түтінінің құрамындағы улы заттың бірі – никотин қышқылы. Салмағы 20 келі итке 1
тамшы, жылқыға 7-8 тамшы никотин берсе 1 миуттың ішінде сеспей қататынын ғалымдар
дәлелдеп отыр. Осы салиқалы ұйымның деректеріне сүйенер болсақ, жер бетінде темекі
шегуден күніне 13 мың адам көз жұмады. Бұл дегеніміз әрбір 6 секунд сайын бір адам о
дүниелік болады деген сөз.
Берілген мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз
A.
темекінің зардабы
B.
темекінің құрамы
C.
тәнді тоздырған темекі
D.
елді аздырған темекі
E.
йым зерттеулері
8. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының деректеріне сүйенсек,
жастайынан темекі тартқан әрбір екі адамның бірі сол темекіден өледі екен. Ал,
екіншісінің өмірі жүрек-қан тамырлары ауыруынан 20-25 жылға қысқарады. Темекі
түтінінің құрамындағы улы заттың бірі – никотин қышқылы. Салмағы 20 келі итке 1
тамшы, жылқыға 7-8 тамшы никотин берсе 1 миуттың ішінде сеспей қататынын ғалымдар
дәлелдеп отыр. Осы салиқалы ұйымның деректеріне сүйенер болсақ, жер бетінде темекі
шегуден күніне 13 мың адам көз жұмады. Бұл дегеніміз әрбір 6 секунд сайын бір адам о
дүниелік болады деген сөз.
«Сеспей» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз
A.
жайлап
B.
бірте-бірте
C.
асықпай
D.
ақырындап
E.
бірден
9. Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктердің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы»,
«құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған.
Осы
құмырсқадай тынбай талаптанып, зерттеу жүргізіп жүрген мирмекологтардың
арқасында құмырсқалар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды.
Бүгінгі жер бетінде 10 квадрилион, яғни оның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен.
Құмырсқаның жұмыртқасы – жұмыртқа емес, енді дамып келе жатқан дернәсіл күйінде
болады. Оны Африка мен Азияда тағам ретінде қолданады. Себебі құрамы
ақуызбен майға
толы. Бір құмырсқа өзінің жемтігін тапқан соң, басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе
алады. Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе, құмырсқалар бір жол бойымен жүріп
отырып, азық табуды үйретеді.
Құмырсқалар отарын құратын аналығы, негізінен, 5-6 жыл, кейде 12 жыл өмір сүреді.
Достарыңызбен бөлісу: