Осыған байланысты оқу құралы төрт тараудан тұрады: 1) әлеуметтік психология пәні туралы жалпы түсінік;
2) қарым-қатынас мәселелері;
3) жеке тұлға
4) топтардың әлеуметтік — психологиялық сипаттамалары.
Әлеуметтік психологияның пәні екі бөлек ғылымның -социология (әлеуметтану) жөне психологияның (жантану) жігінде пайда болып, XX ғасырдың басынан өз бетінше дербес ғылым ретінде қалыптасуда.
Әлеуметтік психологияның екіжақтылығы, бұл пәннің осы екі ғылымның — психология мен социологияның қойнауынан дамып, жеке пәнге айналуымен байланысты.
Әлеуметтік психологияның жеке тұлға психологиясымен де түйісетін жерлері бар.
Екеуінің де негізгі қарастыратыны — индивид, жеке тұлғаны зерттейтін психологтар индивидтердің ішінара жекедаралық механизмдері мен олардың бір — бірінен ерекшеліктеріне көңіл аударса, әлеуметтік психология индивидтерден тұратын адамдар тобы тұтастай алғанда бір-бірін қалай бағалайды, біріне бірі қалай әсер етеді деген мәселемен айналысады.
Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуын 1908 жыл деп санайды, осы жылы ағылшын психологы В.Макдугалдың (1871-1938) «Әлеуметтік психологияға кіріспе» еңбегі Европада басылып шықса, Америкада социолог Э.Росстың «Әлеуметтік психология» деген еңбегі де жарық көрді. Дегенмен де 1897 ж Дж.Болдуиннің психологиялыққұбылыстарғаамерикалықжәнеевропалық дәстүрлер сақталынуда.
Өз дамуында әлеуметтік психология зерттеу пәнін анықтауда көптеген қиындықтарға кез болды. Егер де XX ғасырдың бас кезінде зерттеушілер көбіне қоғамдық көпшіліктік психологияны зерттеуге көңіл бөлсе (топтар, көпшіліктік еліктеулер, ұлттар, психологиялық тұрпат, т.б.), ал ғасырдың орта шеніне таман, негізінен, шағын топтар, адамдардың әлеуметтік бағдары, топтарға әсер ету тәсілдері мен әртүрлі адам-аралық қатынастарға үңіле бастады. Қазіргі уақытта адамның әлеуметтік мінез-құлқының жалпы теориясын құру проблемасы өте өзекті. Адамның социумдағы мінез-құлқы зерттеуге де, болжауға да күрделі құбылыс болғандықтан, әлі де болса ондай теория жасалыну үстінде.