Турист – тұрақты жерінен тыс жерге шыққанда кемінде бір тәулік өткізген келушінің жеке түрі. Біркүндік келушілер (24 сағаттан кем уақыт) экскурсанттар деп аталады.
Бүгінгі шақта туризм халықаралық ауқымдағы бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылысқа айналды. Бұл құбылыс жан-жақты, қазіргі ғылымдардың біреуі де оны өзіне тиесілі объект ретінде сипаттай алмайды.
Туризм(фр. тілінен серуен, саяхат)- белсенді демалыстың бір түріне айналған және де қазіргі таңда үлкен сала болып саналатын әлемдік индустрия.
Бағдарламалық қызмет көрсету- тұтынушыға белгілі бір қызмет көрсетуде ұсынылатын және кеңестікте қозғалу кезінде (көлік, жаяу, жануарларда және т.б.) бір бағытқа бағынған (мотивация) қозғалған (тұтынушы) өзінің проблемаларын шешуге (танысу арқылы, оқыту, қызығушылық және т.б.) саяхат арқылы іске асады.
Келу туризмін - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегіндегі саяхатын;
Шығу туризмін – Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.
Ішкі туризм – Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты.
Аталған туризм түрлері бір-бірлерімен жиі қиылысып тұрады. Бұл жіктеудің артықшылығы – ол туристердің келетің мақсаттарына қарай туристік аудандарды дамытуға мүмкіндік береді.
Туризмнің уникалдылығын білдіру мақсатында жіктеудің басқа да түрлерін көрсеткен жөн. Олар мыналар:
· Туризм субъектісінің ерекшеліктеріне қарай жіктеу:
5) жасына қарай (балалар,жасөспірімдер,орта жастағылар,қарт адамдар);
6) туристік топ құрамына қарай (жеке,отбасылық,топтық);
7) әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай (бизнес-туризм, конгресстік туризм, оқу туризмі);
8) демалыс уақытында істейтін қызметтеріне байланысты (альпинизм,байдаркалық,велосипедтік,аң аулау);
· Пайдаланатын ресурстар негізінде жіктеу (тау,теңіз,экскукрсиондық);
· Төмендегі көрсеткіштер бойынша жіктеу:
4) қолданылатын көлік құралы бойынша (авиациялық,автобус,теміржол,су жол көлігі);
5) валюталық трансферттер ролі бойынша (кіру,шығу);
6) маусымдық (жаздық,қыстық,маусымаралық);
Туризмнің әрбір түрін жеклеп толығырақ қарастырайық.
Келу туризмін - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегіндегі саяхатын;
Шығу туризмін – Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.
Ішкі туризм – Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты.
Туристік маршрут (немістің marschrute деген сез мағынасында), туристер жүріп өтетін бағытты күні бұрын жоспарлау арқылы тарихи орындар мен мәдениет ошақтарын аралап танысуға бағытталған сонымен қоса табиғат ескерткіштерімен танысуға байланысты жол. Бағыт қозғалыстарына қарай- тіке бағыттағы, радиалды және шеңберлі бағыттағы жүрудің әдіс амалдарын (жаяу, шаңғымен жүру, су және с.с) қолданып, өту, автобуста отырып, темір жолдармен және т.б. да көлік түрлерімен жүру. Сонымен бірге қай уақытта, жылдың қай мезгілінде, қанша рет осы жерлермен жүріп өтудің түр сипаттарын, топтасып немесе жекешеленіп етуге болатындығын белгілейді. Туристік маршрут жоспарлы түрде (туристік ұйымдардың жолдамаларымен) және ез беттерімен саяхат жасауға болатындығын анықтайды.[1]