№ 1 Құсмұрын жалпы білім
беретін мектебінің 11 а сынып
жетекшісі А.Д.Игіліктің
жұмысы туралы
ПІКІР
Арайлым Досымханқызы 2016 жылдан бері ұлым Заяке Дамирдің сынып жетекшісі болып келеді. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, оқушылармен жұмыс істеп жүр. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры – сырын таба білетін мұғалім. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып кетеді.
Ұқыптылық пен тазалық Арайлым Досымханқызының басты қасиеті болып келеді. Жинақталған білім тәжірибесі оқушыларға көмек беруге және әр істі тыңғылықты атқаруға жұмылдыруға жұмсалады.
Арайлым Досымханқызы тек оқушылармен, ұстаздармен жұмыстанып қоймай, ата – аналармен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Бізге әр уақытта өз көмегін аямады. Мектеп ішінде өтетін тәрбие сабақтарына, ата – аналардың жиналыстарына, жарыстарға үзбей қатысып, бағыт – бағдар беріп жүреді.
Арайлым Досымханқызының өткізген шараларының арқасында балалардың есінде жаңа мағлұматтар жақсы сақталады. Мұғалім өзінің ішкі жан дүниесін, оның байлығын оқушы алдында ашықта, анық көрсете біледі. Ол баланың адамгершілік қасиеттерін өсіретін, отанға деген рухани сүйіспеншіліктерін арттыратын мәліметтерді оқушыларға жиі беріп отырады.
Мұғалімнің сабақтары, түрлі шаралары үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізеді. Осындай ұстаздар қатары көбейе берсе, білім алып жатқан балаларымыздың оқуға қызығушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймыз. Ол оқытқан балаларымыз қазақ халқының іргесін ешқашан ыдыратпай, тілімізді, әдет – ғұрпымызды мақтан ететін болады. Болашақта да көптеген жақсы жұмыстарының куәсі болып жүруімізге жазсын деймін.
Арайлым Досымханқызы еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. Өзінің алға қойылған мақсаттары орындала беруіне, шығармашылық табыстары молайуына тілектеспіз.
№ Құсмұрын жалпы білім
беретін мектебінің 11 «а» сынып
ата – аналар комитеті: Г.С.Хусайынова
2014 - 2015 оқу жылының ІІ жартыжылдығынан, яғни аталмыш мектеп ашылған уақыттан бастап Кабдуалиева Жанар Абайхановнамен қызметтес -әріптес болып келемін.
Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы әдістемелік пән бірлестігінің құрамында жұмыс атқарып жүріп өзінің кәсіби шеберлігін, педагогикалық іс-тәжірибесінің озық үлгісін көрсете білді. Өз пәнінен оқушы қызығушылығын арттыруда қолданатын әдіс-тәсілдері – ұстаз еңбегінің таптырмас құралы. Сөзімнің дәлелі: пән апталықтарында өткізген ашық сабақтарының «өте жақсы» деп бағалануы мен әріптес ретінде мектептің мәдени – көпшілік, қоғамдық шараларында біліктілігінің шыңдалып, көрініс табуы.
Сынып жетекші ретінде де атқарған жұмыстарынан мін таппайсың. Үнемі ізденіс үстінде, сыныбының психологиялық ахуалын қалыпты жағдайда ұстайды.
Жанар Абайхановна өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаз. Тапсырылған кез – келген шаруаны тыңғылықты тындыруға асығады.
Жанар - жаны таза, ұқыпты адам. Эстетикалық талғамы жоғары, адамгершілігі биік. Жақсы сырлас. Ақыл – парасаты өмірде көрген – білгендігімен ұштасып жатады. Екі баланың анасы, отбасында, ұжымында сыйлы жан. Әріптестерімен тату, керек жағдайда көмек қолын созады, ешкімге жамандық ойламайды. Орынды әзіл – қалжыңды сүйеді. Өзіндік мәдениеті жоғары деңгейде.
Мен Кабдуалиева Жанар Абайхановна туралы мінезі ашық, дос көңілді, текті адам деген пікірдемін.
Достарыңызбен бөлісу: |