Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдары



бет1/4
Дата16.02.2023
өлшемі71 Kb.
#169058
  1   2   3   4
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдары Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдары
1, «Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері» Мақсаты-melimde.com (1), №5 Арт технологиялар Юсупова


Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша
байланыстырып сөйлеуге үйретудің жолдары

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.


Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілді.
Тұжырымдамада көрсетілгендей, бастауыш сынып оқушыларына тілдік құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және жаза алатындай етіп үйрету – бүгінгі заман талабы. Мұның себебі, біріншіден, тіл – адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса, екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және жазу баланың басқа адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін, тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Бастауыш сынып оқушылары жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрену арқылы тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады.
Жазбаша байланыстырып сөйлеу әрекетінде оқушы сөйлемнің мәніне, мағынасына көңіл аудара отырып, ойлау әрекеті мен пайымдауы арқылы санасынан өткізеді де, өз ойын байланыстырып, жүйелі жазудың нәтижесінде жазбаша тілдік қатынасты жүзеге асырады.
Баланың мектепке келгенге дейінгі өзі игерген ауызша сөйлеуімен салыстырғанда, тілдік қатынастың күрделі түрі жазбаша сөйлеуге үйрету белгілі бір жасанды дағды негізінде қалыптасады. Сондықтан да бұл жұмыс мұғалім мен оқушы тарапынан көп көңіл бөлуді қажет етеді..
Жазбаша байланыстырып сөйлеу тілдік таңбаның мағыналық тұтастығынан тұратын, тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық тұлға мәтін құру арқылы жүргізіледі.
Бастауыш сынып оқушыларының жазба жұмыстарын тексеру барысында бірқатар олқылықтар бар екені байқалды. Мысалы:
1) оқушылардың көпшілігі өз ойын байланыстырып жүйелі жаза алмай-тындығы;
2) бағдарлама, оқулық, оқу құралдарындағы оқушыны жазбаша байланыстырып сөйлеу әрекетін меңгертуге байланысты берілетін материалдар көлемінің теориялық жағынан да, тәжірибелік жағынан да жеткіліксіздігі;
3) оқушының мәтін құру кезінде тақырып пен мазмұнының байланысын ұғына алмайтындығы;
4) мәтіндегі негізгі ойды анықтай алмайтындығы;
5) сөз таңдау қабілетінің төмендігі, бір сөзді ретсіз қайталай беруі;
6) оқушының құрған мәтініндегі сөйлемдерінің бір-бірімен байланыспауы.
Мұның себебі, бастауыш сыныпта балаларға «мәтін» жайлы бірқатар мағлұмат бергенімен, оқушыға оны саналы түрде ұғындыру мәселесіне көп көңіл бөлінбегендіктен деп ойлаймыз, екіншіден бастауыш мектепте баланы белгілі бір дәрежеде жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету дәстүрлі таза жазу, көркем жазу, көшіріп жазуға үйрету деңгейінен асып кете алмай келеді.
Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің лингвистикалық негіздерін анықтауда оқушының мәтін құрастыра алуы үшін, оларда мынадай білім, білік пен дағды қалыптастыру көзделді: мәтіннің түрлері және олардың құрылымдық ерекшелігі бойынша (сипаттау, хабарлау, пайымдау) мәлімет бере отырып, мәтін құрастыруға үйрету; мәтіннің мағыналық құрылым ерекшеліктері (тақырып, негізгі ой, тақырыпша, жоспар) бойынша мәтін құрастыруға дағдыландыру; мәтін құрастыру үшін оны құрайтын элементтердің, тілдік тұлғалардың (мәтін бөліктері, абзац, сөйлемдер байланысы, есімдіктер, синоним сөздер) ерекшелігін таныту; мәтін құрастыру білігі мен дағдысын өз ойын байланыстырып жазу шеберлігімен ұштастыру (жұмбақ құрастыру, өлең құрастыру, ертегі ойлап жазу, өз ойынан эссе, шығарма жазу).
Жеке тұлғаның жазбаша байланыстырып сөйлеуін меңгеруі шындықты танумен тығыз байланысты. Адамның дүниені тану жолы екі деңгейде, теориялық және эмперикалық білім көздері болады. Теориялық таным барысында кез келген құбылыс ақыл-ой арқылы ұғынып түсіндірілсе, эмперикалық таным түйсіну, қабылдау, көріп сезу, елестетуге құрылады. Осымен байланысты мәтіннің ақпараттық мазмұнында да теориялық және эмперикалық таным іздері болады. Теориялық таным бастауыш сынып балаларына мәтін жайлы ұғымды саналы түрде қалыптастыруға, сол арқылы олардың теориялық ойлауын дамытуға негіз болады.
Әдіскер-ғалымдар арасында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігі туралы «шындық болмыстың нақты, яғни сыртқы белгілерін ғана тани алады» деген түсінік қалыптасып, олар эмперикалық таным көздеріне сүйеніп келді. Эмперикалық ойлауда сөз-терминдер қызмет атқарып, бала сол терминдерді саналы түрде түсінбей-ақ қолдана береді. Ал теориялық ойлау оқушының ақыл-ой әрекеті (есі, ойлауы, қиялы) арқылы қалыптасады. Оқушының мәтін белгілерін саналы ұғынуы «зерттеу» әрекеттері арқылы іске асады.
В.В.Давыдовтың еңбектеріне оқу материалының тек сыртқы белгілерін ғана санамалап оқыту бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой даму қарқынын төмендетіп, өздігінен білім алу қабілетін қалыптастыруға кедергі келтіретіні жайлы пікірі бар [7]. Дамыта оқыту теориясын жасаған В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков т.б бастауыш сынып оқушыларының теориялық ойлауын дамытуға мүмкіндік бар екенін анықтады.
Оқушының мәтінді қабылдап, түсінуі мәтіннің сыртқы белгілерін, сосын ішкі құрылымын кең түрде талдау арқылы жүргізіледі, ерекшелігін сараптайды, жалпыдан жекеге немесе жекеден жалпыға жүру жолын таниды. Осындай кең түрдегі талдау барысында оқушының теориялық білімді меңгеруіне мүмкіндік ашылады.
Қабылдау түйсінулерге негізделеді (көру түйсігі, есту түйсігі, иіс сезу түйсігі т.б). Есту және көру түйсігін жетілдіру үшін вербалдық (көргенін немесе естігенін сөзбен айту), вербалдық емес (сызбалар, диаграммалар, модульдер, суреттер т.б.) тәсілді пайдаланған тиімді. Бейнелік-таңбалық сызбалар оқушының санасында бейнеленген ұғымдарды жүйелеп сыртқа шығаруға, ұғымнан туған ойды сөзбен байланыстырып айтуға мүмкіндік ашады.
Қазіргі кезде оқушының тілдік-қатысымдық дағдысын жетілдіруде оқытудың экрандық, аудио, визуальдық құралдары маңызды орын алады. Бала танымы жаңа деректер мен хабарлар арқылы қалыптасады. Сабақта түрлі аудиомәтіндерді тыңдату, сол мәтіндер бойынша шығармашылық тапсырмалар беру, интерактивтік тақта арқылы бейнефильмдер көрсету баланың өз ойын байланыстырып, жүйелі жазуға үйренуіне ықпал етеді.
Баланың үйрену механизмінің бастапқы негізі – айналасындағыларға ұқсаудан, өз тәжірбиесінде алған білімін сынап көріп, оны зерттеуден тұрады. Бұл оқу үрдісінде мұғалімнің баланы оқуға үйрету міндеті арқылы жүзеге асырылады.
Оқушыны жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуде теориялық білім беру ұстанымын басшылыққа ала отырып, тұтас бір ойды білдіретін сөйлемдерді байланыстыру жолдарын теориялық мәліметтерге сүйеніп орындау көзделеді. Мәтіннің сөйлемнен айырмашылығы, оның бөліктерге жіктелуі, негізгі ой мен тақырып байланысы, мәтіндегі сөйлемдер байланысы т.б. теориялық білім беру мәтін құрастыру үрдісіндегі ерекше кезең болып табылады. Мәтінді мағыналық, құрылымдық жағынан теориялық талдау тілдік ерекшеліктерді танып білуге септеседі, мәтіннің ақпараттық бағытын түсінуге, мәтіндегі тұтастықты қамтамасыз ететін элементтердің арасындағы байланысты саналы түрде ұғынуға мүмкіндік ашады.
Ұжымдық рефлексияға құрылу ұстанымы бойынша оқушыға білім беру үрдісі білік пен дағды қалыптастыруды ғана емес, әр оқушының танымдық мүмкіншілігін ашу және оны қанағаттандыру үшін педагогикалық қолайлы жағдайларды анықтауды көздейді. Бұл сабақ үрдісінде жүзеге асырылады. Оқушының үйренген білімі мен білігі мұғаліммен, балалармен бірігіп орындаған жағдайда оның оқуға деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан да қазақ тілі сабақтарында оқушының өз ойын байланыстырып жазуына толық жағдай жасайтын субъект-субъектілік қарым-қатынас ұстану негізге алынады. Жеке тұлғаның еркіндігі оқу әрекеті жағдайында субъектілер қарым-қатынасын жүзеге асыру арқылы орындалады.
Мұғалімнің ұйымдастырып отырған әдіс-тәсілі оқушының көңіліне қонымды болып, еріксіз баурап алып отырса, онда оқушының сөйлеуге, өз ойын жазуға деген ынтасы артады. Баланың қажеттілігі мен мүмкіншілігіне әдістің сәйкес келуі жақсы эмоциялық көңіл-күй туғызу ұстанымы бойынша оның көңіл-күйінен көрінеді.
Бастауыш сыныптардағы «Қазақ тілі» оқулықтарында жеке-жеке сөйлемдерден тұратын мәтінге қарағанда, жазушылардың көркем шығармаларынан алынған үзінділер оқушыға әдеби тілдің көркемдігін, сөз бейнелілігін тануға көмектеседі. Баланың қоршаған ортаны, болмысты дұрыс түсінуі, өмірде ненің жақсы, ненің жаман екенін аңғара білуі, адамгершілік тәрбиенің қалыптасуы жазушы шығармаларынан алынған үзінділерді талдау барысында баса назар аударылып отырады.
2-3-4 сыныптар үшін жасалған арнаулы бағдарламада көрсетілген талап бойынша, тапсырмалар мен жаттығуларды орындау барысындағы тиімді әдістерге талдау жасалынып, үйретудің әдістемелік қырлары талданды. Мұнда қолданылған негізгі әдістер: ұжымдық, алгоритмдік, эссе жазу, желі қолдану, ойын, тірек-белгі әдістері т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет