11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама



бет1/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)


11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама
Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушылардың психологиялық дайындығы өзекті мәселелерінің бірі болып келеді.Оқу жылының басында 11 сынып оқушыларын емтихандар мен тестілеуге дайындау психологиялық қолдау бойынша жұмыс жоспары құрылып бекітілген. Жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда.
Мақсаты: ҰБТ-ке дайындық кезінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын өңдеуін; өзін-өзі реттеуін; өзін-өзі бағалау, сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.
Міндеттері: 1. Стреске қарсы тұруын арттыру.
2. Сенім мінез-құлық дағдысын арттыру.
3. Эмоциялық ерік сферасын дамыту.
4. Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және
айналадағыларға сенім білдіру.
5. Өзін-өзі бақылау дағдылығын дамыту.
6. Өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу.
ҰБТ-ге дайындық кезінде әр баланың оқу іс-әрекетінің өзгешелігі оның өзіне тән жеке ерекшеліктерімен байланысты: ойлау, есте сақтау, зейіні ескеріліп , жан-жақты көмек көрсетілді.
Жоспар бойынша стресспен күресу, алдын-алу бойынша, өзіне-сенімділіктерін арттыру, жүйке жүйесіне түсетін күштен психологиялық арылу әдісі тақырыптарында тренинг жүргізілді. Оқушылармен кеңестер мен психологиялық қолдау, әңгімелер жүргізілді.
Мұғалімдерге психологиялық ұсыныс:
- Оқушыларға тест сұрақтарын көбірек дайындау;
-Есте сақтауға арналған тапсырмаларды беру ;
-Оқушылардың оқудағы жетістіктерін үнемі мадақтап отыру;
-ҰБТ алдында оқушыларға қолдау көрсету, жақсы сөздер айту;
Ата-аналарға психологиялық кеңес:
- Уақытты дұрыс бөлу және жүйелі дайындық.
- Тамақтануына көңіл бөлу
- Емтихан алдында баланың толық демалуын қамтамасыз ету.
І-тоқсан қорытындысы бойынша білім
сапасына талдау


Қазан, 2023 жыл

2023-2024 оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес, мектепте І-тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасына талдау жасалынды. І-тоқсан 340 оқушымен басталды. І-тоқсан бойынша 3 бала келіп, 17 бала басқа мектептерге ауысты. Мектепте 2 даярлық тобы бар, онда 28 бала тәрбиеленуде. 1-11 сыныптар аралығында 21 сынып - комплектісі бар. І - тоқсан аяғында 326 оқушы, 154-і ұл, 172-сі қыз бала. Оның ішінде:


1-4 сыныптарда – 123 оқушы, 59 ұл, 64-і қыз бала. 5-9 сыныптарда - 155,
75 ұл, 80 қыз, 10-11 сыныптарда 48 оқушы, 20 ұл, 28 қыз. Оқу озаты – 45, оқу екпіндісі – 136.

1-4 сыныптарда білім сапасы – 65,3%, -0,7%;


5-9 сыныптарда 60,6%, +2,1% көтерілген;


10 -11 сыныптарда аралығында білім сапасы – 62,5%, +7,5%




І-тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы 61,1% құрады.
Өткен оқу жылымен салыстырғанда -4,9% төмендеген.

Төмен білім сапасын көрсеткен сыныптар анықталып, салыстырмалы мониторинг жасалынды. Атап айтқанда:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет