 3.Тиын. 4.Күн. 5.Көзілдірік. 6.Керует. 7.Кітап. 8.Мысық. 9.Тон. 10.Белдік. 11.Ашқыш. 12.Аяқ. 13.Бөшке. 14.Бал арасы.

 

 

17-сабақ.



Мақсаты: үлгіні көшіру біліктілігін, көріп қабылдауды дамыту. (қалыпты ажырату).

Сабақ барысы:

III. Сабак мазмұны:

1-тапсырма. Ою салу «Балақ»  (9-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. Әрбір оқушы да қалам болуы талап етіледі. 42-суретте берілген оюды қайта жаңғырту қажет.

2-тапсырма. «Шатасу».

Оқытушы оқушылардан суретті қарап шығып, ондағы бейнеленген сызықтардың жиектерін тауып, санау талап етіледі. (43-сурет).



3-тапсырма. «Бірдей фигураны тап».

Тапсырмаға материал. Оқушыларға түрлі-түсті қалам ұсынылады.

Суреттегі бірдей фигураларды тауып, оны бірдей түске бояу талап етіледі.

(44-сурет).

4-тапсырма. «Кілем»

Тапсырмаға материал. Қатты немесе қалың қағаз.

Қатты немесе қалың қағаздан берілген кілем үлгісіндегі әрбір оюларды қию талап етіледі.

Қиылған бөліктерден үлгідегідей немесе өздерің ойлағандай етіп кілем құрастырындар. (45-сурет).

 

18-сабақ.



Мақсаты: көріп есте сақтауды, ойлауды дамыту.

Сабақ барысы:

III. Сабақ мазмұны:

1-тапсырма. «Зат иесі».

Бұл ойынды жүргізу үшін ойыншыларды екі топқа бөлу қажет. Әрбір команда өздеріне жүргізуші таңдайды.

Ойынның шарты бойынша жүргізушінің көз алдында әрбір ойыншы бір

29

заттан стол үстіне қояды. Жүргізуші қай ойыншы қай затты қандай реттілікпен койды соны есте сақтауға тырысады. Жүргізушінің жауабы бағаланады. Әрбір ойыншы жүргізуші орнында болуы қажет.



2-тапсырма. «Ерекшелігін ата».

Оқушылар екі затты салыстыра отырып барынша көп ерекшеліктерін табуы қажет. Мысалға:



Шкаф үлкен  заттарды сақтау үшін қолданылады .

Электр энергиясының қажеттілігі жоқ.

 


Телевизор  кіші сақтау үшін қолданылмайды .

Электр энергиясын қажет етеді

 


3-тапсырма. «Жалпыны іздеу».

Жоғарыда айтылған заттардың жалпы белгілерін табу.



Үй тұрмысында қолданылатын заттар

Зат қоюға арналған заттар

Қызықтауға арналған заттар

Жасанды пайда болған объектілер

 

 

19-сабақ.



Мақсаты: зейін көлемін, тактильді есте сақтауды дамыту.

Сабақ барысы:

III. Сабақ мазмұны:

1-тапсырма. «1-ден 15-ке дейінгі санды тап».

Тапсырма материалы. (46-сурет).

2-тапсырма. «Қаптағы мысық».

Балаға затты сипап көру ұсынылады (көзі жұмулы). Егер затты тапса, ол қандай белгілер арқылы осындай шешімге келді соны түсіндіру қажет.



3-тапсырма. «Бөліктерге бөлу».

Топтың барлық ойыншылары екі командаға бөлінеді. Ойынның әрбір қатысушыларына ұзынынан бөлінген қағаз қиындысы беріледі. Жүргізуші қағазды бүктеп көру арқылы көзбен бөлудің қаншалықты дұрыс екендігін тексереді. Егер кімде-кімнің қаламмен белгілеген жері мен бүктеген жері бетпе-бет болып келсе, сол ойыншы командасына 5- ұпай алып келеді.



4-тапсырма. «Ойыншықты анықта».

Балалардың әкелген ойыншықтары столдың немесе орындықтың үстіне қойылады. Жүргізуші сайланып алынып, ол 2-3 минут бөлмеден шыға тұрады. Жүргізушінің жоқ болған кезінде жұмбақты жасыратын бала таңдап алынады. Бұл бала қай ойыншықты жасырғанын ыммен түсіндіруі қажет.

Мысалға: «қоян» ойыншығын жасырған болса, онда ол секіріп, «сәбіз жегенін» т.б. ерекшеліктері арқылы көрсетуі қажет. Жүргізуші тауып алған жағдайда ол затты қолына алып дауыстап айтуы қажет. Қалған балалар «дұрыс» және «дұрыс емес» деген жауапты барлығы дауыстап айтулары

30

қажет. Егер жауап дұрыс болған жағдайда жаңа жүргізуші және жұмбақ жасырушы сайланады. Балалар өздері қай ойыншыққа қалай жасыруға және қалай көрсетуге болатындығы жайында пікір таластыруларына болады. Егер бала ойыншықты таба алмаса онда ол жүргізуші болып қала береді де, жұмбақ жасыратын бала қайта таңдап алынады.



 

20-сабақ.

Мақсаты: зейінді (ауыспалығы мен тұрақтылығы) заңдылықтарды қалыптастыру біліктігі мен сызба бойынша әрекет ету біліктілігін қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

  1. Оқытушының алғы сөзі (амандасу рәсімі).

  2. Бой жазу. (оқытушының таңдауыңа байланысты).

Бой жазу жаттығулары балалардың эмоциональдық жағдайына байланысты таңдап алынады. Сонымен бірге бұл жаттығу топтық іс-әрекеттің жемісті болуына әсері болуы қажет. (1- қосымшаны қара).

III. Сабақ мазмұны:

Бүгін бізге сызба бойынша  үйге қайтатын жолды анықтауға көмектесетін болады. Бұл сызбада жол бойында есте сақтауға ыңғайлы ерекше, қызықты заттар кездеседі. Оларды бағыттаушы деп атауымызға болады.

Бұл заттардың  кейбіреулері сіздер зер салып орындау керек.

 

 



47 – сурет.

47-суретке қараңыздар. Қызық Телпек әжесіне бара жатыр. Оның қолында сол жердің жоспары бар. Ол жоспар сіздерге жақсы көріну үшін суреттің астында берілген. Жоспар бойынша көзбен және қолмен қадағалап отырып Қызыл Телпекпен бірге оның әжесіне баруға жолға шығамыз.

Алдымен ескі көпір арқылы өту қажет. Бұл көпір өте қорқынышты, себебі

 

31



көпірдің кейбір жерлерінен адам құлап кетердей сынған жерлері бар. Бұл көпірден сәтті өту үшін жаттығу ретінде «Крестер мен нүктелер» тапсырмасын орындайық.

1-тапсырма. «Крестер, нүктелер».

Тапсырмаға материал. Әрбір оқушыға арналған фигуралары бар қағаздар.

(48-сурет).

Оқытушы оқушыға былай деп түсіндіреді: «Бастадық» белгісі бойынша мүмкіндігінше тездетіп, солдан оңға қарай, бірінші бөлімдегі фигураларды қарап шығып, әрбір шеңберге «+» таңбасын, үшбұрыштарға «-»  таңбасын қойып шығуды талап етеді. Керек фигураға қоймай кету мен белгіні дұрыс қоймау қате болып есептелінеді. Жұмысқа 1,5 минут уақыт беріледі. «Тоқтат» белгісі бойынша жұмысты тоқтату қажет. Содан соң оқушылар сызықтың үстіндегі екінші қатардағы фигураларды қарастырады. Ал енді олар керісінше шеңберге «-» таңбасын, үш бұрышқа «+» таңбасын қоюлары қажет. «Бастадық»  белгісінен кейін оқушылар 1,5 минут аралығында жұмысты орындайды. Содан соң «Тоқтат»  белгісін ұмытпауымыз қажет. Өте аз қате жіберген оқушы жеңімпаз болып есептелінеді.

—  Жарайсындар! Сендер тапсырманы жақсы орындадындар, ал енді көпірден асықпай өтіп гүлді алқапқа шығамыз. Әрі қарай жол бізді сыйқырлы орманға алып барады. Көздеріңді жұмып, елестетіп көріңдерші. Сендерді қандай ағаштар қоршап тұр? Самал жел соғып, тал шыбықтар қозғалуда. Тал шыбықтардың қалай қозғалып тұрғанын біз де салып көрелікші. Олардың бір-бірімен, бізбен, желмен сөйлескенін тыңдап көрелікші (желді, ағаштардың қозғалысын таспаға басып алып қолдануға болады). Естимісіңдер! Бізге қарай бір нәрсе келе жатырғандай?

( Балалардың іс-әрекетін сырттай байқаймыз.) Қасқыр емес пе екен?

—    Қорықтыңдар ма? (Жоқ!) Әрине, қорқатын ештеңе де жоқ.

Бұл өзіміздің …

Шыршадан да секіріп, еменнен де секіріп,

Қысқы азыққа саңырау құлақ пен жаңғақты.

Жинайтұғын кім екен? (Тиін).

—   Балалар, сендер білесіндер ме? Тиін  «Жазу машинкасы»  ойынын ойнағанды жақсы көреді екен. Ол әріптен әріпке секіріп сөйлем «жазады». Ендеше біз де осы ойынды ойнап көрейік.

2-тапсырма. «Жазу машинкасы».

Әрбір оқушыға оқытушы әріптер арасынан бір әріптің атын береді. Содан соң сөз немесе 2-3 сөзден тұратын аяқталмаған сөйлем ойлап табады. Белгі бойынша оқушылар сөзді немесе сөйлемді «тере» бастайды. Сөздің бірінші «әріпі» алақанымен шапаттайды, содан соң екінші т.с.с. Сөз «теріліп» болғанда барлығы бірге алақандарымен шапалақтайды.

Мысал сөздер: үй, ата, әже, шеше, қол, түс, орындық, қасық.

—  Жарайсыңдар! Сендердің жақсы ойнағандарыңа тиін өте қуанышты. Ал енді тиінмен қоштасып, әрі қарай жол жүрейік.

Сонымен, балалар! Біздің алдымыздағы орман жанындағы алқап ортасында

32

тұрған кім? (суретші!) Ол үйдің суретін салып жатыр. Мынау менің әжемнің үйі емес пе? — деп суретшіден Қызыл Телпек сұрағысы келіп тұр. Оны білу үшін суретші «тоғызыншыны тап»  ойынын ойнауды ұсынып отыр.



3-тапсырма. «Тоғызыншыны тап» .

Тапсырмаға материал. Үйлер мен сөмке бейнеленген сурет (49-сурет).

Оқытушы оқушылармен бірге үй бейнеленген суретті қарап шығып былай дейді: «Суретші 9 сурет бейнелегісі келіп еді, бірақ, бір суретті ұмытып кетіп астыңғы бөлігіне бейнелейді. Төменгі 3 қатардағы қайсы үй сол орынға сай келеді соны табыңдар?».

Міне, бізде Қызыл Телпектің әжесінің үйіне де жеттік. Әжесі де қасымызда. Ол кісі Қызыл Телпекті де, сіздерді де, жоспар бойынша оның үйін жақсы тапқандарыңызға қуанып, мақтау айтып жатыр.

Төменде сызба  арқылы жол жүруді талқылаймыз. Көрсетілген нұсқаулар бойынша керекті жерлерімізге жетуімізге болады.

Сызба бойынша керекті жерді мекеннің бөліктерін бейнелейді. Жоспарды «оқи» отырып біз қай бағытқа жүру керек екендігін білдік. Бағытты басқаша да жазуға болады, яғни не істеу керектігін айта отырып.

Мысал: 5 қадам тура, 1 қадам оңға және т.б.

50- суретке қараңдар. Ертөстік үйіне баруы қажет. Ол қадамды санай алады және нұсқау белгілерін біледі.

Мысалға: тура, оңға бұрылу, солға бұрылу.

Бұл бұйрыктарды оған үлгі бойынша  жазып беру қажет.

 

Тура



 

Оңға бұрылу












 

 

Солға бұрылу



 

Қадам саны санмен жазылады. Қадам-1тор көз

 

 

Ертөстік үйіне бару керек. Сол үшін мына үлгі бойынша жүргізу керек.Қай жерде болады соны анықта.



33

Жауап: гүл

Жауап: балық

Жауап: қоян

Жауап: шырша

Жауап: үй

.

50-сурет.



 

  1. Сабақтың қорытындысын шығару.

Біз бүгінгі сабағымызда немен таныстық?

Сабақта не ұнады?

Сабақта не ұнамады?

Бұл ойындар мен тапсырмаларды неге орындаймыз?

Бұл жаттығулар бізге несімен көмектеседі?

 

21-сабақ.



Мақсаты: бейнені көшіре алу біліктілігін және ойлауды дамыту.

Зейін — бақылау әрекет ретінде.



Сабақ барысы:

III. Сабақ мазмұны:

1-тапсырма. Ою салу «Түйе табан» (9- сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (51-сурет).

2-тапсырма. «Жұмысын тексер».

Тапсырмаға материал. Фигура бейнеленген жеке дара бланкалар, қалам. (52-сурет).

Оқытушы былай деп түсіндіреді: «Үлгідегідей сызу балаларға тапсырылған болатын. Балалардың жұмысын тексер. Егер қатесі болса есепте. Олардың жұмысына баға бер».



3-тапсырма.

Тапсырмаға материал. Геометриялық фигуралары бар бет қағаз, қалам (53-сурет). Әрбір оқушы геометриялық фигуралары бар бет қағаз алады.

Оқытушы балаларға былай деп түсіндіреді: «Қағаздың жоғарғы бөлігінде квадрат қисық сызықпен, ал шеңбер түзу сызықпен сызылған суреттер салынған. «Бастаңдар» белгісі бойынша қатарларды солдан оңға қарай жақсылап қарап шығып фигураларды үлгіде көрсетілгендей етіп белгілеп шығыңдар. Бұл жұмысты тез, қателеспеуге тырысып орындау қажет. «Тоқта» белгісі бойынша қаламы бар қолыңды жоғары көтер».

34

Тапсырма 1,5-2 минут аралығында орындалады.



4-тапсырма. «Артық сөз».

Балаларға сөздер ұсынылады. Егер оның бірін алып тастағанымызда функциональдық құрылымы немесе бірдей түсінікпен біріктіруге болатын сөздер қалыптасуы қажет.

Көрсетілген түсінікке жатпайтын «артық» сөзді табу қажет. Тапсырмалар үлгісі қосымшада ұсынылған. Аса күрделенген нұсқаны, әртүрлі топтау негізіне байланысты, әртүрлі жауап нұсқасын ұсынуға негіз береді.

Мысалға: шыбын, страус, қарға, қарлығаш.

Мұндағы «артық» сөз шыбын (насеком, құс емес) немесе страусты да алуымызға болады (өйткені ол басқа құстармен салыстырғанымызда ұшпайды). Есеп шешімінің мұндай түрі балаларда бірнеше жауап түрінің болу мүмкіндігін көрсетеді. Сонымен бірге оқушылардың өздерінің көз қарастарын негіздей алуға шынықтырады.

 

22-сабақ.

Мақсаты: қағаз беті кеңістігінде жұмыс жасай алу біліктілігі мен ойлауды дамыту.

Сабақ барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. «Мына үй қайда?»

Тапсырмаға материал. Үй салынған плакат

Оқытушы айтады: «1, 2, 3 — үйлер жоғарғы қатарда, 4, 5, 6 -үйлер ортаңғы, 7, 8 — үйлер төменгі қатарда орналасқан, 1, 4, 7 -үйлер сол жақ бағанада, 2, 5, 8 -үйлер ортаңғы, 3, 6 — үйлер оң жақ бағанада орналасқан». Онан кейін сұрақтар қояды: «Қайда, қай қатар мен бағанада 4-ші үй орналасқан?», «2 және 6 үйлер бір қатарда орналасқан ба?», «Төменгі қатар мен сол жақ бағанада орналаскан үй қайсы?» және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет