2.2. Сабақтар мазмұны
1-сынып оқушыларының психологиялық дамуына арналған
сабақтар.
1-сабақ.
Мақсаты: топ балаларының етене жақын танысуы үшін жағдай жасау, зейін және байқағыштықты дамыту.
Сабақтың барысы:
Оқытушының сөзі. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен оның өтілуі түсіндіріледі. Сонымен бірге топтағы қарапайым мінез ережелерін түсіндіреді.
Бой жазу (разминка) сабақ жетекшісінің қалауына байланысты таңдалады).
III. Сабақтың мазмұны:
1-тапсырма. «Доп».
Бұл ойында балалар доптың көмегімен бір-бірімен танысады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Ойыншының бірі допты қолына алады.
Оқытушы: «Ал енді доппен ойнай отырып танысатын боламыз. Шеңбер бойынша, сағат тілімен, доп кімде болса сол кісіден бастап, атымызды айта отырып допты бірімізден-екіншімізге береміз. Допты бере отырып көршіміздің көзіне қараймыз. Доп кімде болса сол бала шеңбердегі кез келген баланың біріне, сол баланың атын айтып, допты лақтырады. Егер кімде кім доп бағытталған баланың атын жаңылыстырса,онда өзінен бастап сағат тілімен барлық ойыншылардын атын айтып шығады. Сонымен, допты кімге бағыттайсыңдар соның атын айтып бір-бірлеріңізге лақтырыңдар. Бастаймыз!» —дейді.
Допты қағып алу оңай болу үшін лақтырушы балаға допты тура лақтыруы керектігі түсіндіріледі.
2-тапсырма. «Кім байқағыш және назар аударғыш» .
Балалардың біреуі жүргізуші болады. Ол ойыншылардың киімі мен отырыстарын есіне сақтап бөлмеден шығуы керек. Осы уақытта ойыншылар өздерінің отырыстары мен киімдеріне 5 өзгешелік енгізулері қажет. Әрбір ойыншыда емес, барлығы 5 өзгешелік болуы керек. Осыдан кейін жүргізуші келіп өзгерген ерекшеліктерді орындарына келтіруі қажет.
Егер жүргізуші барлық 5 өзгешелікгі тапса, онда ол балада жоғарғы деңгейдегі зейін мен жақсы байқағыштық басым болғаны.
3-тапсырма . «Корректуралық байқау».
Әрбір оқушы өз аты жазылған қағаз алады. Қағазда қыздар бейнесі бейнеленген. Оларды сыныптарға бөлу кажет.(1-сурет).
Бірінші тапсырма: қара бантигі бар барлық қыздарды тік сызықпен сызу керек.
Екінші тапсырма: қара шашы мен қара бантигі бар барлық қыздарды
15
көлденең сызықтармен сызу керек.
Үшінші тапсырма: қара шашы мен ақ бантигі бар қыздарды қатесіз және барынша тез астын сызып шығу керек.
«Бастаңдар!» бұйрығы (команда) бойынша сызуды бастайды да, «Тоқтаңдар!» бұйрығы бойынша жұмыс тоқтатылып, сол тоқтатылған жерге тік сызық қойылады. Содан соң қағаздар тексеріледі де, 3 тапсырманың нәтижесі бойынша қаралған белгілер саны мен жіберілген қателер саны есептелінеді.
10-11 қатарды қатесіз қарап шыққандардың жоғарғы нәтиже көрсеткенін, ал 8-9 қатарды қатесіз қарап шыққандардың жақсы нәтижесін мақтан тұтуына болатындығын келесі сабақта балаларға айтамыз.
Сабақтың қорытындысын шығару.
Біз бүгінгі сабағымызда немен таныстық?
Ол сізге несімен ұнады?
Ол сізге несімен ұнамады?
Бұл ойындарды біз не үшін ойнаймыз?
2-сабақ.
Мақсаты: Зейін байқағыштығы мен кеңістіктік елестетулерді дамыту. Затты нақты және дұрыс айту қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы:
ІІІ. Сабақтың мазмұны:
1-тапсырма. «Кім байқағыш және назар аударғыш» (1-сабақты қара).
Бірінші сабақта ойналған нұсқасына қарағанда ойындағы өзгерістер күрделеніп әсем әуенмен орындалады. Ойын соңында аса байқағыш және назар аударғыш баланы ерекшелеп айтуымыз қажет. Жетекші етіп алғашқыда қате жіберген балаларды алған жөн.
2-тапсырма. «Дұрыс боя».
Тапсырма материал. Әрбір оқушыда түрлі түсті қалам мен квадрат сызықтарға бөлінген және үйшік бейнеленген қағаз парақтары болуы қажет. (2-сурет).
а) оқытушы балаларға сол жақтағы 2-үйшікті; көк қаламмен, оң жақтағы
3-үйшікті қызылмен, көктің алдындағы үйшікті жасылмен, қызғыш түс көк пен сары түстің арасында қалатындай үйшікті сарымен, сарыдан кейін келетін үйшікті қоңырмен бояуды ұсынады.
б) оқытушы жұлдызшамен белгіленген тор көзді (клетка) қара қаламмен бояуды талап етеді. Төмендегі тор көзді жасылмен, ал жоғарыдағы тор көзді сарымен бояйды. Қара мен қызылдың арасында сары тор көз қалатындай тор көзді қызылмен бояйды.
в) екі сызықтың қиылысуында орналасқан тор көздіжасылмен, жасылдың оң жағындағысын қызылмен, сол жағындағысын сарымен, қызылдан кейін келетін тор көзді көкпен, сарыдан бұрын келетінін қарамен, жасылдың үстіндегісін көгілдір түспен бояуды ұсынады.
16
Әрі қарай сабақ бөлімдерінің тек мазмұндары түсіндіріледі.
г) шеңберлердің реттік ізділігін қарап шығып бос тор көздерді толтыруды ұсынады.
3-тапсырма. «Заттарды ата». Балалар бірінен соң бірі сыныпта бар айналадағы заттарды атап шығады.
Содан кейін оқытушының тапсырмасы бойынша мына тақырыптардағы сөздерді атауды ұсынады: Мысалы «Көкөніс», «Жиһаз», «Киім», «Ыдыс», «Өсімдік», «Дүкен».
3-сабақ
Мақсаты: есту сезімі, зейіннің шүйлігуі мен тұрақтылығын дамыту.
Сабақтың барысы:
III. Сабақтың мазмұны:
1-тапсырма «Дыбысты тыңда».
Оқушылар терезе сыртында шығып жатқан дыбысты тыныштықта естуге тырысады. Мысалға: шыны үстіне тамған тамшы дыбысын, желдің уілін, құлаған қардың және күннің күркіреген дыбысын.
2-тапсырма. «Атын ата және ұрғылап тексер».
Балалар оқытушымен бірге бөлменің әрбір түкпірінде тұрған 10-15 әртүрлі заттарды таңдап алады. Ол заттардан қаламмен ұрғанда қандай дыбыс шығатындығын тыңдайды. Содан соң оқушылар көздерін жұмады да оқытушы осы заттардың бірін қаламмен 5-10 рет ұрады. Ол затты оқушылар табулары қажет.
3-тапсырма. «Жасырынбақ».
Тапсырмаға материал. Футбол ойнап жүрген балалар бейнеленген сурет. Балалар суретті жақсылап қарап шығып, ондағы бірдей формадағы балаларды тауып, түрлі -түсті қаламмен бояулары қажет. (3-сурет).
4-тапсырма. «Жіптің ұшын тап».
Тапсырмаға материал. Шатасқан сызықтар бейнеленген бет қағаз (4-сурет).
Оқушылар көз жүгірте отырып сызықтардың бағыттарын қараулары қажет (қинаған жағдайда, бірінші кезеңде таяқшаны немесе саусақты пайдалану рұқсат етіледі). Кімде-кім басқалардан тез дұрыс жауап бере отырып тапсырманы орындаса, сол жеңімпаз болады.
4-сабақ.
Мақсаты: Зейіннің шүйлігуі мен тұрақтылығын және ойлауды (талдау) дамыту.
Сабақтың барысы:
III. Сабақтың мазмұны:
1-тапсырма. «Графикалық диктант».
Өрнек үлгісі ауызша нұсқау формасында оқылады. Мысалға: бір клетка оңға, бір клетка жоғары, бір клетка оңға; бір клетка жоғары, бір клетка оңға, бір клетка төмен және сол секілді. Төменде үлгі сурет көрсетілген. Ал, балалар
17
5- суретке мұғалімнің айтуымен осыны салулары қажет.
5-сурет
2-тапсырма. «Ең зейінді».
Ойыншылар жарты шеңбер құрып тұрады. Содан соң жүргізушіні анықтайды. Жүргізуші ойыншылардың орналасу реттілігін қарап шығып есінде сақтайды да, өзі артқа қарай айналады. Осы уакытта ойыншылар орындарын алмастырады. Жүргізуші ойыншылардың ойынның басында қалай тұрғандықтарын айтады. Барлық ойыншылар жүргізуші орнында болуы қажет. Қателеспеген ойыншылар жеңімпаз болып табылады.
3-тапсырма. «Ерекшелігін тап».
Тапсырмаға материал. Салыстыруға қажетгі суреттер ұсынылады. (6-сурет).
Оқушылар суретті қарап шығып ондағы 8 ерекшелікті табулары қажет.
4-тапсырма. «Қиылысу».
Тапсырмаға материал. Оқушыларға әртүрлі заттардың суреті бар бланка ұсынылады (7- сурет).
«Қиылысу» тапсырмасында бір суретгі іздестіруге байланысты, ұсынылған заттардың бір-бірін не біріктіреді, не бөледі, соны табу талап етіледі. Мысал:
7- суреттің А бөлімінде берілген тапсырмасында 1 және 2-үйлер арасынан
А және Б үйлерімен қандайда болмасын бірдей белгісімен ұқсас үйді табу қажет. Бұл жерде дұрыс жауап деп 2- үйді айтуымызға болады. Өйткені онда А үйіндегіге ұқсас терезе, ал Б үйіндегіге ұқсас шатыры бар. Егер бала жауап ретінде 1- үйді дұрыс деп тапса, онда оның жаңылысқандығы. Өйткені ол сол заттың тек бір белгісіне көңіл аударған.
5-сабақ.
Мақсаты: Үлгіні салыстыру мен талдау біліктілін және ұғымдық ойлау мен көріп қабылдауды дамыту.
Сабақтың барысы:
III. Сабақтың мазмұны:
1-тапсырма . «Осылай бейнелеп сал»
Тапсырмаға материал. (8-сурет ).
Оқушылардан үлгіні қарап шығып, тап солай жаңғыртуды талап етеміз.
18
2-тапсырма. «Фигураларды ата»
Тапсырмаға материал. Әрбір оқушы сурет бейнеленген бет қағаз алады. Ол суреттерді оқушы жақсылап қарап шығып олардың қандай фигуралардан тұратындығын айтып шығады. (9-сурет).
3-тапсырма. «Артық зат»
Тапсырмаға материал. 3 суреттен тұратын жинақ. Олардың әр қайсысында 4 зат бейнеленген. (10-сурет).
Оқытушы балаларға былай деп түсіндіреді: суретте бейнеленген 4 заттың ішінде 3-нің өзара жалпылық белгілері бар. Оларды бір топқа жатқызып бір сөзбен атауға болады. Бір зат басқалардан ерекше. Төрт заттың қайсысы артық?
4-тапсырма. «Өзің бейнелеп сал»
Тапсырмаға материал. Фигуралар жиынтығы (11-сурет)
Оқушылар фигуралар жиынтығын қолдана отырып тапсырылған затты салулары қажет.
Салуға арналған тапсырмалар: адам беті, клоун, үйшік, мысық, жауын, қуаныш.
Фигуралардың көлемін өзгертіп бірнеше рет қолдануға болады. Бірақ басқа фигуралар мен сызықтар қосуға болмайды.
Мыналарды ескеріп нәтижені бағалауға болады:
Барлық берілген суреттер бар ма?
Бейнелеудің нақтылығы?
Бейнелеудін ерекшелігі.
Бейнелеуде барлық ұсынылған фигуралардың қолданылуы.
Әрбір бөлімді бес ұпайлық жүйе бойынша бағалау және жалпы сан ұпаймен есептеу қажет.
Шама қаншалықты үлкен болса, соншалықты баланың қиялы мен
19
бейнелік ойлауы жоғары болғаны.
Баланың талап ету нұсқасы бойынша салған бейнесі ұқсас болмаса
да-1 ұпай;
«Осылайда болады» деген бағаңызға салған суретке- 2 ұпай;
Ұсынылған барлық фигуралардың гармоналдық ұқсастықта бейнеленгені
үшін-3 ұпай;
Барлық фигураларды қолданғаны және шындыққа жанасқаны үшін-4 ұпай;
Барлық фигураларды қолданғандағы сапалылығы үшін — 5 ұпай беріледі.
6-сабақ.
Мақсаты: Сөздік тапсырманы орындай алу біліктілігін, қиялын, үлгіні салыстыру мен талдай алу біліктілігін дамыту.
Сабақтың барысы:
III. Сабақтың мазмұны:
1-тапсырма. «Графикалық диктант». (4-сабақты қара).
Тапсырмаға материал. (12-сурет).
12 — сурет
2-тапсырма. «Сиқырлы жұмыртқа».
Тапсырмаға материал. Әрбір оқушы 13-суретке төмендегідей жұмыртқа түріндегі үлгі бойынша жаңа зат пайда болатындай етіп аяқтап салулары қажет.
Үлгі суреттер
3-тапсырма. «Осылай бейнелеп сал». (5-сабақты қара).
Тапсырмаға материал. (14-сурет).
4-тапсырма. «Буратиноның жұмысын тексер».
20
Тапсырмаға материал. Үлгі суреттер. (15-сурет).
Оқытушы: Мальвина Буратиноға өрнекті сызуды тапсырады. Сендер сол Буратиноның орындаған жұмысын тексеріңдер. Ол тапсырманы дұрыс орындады ма? Сендер қалай ойлайсыңдар, Буратино жұмысты жақсы орындауға тырысты ма?
Сенде де кейде осындай сәтсіздіктер болады ма? Сен жақсы орындауға тырысасың бірақ, жұмысың дұрыс болмай шығады. Here олай болады?-дейді.
7-сабақ.
Мақсаты: Тікелей көріп есте сақтауды, әрекет ізділігіне байланысты есте сақтауды дамыту.
Сабақтың барысы:
III. Сабақтың мазмұны:
1-тапсырма. «Көру диктанты».
Балаларға төмендегі суреттер 2-5 секунд көрсетіледі. (6-дан 9-ға дейін). Содан соң есте сақтау бойынша ол суреттерді жұмыс дәптеріндегі 16-суретке жаңғыртып салу қажет.
16-сурет
2-тапсырма. «Реттілікті есте сақта».
Toп арасынан 5-6 бала таңдап алынады. Қалғандары көрермендер. Таңдап алынған балалардың біреуі жүргізуші болады. Қалған 4-5 ойыншылар кіші паравоз болып орналасады. Жүргізуші 1 минут кіші паравоздарға қарап тұрып теріс айналып, кіші паравоздар қалай тұр соны реттілікпен аттарын айтып шығуы қажет. Осыдан соң ойыншылар көрермендер болып, ал ортаға басқа балалар шығып орын алмасады.
3-тапсырма. «Телеграфистер».
Балалар реттілікпен ұзақ және қысқа үзілістермен бөлінген, орындықта соғылған соққылар серияларын жаңғыртулары қажет. Сериялар құрылымы
21
бойынша біртіндеп ұзарады және күрделенеді.
Ырғақ үлгісі:
№ 1- II. I, I II
№ 2 — III I, I III, II
№ 3 — II III, III II
№ 4 -III III, II III, III II
8-сабақ.
Мақсаты:Тікелей көріп есте сақтаудың, ұғымды қойлаудың дамуы.
Сабақтың барысы:
III. Сабақтың мазмұны:
1-тапсырма. «Көру диктанты» (7- сабақты қара).
Тапсырмаға материал. (17-сурет).
17-сурет
2-тапсырма. «Түстер».
Ойыншылар шеңбер құрып орналасады.Барлық ойыншыларға реттілікпен бір түстегі бес заттың атын атауды ұсынады. (қызыл, жасыл, көк, сары, қара және т.б.) 1 минуттың ішінде айтылған белгісімен ерекшеленетін 5 затты айта алмаса сол ойыншы ойыннан шығады.
3-тапсырма. «Суреттерді таңдау».
Тапсырмаға материал. Суреттер жинағы-20 дана.
а) Суреттерді ретсіз тақтаға іледі де, оны қарап шығуды талап етеді. Содан соң оларды қандай топтарға бөлуге болатындығын сұрайды.
Үлгі суреттер жинағы: қоян, бұршақ, кірпі, аю, капуста. қасқыр, қияр, сиыр, шкаф, орындық, ешкі, диван, қой, стол, апельсин, автобус, абрикос, алма, машина, такси.
б) Бірнеше суреттерді көрсетеді және жалпылаушы сөзді атайды. Оған мағынасы жақын келетін суреттерді оқушылар таңдауы қажет. Мысалға, «шөптер» деген сөзді айтады да, оған байланысты мына суреттерді көрсетеді.
22
шырмауық, жол желкен, емен, жусан, қайың, (емен мен қайың жатпайды); «шыбын-шіркейлер» сөзіндегі суреттерге, қырықаяқ, шыбын, үкі, көкек, қоңыз (үкі, көкек жатпайды) және т.б.
9-сабақ.
Мақсаты: заңдылықтарды дәлелдеу біліктілігін, қиялды, кеңістіктік елестетуді дамыту. (баған мен қатардағы объектілердің орналасуын анықтау).
Сабақтың барысы:
III. Сабақтың мазмұны:
1-тапсырма. «Керекті сурет».
Тапсырмаға материал. Жауап нұсқасымен берілген тор көзде салынған заттар. (18-сурет)
Оқытушы балаларға былай деп түсіндіреді: Top көздердегі заттарға қара, олар белгілі заңдылықтар бойынша орналасқан. Осы заңдылықты түсініп алып, бос тор көзге керекті суретті сал. Жауап нұсқаларын қолдануға да болады. Заттардың орналасу заңдылығының қандай болғандығын бізге кім айтады?
2-тапсырма. Ою салу «Тарақ».
Тапсырмаға материал. 19-суреттегі оюды қайта жаңғыртып салу қажет.
3-тапсырма. «Фигураны анықта».
Тапсырмаға материал. Геометриялық денелердің контурмен берілген қағаз беттері. (20-сурет).
Оқытушы қағаздың бірінші бөліміндегі фигураларды қарап шығып, ұқсас деген фигураларды нұсқау сызықтарымен қосуды ұсынады.
а) Оқытушы оқушыға төменгі қатардың оң жақ бағанында орналасқан фигураны қызыл қаламмен бояуды тапсырады. Сонымен бірге мына сұраққа жауап беруін талап етеді. Суретті тағы осындай фигуралар бар ма? Олар қайда орналасқан?
б) Сол бағанның ортаңғы қатарында орналасқан фигураны көк қаламмен бояуды ұсынады. Осындай фигуралар суретте бар ма? Олар қайда орналасқан және т.б.
10-сабақ.
Мақсаты: Үлгіні салыстыру мен талдау біліктілігін, зейіннің шүйлігуін, есте сақтауды дамыту.
Сабақтың барысы:
III. Сабақтың мазмұны:
1-тапсырма. «Осылай бейнелеп сал».
Тапсырмаға материал. (21-сурет)
2-тапсырма. «Буратино қай жерде қателесті?»
Тапсырмаға материал. Буратино салған өрнегі бар бет қағаз (22-сурет).
3-тапсырма. «Жіптің ұшын тап». (3-сабақты қара)
Достарыңызбен бөлісу: |