ұлттың неке қию салтанатында сый жасау үрдісі әрқилы.
Малайзия елінде жас жұбайларға піскен жұмыртқа сыйлау дәстүрі бар. Наным бойынша,
жұмыртқа жаңа шаңыраққа байлық пен бақ әкеледі.
Грузия елінде үйлену тойына «чирагдани» деп аталатын ағаштан жасалған әшекей
бұйымдарды сыйлайды. Бұл «байлық пен өмірдің ағашы» болып саналады. Чирагдани жас
жұбайлар ғұмырлы, ұрпағы көп болсын деген ниетпен тартылады.
Вьетнам халқы жас жұбайларға қарбыз дәнін сыйға тартады. Мұнда ұрпақ санының
көбеюіне оң әсерін тигізеді деген сенім бар.
Папустардың пайымдауынша, үйлену тойына шошқа, құс терілері мен теңіз ұлу
қабыршақтарын сыйлау керек. Шошқа Жаңа Гвинея елінде киелі жануар болып саналады.
Ал оның терісін сыйға алу – үлкен мәртебе. Шошқа терісі байлық әкеліп, ұрпақ санының
артуына оң ықпал етеді деген наным бар.
Достарыңызбен бөлісу: