«1-сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту сабақтары»



бет4/5
Дата16.10.2019
өлшемі71,97 Kb.
#50028
1   2   3   4   5
Байланысты:
1сынып бейимделу


2-тапсырма. «Бір сөзбен ата».

Мұғалім оқушылардан бірнеше сөзді ортақ бір сөзбен атауды талап етеді.

Мысал сөздер: бақа, алабұға, сазан, қызғалдақ, қалампыр, раушан, сарғалдақ

орындық, керует, стол, шкаф



3-тапсырма. «Түсінікті нақтылау».

Берілген түсінікке қатысты бірнеше сөзді атап шығу керек.

Мысалы: «жемістер», «құстар», «адам аттары» және басқа.

4-тапсырма. «Вордбол».

Оқушылар екі топқа бөлініп, біріне-бірі қарама-қарсы сапқа тұрады. Әрбір ойыншы кезекпен қарсы қатардағы оқушыға доп лақтыра отырып бір сөз айтады.

 

23-сабақ.

Мақсаты: ырықты зейіннің (кәдемі, ауыспалыға), тактильді есте сақтаудың, түсініктік ойлаудың, қиялдың дамуы.

 

35



Сабақ барысы:

ІІІ. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. «1 ден 15 дейінгі сандарды тап» (15-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (55-сурет).

2-тапсырма. «Белгілерді қойып шық».

Тапсырмаға материал. Геометриялық фигуралар салынған бет қағаз қаламдар (56-сурет).

Оқытушы: «Бланктің жоғары жағында фигуралар салынған, олардың ішіне белгілер қойылған: тіктөртбұрыш  ішінде — үтір, үшбұрышта – сызық, дөңгелекте — нүкте, зиг-заг  — жұлдызша. «Баста» командасы бойынша үлгіде көрсетілгендей етіп қатар бойынша солдан оңға қарай фигураларды қарап шығып олардың ішіне тыныс белгілер қою керек. Мұны тез және қателеспей істеу керек, яғни фигураларды қалдырып кетіп немесе басқа белгі қойып қоймау керек. «Тоқта!» командасы бойынша қалам ұстаған қолыңды жоғары көтер». Тапсырма 1,5-2 минут аралығында орындалады.

 

3-тапсырма. «Конспиратор».

Жүргізуші дөңгелектің ішінде тұрады. Балаларға анықтап қарап алғаннан кейін, оның көзін байлайды. Оқытушы баладардан орын ауыстырып тұруын сұрайды және жүргізушіні балалардың біреуінің қасына жақындатады. Жүргізуші жақындатқан адамды сипап — сезу арқылы танып білуі керек. Пікір: балалардын жартысына жүргізушінің орнында болып көруіне мүмкіндік беру.

Әр балаға 4 рет кезек беріледі. Ойын соңында нәтижесін шығару керек, қай бала қанша рет тани білді. Бұл ойынды 3 кезеңмен өткізу керек.

1-кезең: Алғашқы сабақта топтың жартысы жүргізуші болады;

2-кезең: Келесі сабақта 2-ші топ жүргізуші болады;

3-кезең: Балалар киімдерін ауыстырып, түрлерін өзгертулеріне болады. Балаға тағы да жүргізуші болуына мүмкіндік беріледі. 3-ші кезеңде 4-5 рет ойнауға болады. Бұл ойынды қорытынды ойын деп есептейді. Егер оқытушы уақыт жеткізе білсе, онда ойынның 1, 2, 3 кезеңінді алғашқы сабақта өткізуге болады.



4-тапсырма. «Сиқыршылар».

Тапсырмаға материал. «Сиқыршыларға» екі бірдей сурет көрсетіледі.

Ойыншылардың міндеті, осы бірін «қайырымды» етіп, екіншісін «қатыгез» етіп салу қажет. Сонымен бірге «қатыгез» сиқыршы нені бүлдірді, ал «қайырымды» сиқыршы оны қалай жеңді, соған байланысты әңгіме құрастыру қажет. Салған суреттер бойынша көрме ұйымдастыруға болады.

 

24-сабақ.

Мақсаты: бейнені көшіру мен талдау біліктілігін, талдау және жинақтау процестерін, көрнекі бейнелік ойлауды дамыту.

Сабақ барысы:

 

36



 

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. Ою салу «Қошқар мүйіз» (9-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (58-сурет).

2-тапсырма. «Сөзді тап»

Оқытушы алдын-ала тақтаға әріптерді жазып қояды, ал одан оқушылар сөз құрастырулары қажет. Шешімін табу үшін әріптер жинағын оңнан солға қарай оқуы қажет, өйткені буындардың орны ауыстырылып қойылған.

Үлгі әріптер жинағы:    қ, я, a (аяқ)

з, а, в, а (ваза)

о, и, н, к (кино)

з, а, р, о (роза)

у, а, т (тау)

3-тапсырма. «Тоғызыншыны тап»  (20-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (59-сурет)

 

25-сабақ.



Мақсаты: қабылдауды, қиялды, ойлауды дамыту.

Сабақ барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. «Тез санап шық!».

Тез қабылдаудың нақтылығы мен жылдамдығын жаттықтыру үшін геометриялық фигуралары бар кестені пайдалауға болады. (60-сурет)

Тезірек санап шығуға тырыс:

а) неше рет дөңгелек кездеседі?

б) неше рет тіктөртбұрыш  кездеседі?

в) неше рет  үшбұрыш кездеседі?

г) неше рет  шеңбер кездеседі?

Секундомер арқылы әр тапсырманың орындалу уақытын белгілеп отыруға болады.



2-тапсырма. «Би».

Тапсырмаға материал. Балаларға билеу ұсынылады. Бала не билегісі келеді соны билейді. Оқушы билеп жүрген кезінде қандай да болмасын тіршілік иесінің бейнесін салуы қажет. Ол бейнені өзі ойлап тапқаны жөн болар еді. Қиналған жағдайда оған көмектесуге болады. Балаға көмектесуге болатын тақырыптар: «көбелек», «қоян», «мысық», «жылқы», «ағаш», «гүл», «шәйнек», «үтік»,«жүзім», «қамыр»  т.б. Тағы да басқа тақырыптарды ұсынуға болады. Тақырып таңдағандағы негізгі ереже- қарапайымнан күрделіге өзгерту. Жаны бардан жансыз затқа ауысу.

Тапсырманың екінші бөлімі: енді би тақырыбы ретінде сезімдерді ұсынамыз.

Тақырыптар: «қуаныш», «қорқыныш», «қайғы», «көңіл-көтеру», «таң қалу», «бақыт», «өксу».

Балалардың әуенмен билеген кезіндегі би козғалыстары ырғаққа сай келуін қадағалауымыз қажет, яғни тек сезімді мимикамен салып қана қоймай, тапсырмаға әуеннің барлық түрін алуымызға болады. Тек мағынасын бала түсінбейтін болса болды.

37

3-тапсырма. «Ұқсастық және айырмашылық».

Оқушыларға әртүрлі заттар мен түсініктердің барлық ұқсас белгілерін жинақтап және айырмашылығын айқындап салыстыру ұсынылады. Мүмкін жұп сөздер қосымшада көрсетілген. Бұл тапсырманы орындағанда оқушылардың келесі міндетті жағдайларына оқытушы көңіл аударғаны жөн: бірінші ұқсастығын, содан соң айырмашылығын атаған жөн.

 

26-сабақ.



Мақсаты: ырықты зейінді, ойлауды (абстрактілеу), қиялды дамыту.

Сабақ барысы:

III. Сабақтын мазмұны:

1-тапсырма. «Керісінше».

Ойын тәртібі бойынша басқарушы қандай да бір қимылдар көрсетеді, ал балалар оған керісінше қимыл жасаулары керек. Егер басқарушы — қолын көтерсе, онда балалар қолдарын төмен түсірулері қажет. Егер басқарушы саусақтарын жұдырықтап жұмса, онда балалар алақанын ашулары керек.

Қателескен адам жүргізуші болады.

2-тапсырма. « Ретімен санап шық»

Тапсырмаға материал. Ретсіз жазылған сандар (61-сурет).

Бұл тапсырмада балаға ең үлкен санды табу талап етіледі. Ал бала абстракция арқылы санның сыртқы түрі арқылы оның көлемі үлкенін айтуы мүмкін. Ол дұрыс емес. Содан кейін тез атап шығуға байланысты ойын ұйымдастыруға болады.



3-тапсырма. «Артық сөз» . (21-сабақ).

 

27-сабақ.



Мақсаты: Мидың қос жарты шарларын белсендіру негізінде зейін қасиетін, ойлауды және қиялды дамыту.

Сабақ барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. «Қос қолмен».

Тапсырмаға материал. (62-сурет).

Бұл дәптердегі тапсырмаларды екі қолмен бірдей орындайды. Оқушы екі қолына қалам алып, сызықтардың үстінен басып сызулары, содан кейін фигураларды бояулары қажет.



2-тапсырма. «Артық сөз». (21-сабақты қара).

3-тапсырма. «Ұқсастық және айырмашылық». (25-сабақты қара).

4-тапсырма. «Картошка монологы».

Оқытушы балаларға былай деп түсіндіреді: «Картошка өніп жатыр деп ойлаңдар. Қазір сіздер 6 минут ішінде картошка монологын ойлап табыңыздар. Сосын оны бізге картошка атынан айтып беріңіздер».

Егер балалар қиналыңқырап жатқан болса, онда бірнеше болатын нұсқаларын айтып көмектесуге болады. Ойын соңында өте жақсы

 

38



монологтар таңдалады.

 

28-сабақ.



Мақсаты: Есте сақтауды, сөздер арасындағы логикалық байланыс қалыптастыру біліктілігін дамыту.

Сабақ барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. «Тактильдік бейне».

Балалар екіден бөлінеді. Егер біреуіне екінші адам жетпесе, онда үш оқушыдан бірігуге болады. Жұптағы баланың біріншісі алдында, екіншісі артында тұрады. Артында тұрған бала алдыңғы баланың арқасына қолмен бір сурет салады. Мысалы: үй немесе кеме т.б. Өзінің арқасына сурет салдырған бала қандай сурет салынғанын анықтауы қажет. Егер ол жауабын тапса алдыға бір қадам алға жылжиды да, балалар орындарымен ауысады. Қай топ мұғалімге бұрын жетсе, сол топ жеңімпаз болып есептелінеді.

Алдымен балаларға ойын шартын жақсылап түсіндіру қажет және салынатын сурет оңай болуы тиіс.

2-тапсырма. «Аналогияны табу».

Қандай да болмасын бір зат аталынады. Сол айтылған затқа ұқсайтын қандай да болмасын заттарды көбірек табу -талап етіледі (формасы мен маңыздылығы жағынан). Онда заттың мына ерекшелігіне назар аударуымыз қажет: зат неден жасалынған, не үшін қолданады және бір класқа жатқызуға болады ма?

1-нұска  тік ұшақ

2-нұсқа  қуыршақ

3-нұсқа  жер

4-нұсқа  қарбыз

2-нұсқа бойынша мысал: қуыршақ-сылдырмақ, жұмсақ қонжық (ойыншықтар), қуыршақ-тәрелке, кесе  (фарфор),  қуыршақ-телефон, қорап (пластмасса).

Балаларға бұл ойында көмек беріп, дұрыс емес жауаптарын түзетіп отыру қажет.



3-тапсырма. «Жұбыңды таңда».

Бұл тапсырма аралық түсінік байланыстарының дамуына мүмкіншілік береді. Белгілі бір логикалық байланысы бар екі сөз ұсынылады (мысалы: себеп-салдарлы, топтас, фукционалдық қатынасты және т.б.) Оқушы келтірілген үшінші сөзге, қатарда тұрған сөздерден логикалық байланысы бар сөздерді таңдауы қажет немесе өздігінен ойлап табуы керек.

Тапсырмаға мысал:


  1. ән: композитор — ұшақ : ? (аэродром, жанармай, конструктор, ұшқыш).

  2. мектеп: оқыту — аурухана : ? (дәрігер, оқушы, емдеу, ауру).

  3. орман: ағаштар — кітапхана : ? ( қала, кітап, емдеу, ауру).

  4. жүру: тұру — айғайлау : ? (еңбектеу, үндемеу, шулау, шақыру).

 

39

29-сабақ.



Мақсаты: Есте сақтауды, сөздер арасындағы логикалық байланысты қалыптастыруды және қиялды дамыту.

Сабақтың барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. «Қарлы үйіншік» (15-сабақты қара).

2-тапсырма. «Жұбынды таңда».

Тапсырмаға мысал:



  1. Таң: түн — қыс : ? (ызғар, күн, қаңтар, күз, шаналар)

  2. Құс: ұя — адам 😕 (адамдар, жұмысшылар, балапан, үй, ақылды)

  3. Құлақ есту — тістер : ? (көру, емдеу, шайнау, ауыз)

  4. Сиыр: бұзау — жылқы : ? (сұлы, атқора, құлыншақ, ат арба)

3-тапсырма. «Ертегі құрастыр».

Оқуытушы балаларға былай деп түсіндіреді: Сендер ертегілер әлемінде жүрмін деп елестетіңдер. Онда ертегі құрастырушылар өмір сүреді. Сен де сол әлемде өмір сүре отырып, ертегі құрастыра бастадың. Осы әлемнің атын ойлап тап. Бұл әлемнің үйлері және тұрғындары қандай? Оларды суреттеп немесе салып бер.

Ауызша әңгімеге 5 минут уақыт беріледі. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі де, содан соң әңгімелей бастайды. Әңгіме барысында қиялының даму деңгейін келесі белгілер бойынша анықтауға болады:


  1. Қиял процесінің жылдамдығы.

  2. Қиял бейнесінің сонылығы.

  3. Қиялдың байлығы.

  4. Дененің бөлшектігі және тереңдігі.

  5. Бейненің эмоциональдығы.

Бұл белгілердің бағалану критериі «сөздік фантазия» әдістемесінде ұсынылған.

 

30-сабақ.



Мақсаты: Мидың қос жарты шарын белсенденіру арқылы зейін қасиетін, талдау қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. «Қос қолмен»(27-сабақты қара).

Тапсырмаға материал. (63-сурет).

2-тапсырма. «Картошка монологы». (27-сабақтан күрделендіріп алуға болады).

«Картошка өніп жатыр деп ойлаңдар. Қазір сіздер 6 минут ішінде картошка монологын ойлап табыңыздар. Сосын оны бізге катошка атынан айтып беріңіздер. Егер балалар қиналыңқырап жатқан болса, онда бірнеше болатын варианттарын айтып көмектесуге болады. Ойын соңында өте жақсы монологтар таңдалады».

 

40

31-сабақ.



Мақсаты: Ойлауды, талдау қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. «Заттарды ата».

а) балаларға 2 — айтылған белгілермен сәйкестендірілетін 3 затты атау ұсынылады. Мысалы:



                        Ашық                                                            Сары

жарық


күн

шам


 

Кейбір жағдайларда белгілер тура мағынасында ғана емес, қарама-қарсы мағынада да қолданылуы мүмкін. Мысалы: тәтті, жеңіл (өмір, иіс, жеңіс)

Түссіз

Көгілдір                         анық                       жуан

б) Үш белгісі бар 2 затты атау ұсынылады

   

      Тегіс                                  қара                      тыныш

      Ашық                               жеңіл                    жылтырақ


2-тапсырма. «Қарлы үйіншек» (15- сабақты қара).

32-сабақ.

Мақсаты: Мидың жарты шарын, зейін ерекшелігі арқылы көріп қабылдауды және талқылау қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. «Қос қолмен» (27-сабақты қара).

Тапсырмаға материал.(64-сурет).



2-тапсырма. «Санап шық».

Жылдамдықты ұлғайту үшін және нақты көзқарасты қалыптастыру үшін 100 тор көздік таблица керек. (65-сурет).

Үлгі суреттер:    а) неше рет А әрпі кездеседі?

б) неше рет Ө әрпі кездеседі?

в) неше рет И әрпі кездеседі?

г) неше рет Н әрпі кездеседі?

д) неше рет Л әрпі кездеседі?

е) неше рет В әрпі кездеседі?



3-тапсырма. «Артық сөз». (21-сабақты қара).

 

 



 

 

41



33-сабақ.

Мақсаты: Зейінді, ойлауды, талқылау қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы:

III. Сабақтың мазмұны:

1-тапсырма. «Тыңда және орында».

Мұғалім бірнеше іс-әрекетті айтады, бірақ оларды көрсетпейді. Бұл тапсырманы 1-2 рет қайталауға рұқсат етіледі. Содан соң, мұғалімнің айтумен балалар осы іс-әрекеттерді қайталауы керек.

1-тапсырма. Басыңды оңға бұр, бастапқы қалып. Басыңды төмен түсір, бастапқы қалып.

2-тапсырма. Оң қолыңды жоғары көтер, сол қолыңды жоғары көтер, екі қолыңды төмен түсір.

3-тапсырма. Солға бұрыл, тізе бүк, тұр.

4-тапсырма. Оң аяғыңды көтер, сол аяғыңмен тұр, оң аяғыңды қой.

Егер балалар екі тапсырманы орындай алса, онда 3-4 тапсырмаларды да қосуға болады. Егер балалар соңғы екі тапсырманы орындауға қиналса, алғашқы екеуіне жаттығу қажет.

2-тапсырма. «Бірдей затты көрсет».

Тапсырмаға материал. 10-15 түрлі заттарды дайындау қажет (кесе, тарелка, нан, қант, сүлгі, қасык, бет орамал, секіргіш, шеге, ілгіш, кілт, қалам т.б.).

Оқушыларға ұксас заттарды табу ұсынылады.Алдымен темірден жасалған заттарды, содан соң басқа құрылымды заттарды (жейтін, жұмсак, домалақ т.б.). егер балалар мұндай таңдауға қиналмайтын болса, онда екі белгісі бар заттарды таңдауды ұсынамыз.



3-тапсырма. «Ертегі құрастыр». (29- сабақты қара).

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

42



 

Қорытынды.

 

Ұсынылып отырған бағдарлама оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Психологиялық бағыттың бұл түрін алуымыздың ең басты себебі де, біздің ойымызша, танымдық қабілет — мектептегі білім сапасының артуына, нәтижелі оқытудың негізін қамтамасыз етеді.



Дәстүрлі оқыту үрдісінде оқушыларды жүйелі және бағдарлы түрде психологиялық дамыту қажеттілігі мен маңызы артып келеді. Өз тәжірибемізден алынған мәліметтерге сүйенсек психологиялық дамыту сабақтары, жалпы білім беретін сыныптар мен әсіресе түзету сыныптардағы оқушыларға көп көмек беріп отырғаны анықталды. Мұндай сыныптар бойынша өткізілген экспериментальды жұмыстардың нәтижелері әлі де жинақталып жатса да, алынған нәтижелер бойынша бұл психологиялық дамыту жұмыстарының, оқушылардың танымдық қабілеттерінің артуына, оқушы бойында білімге деген оң көзқарастардың қалыптасуына, оқу бағдарламасын сапалы игеруіне әсері мол екендігін, жоғары нәтижелілігі жөнінде сенімді түрде айта беруге болады.

Психологиялық дамыту әдістері мен тәсілдері бастауыш сынып деңгейіндегі оқушылардың психологиялық дамуын ғана жетілдіріп қоймай, жалпы білім деңгейін нәтижелі игеруі мен болашақта үнемі дамытып отыратындығына сеп боларына сенімдімін.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

43



  1. Бірлескен іс-әрекетке жұмылуына қажетті балаларды белсендіретін бой жазу ойындары.

  2. «Бастапқы қалып» ойыны.

Ал енді достар, сендерді бой жазуға шақырамын!

Сіздерге, өздеріңіздің орындықтарыңызға барынша ыңғайлы отыруларыңызды сұраймын. Менің «тұрыңыздар!» сөзім бойынша барынша тез тұруға тырысындар да, ал, «отырыңдар» сөзім бойынша тез отырыңдар. Барлықтарың бір мезгілде тұрып содан соң бір мезгілде тез отыруға тырысыңдар.

          2.«He ұшады»  ойыны.

Балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші балалардан не ұшады, не ұшпайды деп сұрай бастайды. Балалар үзіліссіз бір мезгілде тез жауап беруге тырысулары қажет. Ол былай жүреді: Егер жүргізуші қандайда болмасын ұшатын затты айтса балалар «Ұшады» — деп жауап беріп, оның қалай ұшатынын көрсетулері қажет. Егер айтылған зат ұшпайтын болса балалар үндемеулері қажет.



  1. «Би»-ойыны.

«Шеңбер құрып тұруларыңызды сұраймын.

-Қазір барлығымыз билейміз. Қазір біз, кімде билеу қимыл-қозғалысы жақсы дамыған соны анықтаймыз». Әуен ойнай бастайды. Осы уақытта жүргізуші тез және нақты әртүрлі би қозғалыстарын көрсете бастайды. Ал балалар осы биді тап осылай қайталаулары қажет. Соңында ерекшеленген ойыншымы анықтаймыз.



  1. «Жануарлар» ойыны.

Бұл ойында сіздер ым-ишара көмегімен жануарлар әлемінің бір өкілін бейнелеулеріңіз қажет. Бұл ойынды алдын ала балаларды 2 топқа бөліп ойнауға болады. Бөлінгеннен кейін әрбір топ өкілдері қарсы топқа бір жануарды жасырады да, ал екінші топ оны шешуі қажет.

  1. «Затты келесіге бер» ойыны.

Балалар екі топқа бөлінеді де, бір-біріне қарама-қарсы 2 қатарға тұрады. Содан соң топ ойыншылары қандай да болмасын домалақ затты біріншісінен екіншісіне берулері қажет. Затты берген кезде тек иегімен немесе иығымен көмектесуіне болады, қолмен көмектесуге болмайды. Егер затты беріп жатырғанда түсіріп алса онда ойын сол топ үшін қайта басталады. Ойын соңында жеңімпаз топ анықталады (Домалақ зат – доп, апельсин, алма т.б.).

  1. «Сұрақты өлең» ойын.

Балалар 2 топқа бөлінеді. Содан соң бірінші топ қандай да болмасын өлең шумағындағы сұрағы бар бөлігін ақылдасып тауып, барлығы әндетіп осы өлеңді сұрақ қылып 2-топқа қояды, ал екінші топ 1 минут ойланып осы сұраққа жауап берулері қажет. Содан соң топтар кезектесіп сұрақ қояды.

  1. «Заттың ойналынуы» ойыны.

Жүргізуші қандай да болмасын кішігірім затты таңдап алады. Ол: қалам, шалма т.б. Содан соң ол заттарды ойыншыларға береді. Осы кезден бастап ол

 

44



зат кез-келген зат болып есептелінеді, тек өз аты қайта берілмейді. Әрбір ойыншы ол затты кез-келген бір зат деп елестетіп, оның әрекетін қысқаша көрсетуі қажет.

Мысалға, сіз қолыңыздағы қаламды қалам емес градусник деп елестетесіз де онымен не істеуге болатынын көрсетесіз. Мысалға: қолтығыңызға салып ыстықтығыңызды өлшейсіз бе немесе т.б. Ойын соңында жақсы ойыншы (актер) іріктетіліп алынады.



  1. «Бір әріп» ойыны.

Балалар шеңбер құрып отырады. Бөлмеде бар, заттың аты аталатын қандай да бір әріп таңдап алынады. Әрбір ойыншы сағат тілімен таңдап алынған әріптен басталатын бөлмедегі өз затын атайды. Соңында осындай затты тауып айта алған бала жеңімпаз болып есептелінеді.

 

ІІ. Балалардың сабырлануына кажетті импульсивтілік пен қозуды бәсеңдететін бой жазу ойындары.

     


  1. «Шапалақ» ойыны.

Балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші таңдап алынады да, ол сағат тілі бойынша ойынды бастауға дайындалып тұрады. Содан соң жүргізуші алақанымен бір шапалақ жасайды, ал оның жанында тұрған ойыншы шапалақты қайталайды. Келесі балалар барлығы кезекпен осы шапалақты қайталайды. Осыдан кейін жүргізуші шеңбердің кез келген жеріне барып алақанымен шапалақтаған кезде осы жерден бастап сағат тілімен, шеңбер бойынша шапалақты қайталау басталады. Орынды әрқашан жүргізуші таңдайды.

  1. «Ән» ойыны.

Балалар шеңбер құрып отырады. Шеңбердің ортасына жүргізуші шығады да былай дейді: — «Қазір барлығымыз бірге қандай да болмасын бір әнді орындаймыз (Балалар өздеріне таныс жақсы өленді таңдап алады)». Бұл өлең 2 шумақтан аспауы қажет. Егер керек болған жағдайда өлеңнің сөздерін еске түсіруімізге болады.

Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. «Менің бірінші шапалағым бойынша осы өлеңді айта бастайсындар да, екінші шапалағым бойынша өлеңді дауыстап емес тек ішімізден айтып жалғастыра бересіндер, ал үшінші шапалағым бойынша — өлеңді қайта дауыстап жалғастырып айта бересіндер».



  1. «Сезімді тап» ойыны.

Ойынның басында балалардан адам баласында қандай сезімдер болатынын сұраймыз (қуаныш, қорқыныш, үрей, жиіркеніш т.б.). Содан соң балаларды бірнеше минут ойландырып алып, ым-ишара көмегімен белгілі бір сезімді бейнелеуін сұраймыз. Қалған балалар ол қандай сезімді бейнелеп тұрғанын табулары қажет.

  1. «Доп» ойыны.

Балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші ойын шартын былай деп түсіндіреді: «Допты қолдарыңа алып, шеңбер, бойынша бір-бірлеріңнің

45

қолдарыңа беріндер. Әуе арқылы допты беруге болмайды. Егер де кім де кім допты әуе арқылы берсе немесе қолынан түсіріп алса, сол ойыншы ойыннан шығады».



  1. «Имек» ойыны.

Бірінші ойыншы қарандаш пен қағаз алады да, оның бетіне үлкен емес имектің суретін салады. Содан соң ол қағазды келесі ойыншыға береді. Келесі ойыншының мақсаты мынау болмақ: имекті жалғастырғанда қандай да бір мәні бар зат немесе жануар пайда болуы қажет. Әрі қарай осы ойыншы келесі ойыншыға жаңа имек салып беріп, оған ұсынады. Ойын соңында жеңімпаз іріктеліп алынады.

  1. «Соңғы әріп» ойыны.

Соңғы ойыншы бір сөзді айтады (жекеше түрдегі зат есім болуы қажет). Келесі ойыншы бірінші ойыншы айтқан сөздің соңғы әрпінен басталатын сөзді есіне түсіріп айтуы қажет.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет