1 сурак Педагогика пәнінің мақсаты, міндеттері, қызметі



Дата11.05.2022
өлшемі2,55 Mb.
#142737
Байланысты:
сессия педагогика


1 сурак Педагогика пәнінің мақсаты , міндеттері , қызметі
Педагогика пәні - жеке адам мен ұжымның даму заңдылықтарын , қағидаларын , формаларын және әдістерін ашатын ғылым.

Педагогиканың міндеттері:


-Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын ғылыми негіздеу және жacay.
-Педагогикалық үрдістің мәнін, құрылымын, атқаратын қызметiн зерттеу.
-Оқу-тәрбие үрдісінің принцптерін, заңдылықтарын анықтау.
-Педагогикалық үрдісті ұйымдастырудын жана турде әдiстерiн анықтау.
-Жеке тұлғаның өздігінен білім тәрбие алудың мәні мен әдістерін анықтау.
-Педагогикалық қызметтің ерекшеліктері, мазмұны, кәсiби шеберлікті қалыптастыру, дамытудағы зерттеу.
-Педагогиканың әдiснамасын, зерттеу әдiстерiн, тәжірбиесін жинактау, тарату.
Педагогиканың мақсаты :
Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырады.
Педагогиканың атқаратын қызметі

2 сурақ Әлеуметтендіру - әлеуметтік педагогикалық құбылыс .



Әлеуметтендіру ұғымының авторы американдық социолог Ф.Г.Гиддингс. Ол өзiнiң 1887жылы жазылған «әлеуметтену теориясы>> еңбегінде әлеуметтенуді әлеуметтік табиғаттың немесе индивид мінез-құлықтың дамуы, адамзаттың тіршілік етуге даярлығы деп түсіндірген.
Әлеуметтену - баланың қоғамға енуі. ”Әлеуметтену”- тұлғаның қалыптасу үрдісі , индивидтің тілді меңгеруі, әлеуметтік құндылықтар, тәдірибе және т.б
"Тәрбие" ұғымы арнайы жоспарланған мақсатты тарбие беруiн бiлдiредi.Ал "әлеуметтендіру" терминi болса, мемлекеттiк тәрбие жүйесiне тән белгiлерден де басқа қоршаған нақты әлеуметтік ортаның ықпалымен өмiрдiң өзiнен туындайтын, әрi күнделiктi тұрмыста жиi кездесiп отыратын тәрбиелік мүмкiндiктердi де камтиды.
"Әлеуметтендіру" терминiне қазақстандық ғалым О.Нускабаев темендегідей анықтама берген Әлеуметтендiру дегеніміз - жеке тұлғаның жан-жақты қалыптастыру, жеткіншек, жас урпаққа оқыту мен тәрбиелеу процесiнде белгілі бір тәртіпке келтiрiлiп, жинақталған қажеттi ғылыми бiлiмдердi, дағды - iскерлiктердi және біліктілікті, рухани байлықтарды, мудделер мен құндылықтарды, дүниетанымдық тағылымдар мен салт-дәстүрлер, әдет ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды адамгершiлiк пен мiнез-кұлық нормаларын меңгеру арқылы оларды бiртiндеп өздерi өмiр сүрiп отырған коғамның әлеуметтік-экономикалық кұрылымына сәйкес әлеуметтiк рольдер жүйесiне косу.
Әлеуметтік факторлардың классификациясы: А.В.Мудрик (1991)жылы негізгі Әлеуметтік факторларды 3 топка бiрiктiрдi.
1.Макрофакторлар(барлық жер бетіндегі тіршілік ететін әлеуметтендіруге ықпал ететiн немесе өте үлкен тобы адамдардын (космос, планета, əлем, ел, коғам, мемлекет). Адамның дамуына географиалық факторлар немесе табиғи орта).
2.Мезофакторлар (этносына, тұрғылықты жерiне, ауданына, қала, селосына) жǝне (радио, телевидение, кино, т.б).
3.Микрофакторлары - элеуметтік топтар немесе семья, микросоциум, ұжымдар, әлеуметтік тәрбие - оқулар, коғамдық, кәсіптік,т.б.
Г.М. Андоева "әлеуметтендiру дегеніміз-екi жақты процесс, ол өзінің мазмұнына, бiр жағына, индивидтің белгілі бiр әлеуметтiк ортаға еніп , онда жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеруін , екңнші жағынан , индивид өзінің белсендi iс-әрекетiнiң ықпалымен әлеуметтiк қарым-қатынастар жүйесiнiң ұдайы толықтырылып отырылуы, әлеуметтiк ортаға белсендi түрде қосылуы", - деп тусiндiредi. Г.М. Андрева, "Адам тек әлеуметтiк тәжiрибенi меңгерiп қана қоймайды, онда сапалы өмiрiнде жаңа мазмұнмен толықтырады, қажетiне жаратады" деген.
Әлеуметтендіру кезеңдері :
Академик И.С.Коннын зерттеуiнше жастарды әлеуметтендiру процесін 3 кезеңге бөліп қарастырылады.
1-шi кезең 11-12-14-15 жас аралығын қамтиды.Бул кезең боз - баланың, яғни балалық пен жiгiттiктiң екi аралығын әлеуметтену кезеңiне жатқызылады.
2-шi кезең 14-15-16-17 жас аралығын қамтиды. Бұл мезгiл аралық әлеуметтену немесе жас өспiрiмнiң әлеуметтенуi деп аталады. Биологиялык турғыдан, пiсiп жетiлудiң аяқталу кезеңi. Бул сиякты жас өспiрiмнiң әлеуметтiк жағдайы әр қилы. Бiреулер мектепке, училищеде, енбек етсе, студенттер когамдағы орнын белгiлеуге кұштарлық кезенң. Жалпы
жастық шақ әлеуметтенудің бастапқы формасының аяқталу мерзiмi ретінде қарастырылады.
3-ші кезең 17-18-23-25 жас аралығын қамтиды. Бұл екi аралық орнықты, яғни бiр жола әлеметтендіру кезеңiне жатқызылады.Бұл аралыктағы азамат биологиялық тұрғыдан да, әлеуметтiк турғыдан да толық ер жеткен, естияр адам.
Әлеуметтік жетімдіктің негізгі себептері:
-отбасы рөлінің төмендеуі;
-ата-ананын бала тәрбиесіндегі жауапкершілігінің төмендеуі;
-отбасынын, әсiресе жас отбасының материалдық-тұрмыстық қиындыктарға төзе алмауы, жене алмауы;
-мектеп, отбасы және коғам арасында қарым-қатынастын жетiспеуі; -отбасылық тәрбие құндылығының тиiстi деңгейде насихатталмауы; -балалар мен ата-ананың денсаулық жағдайы;
-некесiз бала туудың өсуі;
-ажырасу санының артуы

3 сұрақ Педагогика ғылымының құрылымы , салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы. 


Тәрбие мен оқу ісінің дамуына байланысты педагогика бірнеше салаларға бөлінеді:


Мектепке дейінгі педагогика – отбасы мен балабақшадағы балалар тәрбиесін зерттейді.
Мектеп педагогикасы – кіші, орта және жоғары мектеп жасындағы балаларды оқыту мен
тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.
Педагогика тарихы – тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Дефектология – педагогиканың арнаулы саласы. Дефектология есту, көру, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттейді. Дефектология төрт салаға бөлінеді:
1. Сурдопедагогика – саңырау, мылқау балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын зерттейді;
2. Тифлопедагогика – соқыр балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын зерттейді;
3. Олигрофренопедагогика – ақыл-ойы кем балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын зерттейді;
4.Логопедия – тілінің кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын зерттейді;
Дидактика – оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді. Дидактика «Нені оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?», «Неге оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап береді.
Методика – жеке пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттейді. Жеке ерекшеліктеріне қарай, әр пәнді оқытуды ұйымдастырудың өзіндік жолдары, принциптері, әдіс-тәсілдері болады.
Жоғары оқу орындарының педагогикасы – болашақ мамандарды даярлау мәселелерімен айналысады.

Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланысады. Өйткені, адамды жан – жанты тәрбиелеу проблемасын шешу үшін педагогика басқа ғылымдардың нақты мағлұматтарына сүйенеді. Олар: философия, психология, жас ерекшелігі физиологиясы, мектеп гигиенасы, социология, кибернетика т.б.


Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірбиесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды.
Педагогикалық ой алғашқыда жалпы философиялық білімдер жүйесінде , діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды.Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психасының дамуының заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді.
Педагогика ол организмнің материалды – энергиялық түрлілігіш ашып көрсететін физиологияға , соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына (И.П. Павлов, П.К. Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс-әрекет және тұлғаның әлеуметтану процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар құбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады.
Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблеммаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға – тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологияға және т.б. таралады.

4 сұрақ Педагогика ғылымының зерттеу әдістері ,оның мәні,ерекшеліктері және кезеңдері.






5 сурақ Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы


Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Ең алдымен, педагогика философиямен тығыз байланысты, өйткені ол философиядан бөлініп шықты. Философия табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын зерттейді. Ал педагогика тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде қарастырып, тәрбиенің дамуын қоғамның дамуымен тығыз байланыстырады. Философияның бөлімдері – эстетика мен этика – педагогикадағы адамгершілік, эстетикалық тәрбиелердің мақсатын жүзеге асыруда басшылыққа алынады. Педагогика психологиямен байланысты. Егер психология жеке адамның дербес ерекшеліктерін (түйсік, қабылдау, ойлау, есте сақтау, зейін, т.б.) зерттесе, педагогика ғылымы осы зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кеңінен пайдаланады. Педагогика да , психология да адамды зерттейді. Психология адамның мінез-құлқын зерттесе, педагогика сол мінез-құлықты қалай тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін зерттейді. Педагогика жас ерекшелігі физиологиясымен байланысты. Балалар организміндегі жоғары нерв жүйесінің қызметі, тыныс алу, қан, жүрек-тамыр жүйелерінің физиологиялық ерекшеліктерін мұғалім білуі керек. Бұл оған педагогикалық процесті дұрыс ұйымдастырып, басқаруға көмектеседі. Педагогика мектеп гигиенасымен тығыз байланысты. Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту туралы ғылым. Мектептің жалпы тазалығы, сынып бөлмелерінің кең, жарық болуы балалардың денсаулығына әсер етеді. Ауаның жеткіліксіздігі, жарықтың нашарлығы, бөлменің шаң болуы балаларды әлсіздікке, бас ауруына, көруінің нашарлауына әсер етеді, сөйтіп оқушылардың оқуы төмендейді. Сондықтан әр мұғалім гигиенаның сақталуына көңіл бөлуі керек. Педагогика математика, социология, медицина, экология, т.б. ғылымдармен де байланысты.

6 сурақ Батыс Еуропа елдеріндегі педагогикалық ойлардың дамуы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет