1.№11 Cабақтың тақырыбы: Артериалды қан қысымын, тамыр соғуын, тыныс алу жиілігін анықтау
2.Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ
3.Өткізу әдісі: түсіндіру,көрнекілікпен көрсету
4. Сабақтың мақсаты: 4.1.Білімділік: білім алушыларға науқастың,тыныс алу жүйелерін қарапайым функционалдық тексерулерге үйрету тыныс алудың патологиялық бұзылыстарымен таныстыру тыныс алу жиілігін есептеуді үйретуге біліктілігін арттыру.
Білім алушылар меңгеру қажет: -артериальды қысымның алынған нәтижесін сандық түрде бақылау парағына және графикалық түрін қызу парағына тіркеуді;
-тамыр соғуды анықтау :
-кәріжілік, самай, білезік, ұйқы артерияларындағы тамыр соғуды есептеу іс-әрекеттерін;
-алынған нәтижесін сандық түрде бақылау парағына және графикалық түрін қызу парағына тіркеуді;
-тыныс алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін, ритмін анықтау іс-әрекеттерін;
-алынған нәтижесін сандық түрде бақылау парағына және графикалық түрін қызу парағына тіркеуді;
4.2. Тәрбиелік: білім алушыларды науқастың функционалдық жағдайын бағалау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.
4.3. Дамытушылық : білім алушыларда науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Науқасты бақылау қабілеттілігін дамыту.
5.Пәнаралық байланыс –Физиология
6.Пәнішілік байланыс – Кәсіптік этика және деонтология
7.Сабақ уақыты:-270 мин
8.Сабақтың көрнекі құрал-жабдықтары: манекен, қызу парағы, тонометр, мейіргерлік манипуляциялар стандарты
Сабақтың құрылымы; 1.Ұйымдастыру кезеңі -5 мин Білім алушылармен сәлемдесу, оқу журналы бойынша білім алушыларды түгелдеу, білім алушылардың формасын, дәрісхананың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың маңыздылығымен, мақсаты, міндеттерімен таныстыру.
2.Тақырып бойынша білімін тексеру кезеңі -25 мин(сұрақ - жауап) -Науқастың функционалдық жағдайын бағалау
-Гипертония және гипотония дегеніміз не?
-Систолдық , диастолдық қысым дегеніміз не