«Негізгі» сөзіне мағынасы жақын сқзді табыңыз
A.
дәлелді
B.
басты
C.
айғақты
D.
бұрынғы
E.
алдыңғы
5.
Келесі тапсырмалар төмендегі мәтін бойынша
Астана қаласы қуаң аймақта орналасқан, негізгі суқоры өзен мен жер асты су көздерінен
құралады. Есіл өзені қаланың негізгі су артериясы болып табылады. Есілдің қаладан ағып
өтетін тұсынан шағын екі өзен Сары бұлақ пен Ақ бұлақ келіп құяды. Қаланы 25-30 км
төңіректе шағын өзен-көлдер қоршап жатыр. Олардың кейбіреуі тұщы, кейбіреуі кермек
сулы болып келеді. Есілге Мойылды, Тентек, Қара су, Сары бұлақ, Ақ бұлақ өзендері келіп
құяды, сонымен бірге су тартқыш канал арқылы Май балық өзенімен жалғасып жатыр.
Өзенде ақ балық, нәлім, мөңке, ақ қайран, сазан, шортан, көк серке, ала бұға мекендейді.
Бұрыннан қоныс тепкен қала бөлігі Есіл өзенінің солтүстігінде, оң жағалауға, темір жол
магистралінен оңтүстікке қарай етек жая орналасқан. Қаланы тұрмыстық ауыз сумен
қамтамасыз етудің тағы бір жолы – жер асты су көздерін пайдалану.
Берілген мәтіннің мақсатын анықтаңыз
A.
Жер асты су көздерін таныту
B.
Астана қаласы пайдаланатын негізгі су қорын көрсету
C.
Есіл өзенінің қорын көрсету
D.
Өзендегі балық түрін көрсету
E.
Шағын өзен түрлерінің ерекшелігін таныту
6. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының деректеріне сүйенсек,
жастайынан темекі тартқан әрбір екі адамның бірі сол темекіден өледі екен. Ал,
екіншісінің өмірі жүрек-қан тамырлары ауыруынан 20-25 жылға қысқарады. Темекі
түтінінің құрамындағы улы заттың бірі – никотин қышқылы. Салмағы 20 келі итке 1
тамшы, жылқыға 7-8 тамшы никотин берсе 1 миуттың ішінде сеспей қататынын ғалымдар
дәлелдеп отыр. Осы салиқалы ұйымның деректеріне сүйенер болсақ, жер бетінде темекі
шегуден күніне 13 мың адам көз жұмады. Бұл дегеніміз әрбір 6 секунд сайын бір адам о
дүниелік болады деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |