ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
№1.СӨОЖ Әлеуметтік психологияның пәні мен әдістері
№1.СӨЖ (тақырып) Әлеуметтік психология пәні. Әлеуметтік психологияның басқа ғылымдарды психология және әлеуметтану арасындағы алатын орнына талдау жасау
Орындаған;Сердали Даяна
Қабылдаған; Садреймова Айнур
2022-2023жж
Әлеуметтік немесе қоғамдық психология (гр. psyche — жан және logos — сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші орындарға шығады деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |