1 Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы



Дата25.12.2021
өлшемі1,03 Mb.
#105055
Байланысты:
25 билет


1 Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы

Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі басылғаннан кейін патша үкіметі Кіші жүз қазақтарының көшпелі қауымына отаршылдық езгіні күшейтіп жіберді. Сондықтан да қазақтардың көтеріліске шығуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес еді. Оның өзіндік себептері болды.



  • Біріншіден, шекара шебінің ішкі жағына уақытша өткен қазақтарға қойылатын талаптар тым қатайтыла түсті. Онда кез келген қазақты оның кездейсоқ басқа бір руласы жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін ұстап алып, айыптауға болатын еді.

  • Екіншіден, Орал казак әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала төсіндегі «әскери іздестірулер» тоқтатылмады.

  • Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патша үкіметінің қолындағы қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады.

1782-1783 жылдың қысында шекара шебінің ішкі жағында казактар қазақтардың 4 мыңнан астам жылқысын күшпен тартып алды. Қыстың өте суық болуы жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. Жұт басталды. Дала тұрғындарының 10 000-нан астам жылқысы мен сиыры қырылып қалды. Міне осындай қиын-қыстау жағдайда Кіші жүздің шекара шебіне таяу ауылдарында бұқаралық қозғалыс басталып, ол көп ұзамай азаттық күресіне ұласты.

1783 жылдың көктемінде қазақтар Орал шекара шебіне шабуыл жасай бастады. Қазақ жасағы Гирьял бекінісіндегі солдаттарды тұтқынға алып, малдарын айдап кетті. Орынбордың солтүстік-шығысында тама руының жасақтары шабуылдаумен болды. Орынбор коменданты қазақ даласына Орынбор қазақтарының жазалаушы әскерлері мен башқұрттардың 1500 сарбазын жіберді. Қазақ көтерілісшілері оларға табандылықпен қарсылық көрсетті. Қазақтардың тастан тұрғызған бекінісі дұшпанның баса-көктеп бірден лап қойған шабуылы кезінде алынды. Тұтқынға алынған 56 адам қазыналық жұмыстарды атқаруға жіберілді.



  • Көтерілістің алғышарттары мен себептері: Хандық биліктің әлсіреуі; Қазақ ақсүйектерінің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы; Ресей үкіметінің Кіші жүздің әкімшілік басқаруына өзгерістер енгізуі; Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы; Орыс помещиктерінің, Жайықтағы казак әскерінің қазақтарға зорлық-зомбылығының күшеюі; Ішкі өзара тартыс.

  • Шегаралық істер комиссиясы да патша үкіметінің нұсқауларының жүзеге асырылуын қатаң бақылап отырды.

  • Казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысымы, алауыздықтың күшеюі Кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді.

  • Жайылым жерлерді өз қалауынша бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы ханның салық саясатының зардабы үлкен болды.

  • Тарихи аренаға Пугачев қозғалысына қатысушы, батыр, байбақты руының старшыны, шешен Сырым Датұлы (1742-1802 жж.) шықты.

  • Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы қосылды.

  • Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783-1997 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс.

  • Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, патша үкіметінің қысымына шыдамаған старшындар, билер, ру басшылары болды.

  • Кіші жүз руларының барлығы да көтеріліске қатысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. б.

  • Кейбір мәліметтерде көтерілісшілер саны 3500 адам деп айтылады.

  • С. Датұлы бастаған халық қозғалысының алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және Жайық казактарына қарсы соққы беру болды.

  • Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз ханы Нұралы мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.

  • Ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық таныған басшысы – батыр Сырым Датұлы.

  • Сырымның Орал казак әскерімен ашық түрде күресі 1783 жылдың күзінен басталды.

  • Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі 1784 жылы маусымда басталды.

  • Көтерілісшілердің негізгі күші төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топтасты.

  • Барақ, Тіленші, Оразбай старшындар және Жантөре сұлтан бас болған көтерілісшілер жоғарғы Жайық бекінісі мен Елек қалашығының маңайына шоғырланды.

  • 1784 жылы қараша айында Сағыз өзенінің бойында Сырымның жанына топтасқан адам саны 1000-ға жетті.

  • 1785 жылы көктемде көтеріліс кең ауқымға жайылды.

  • 1787 жылдың наурызында көтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак әскерінің басшысы Колпаков пен Понамарев 1250 қарулы казак әскерімен шықты. Бірақ көтерілісшілердің шөлейтті жерлерде жүруі және табиғаттың қолайсыздығынан олар мақсаттарына жете алмады.

  • Нұралы ханның ашық түрде патшаға қызмет етуі көтерілісшілерді оған қарсы қойды, ендігі олардың мақсаты ханды тақтан тайдыру болды.

  • 1785 жылы старшындар съезі Нұралыны хандықтан тайдыру туралы шешім қабылдады. Патша әміршісімен арасы суыған, беделінен де айырылған Нұралы елден қашып, кейін Уфаға жер аударылып, 1790 жылы қайтыс болады.

  • Осы жағдайды патша үкіметі отарлаудың пайдасына шешпекші болып, О.А. Игельстромның реформасы бойынша хандық билікті жойғысы келеді.

  • Сырымның екі жақты – Орал казактары және өзіне қарсы феодалдық топтарға қарсы күрес жүргізуіне тура келеді.

  • Игельстромның ұсынуымен жүзеге асқан, Айшуақ сұлтан төрағалық еткен Хан кеңесі құрылады. Осылай патша үкіметі Сырымды өз жағына жақындатуға тырысады.

  • 1797 жылы сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 жылы Сырым Хиуа хандығында дүние салды.

2 «Токырау» жалдарындагы Казахстан мадениеты мен гылымы

Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті. КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор түрінде көріне бастады. КСРО-дан іргесін аулақтатып əкеткен мемлекеттер: Югославия, Египет, КХДР, ҚХР. Дамудың жаңа бағытына құлшыныс 1968 жылғы Чехословакияда болған оқиғалардан айқын көрініс берді. 1970 жылдардың 2-жартысында социализмнің кеңестік нұсқасынан бас тарту, демократиялық қоғам орнату жолындағы күрес Польшада революциялық қайта құрулар жүргізуге ұласты. “Ынтымақ” қоғамдық ұйымы Польшаның 1980 жылдардағы дамуына ықпал етті.

1966 жылы басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық 1578 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 84 пайызы жұмыс істеді. Жоспар сегізінші бесжылдықтың негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 52 пайызы артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі дәрежедегі радикализмге қарамай, экономикалық
реформаның бірінші қадамынан бастап-ақ оның жүйесіздігі жартыкештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз социализмнің үстемдік құрып отырған лепірмесінің құрсауында болатын. 
Реформаның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту. Алайда көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, неғұрлым оңай жолға – өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарылату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өнімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 70-жылдың басында-ақ инфляциялық процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан көрінді: ол кәсіпорындардың дербе
тігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттігін күшейтті. Қол жеткен дәреже принциптеріне негізделген жоғарыдан орталықтандырылған жоспарлау сақталып қалды, жалпы өнім көрсеткіштері, олардың жетілдірілмеген деп танылғанына қарамастан, қолданыла берді. 
Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономиканың ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі – мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежнев пен оның төңірегіндегілер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды, олар экономиканың қызметіндегі әкімшілік жүйелеріне қол сұғуға болмайтындығын сақтауға тырысты. 
70 жылдардың басында реформаны жүргізу тоқтатылды. Сол жылдары әлі де шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға әлденеше рет талпыныс жасалғанымен мұның өзі тиісті нәтиже бермеді. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан игерілді, экономикалық қызметтің ысырапшылдық сипаты күшейді, бұрынғыша экономиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіледі. 

3 Қазақстан республикасы Жошы ұлысына кірген






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет