Екі бұғы Бір күні тауда жайылып жүрген екі бұғы шөпке таласып қалыпты.Екеуі жанжалдасып, бірін-бірі сүзе бастапты. Кейін шегіне түсіп, сыртылдата кеп мүйіздесіпті. Олар осылай әбден сүзіседі. Аздан соң талдың бұлағы сияқты бұғылардың мүйіздері ілінісіп қалыпты. Бірінен-бірі ажырай алмай әрлі-берлі тартысыпты.Мұны өтіп бара жатқан аңшылар көріп қуаныпты. Дереу келіп бұғыларды арбасына салып алып, үйлеріне қарай жөнеле беріпті.
Көшет Көктем шығысымен Айжан аулаға гүл егіп, ағаш отырғызды. Күнде су құйып тұрды. Бір күні ол әжесімен ауылға кетті. Таңертең гүлге, ағашқа су құю керек екені есіне түсті. Гүлдер солып калатын шығар деп уайымдаумен болды. Ұзақ жата алмай, төрт-бес күннен соң үйіне келді. Келсе гулі де, көшеттері де жайқалып өсіп қалыпты. Сөйтсе, апасы су құйып, күтіп жүріпті. Оны көрген Айжан қатты қуанды. (62 сөз)
Қажымұқан Қажымұқан жас кезден күшті болған. Бала кезінде жалшылықта жүрген. Оның күшіне ел таңғалады екен.Қыстың қақаған шағында бала жігіт отынға барыпты. Шанаға жеккен аты қарға омбылап мұзға тайғанақтап, мертігіп қалыпты. Мертіккен атты шанаға көтеріп салып, аттың қамытын мойнына іліп, шананы өзі сүйреп келіпті. Содан бастап оның атағы елге жайылыпты.Атақты палуан Франция, Германия, Түркия, Қытай елдеріне барып өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған. (65сөз)
Қалжыңбас қонақтар Самат пен Қайрат аулада ойнап жүрген . Бір кезде қақпаның ар жағынан бір үрген иттің даусы естілді. Балалар жалт қарады. Міне қызық, бір ит қақпаға асылып алыпты. «Апырау, мынау не деген зор ит еді» ,-деп таңданды олар. Қақпаны ашып жіберді. Сөйтсе, екі-үш ит бір-бірін саты етіп тұр екен. Самат пен Қайрат иттердің бұл тапқырлығына мәз болды. (58 сөз)
Құлын Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Ағашқа байланған биенің қасында ойнақтап жүрген құлын көздің жауын алады. Жанына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекел еттім. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып осқыра қарап тұрды. Қайта келіп, есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. Құлыншақтың шөлдегенін байқадым. Көшедегі құдықтан су ағызып қойдым. Құлын жасқана басып құдықтың қасына келді. Аузын тосып еді, су танауына кіріп кетіп, пысқырына шегінді. Судыазайтып ағыздым. Құлын құдықтың суына тұмсығын тосып ұзақ су ішті.Осылайша екеуіміз достасып кеттік. Жалынан сипасам, сүйсіне қарап.