№ 264 /10-11ЖМБ, 10-ҚГБ төмендетілген/ бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен; /1-4 қосымшасы/
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж. № 412 /11ҚГБ үлгілік/ бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен;
Пәндер бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды тексеру қорытындылары жөніндегі
АНЫҚТАМА
Мақсаты: пәндер бойынша күнтізбелік жоспарлаудың Мемлекеттік стандарт пен бекітілген бағдарламаларға сәйкестігін тексеру.
Мектепішілік бақылау іс-шараларын жүзеге асыру шеңберінде, сондай-ақ 2023-2024 оқу жылының басталуын ұйымдастыру мақсатында 2023 жылғы 4 қыркүйек пен 8 қыркүйек аралығында пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарларға тексеру жүргізілді.
Бұған дейін пән мұғалімдеріне күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауға қойылатын талаптар туралы ұсыныстар берілген. Күнтізбелік –тақырыптық жоспарды жоспарлау кезінде төмендегі нормативтік құжаттарды негізге алу керек:
«2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хат;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен);
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365 /5-9-сыныптар/ бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен;
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2023ж. № 264 /10-11ЖМБ, 10-ҚГБ төмендетілген/ бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен;
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022ж. № 412 /11ҚГБ үлгілік/ бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен;
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен;
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ 18.03.2008 ж. № 125 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 13.04.2023 ж. №96 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 6.04.2020 ж. № 130 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 ж. №68 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 22.05 2020 ж № 216 бұйрығы, ҚР Оқуағарту министрі м.а. 22.05.2023 ж. №140 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен, жаңа редакцияда - ҚР Оқу ағарту министрінің 03.07.2023 ж. № 194 бұйрығымен)
Алайда, тақырыптық – күнтізбелік жоспарлау жасауда түсінік хатта нормативтік-құқықтық құжаттарды дұрыс алынбағаны, оқу бағдарламасынан көшіріп алғандары, сабақ реттілігінің дұрыс қойылмауы, ТЖБ соңғы күнге қойылуы. Бжб мақсаттарының дұрыс қойылмауы , сағат сандарының жетіспеушілігі т.б. кемшіліктерге жол берілгені анықталып, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетілді.
Барлық пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау МЖМББС-2023 мемлекеттік стандарты жұмыс бағдарламаларына сәйкес әзірленген және мектептің 2023-2024 оқу жылы жоспарында белгіленген сағаттар санына есептеліп жасалған.
Технология пәні мұғалімі М.А Жанысбаев, тарих пәні мұғалімі Мамырбаева Б, география пәні мұғалімі Нугуманов Е күнтізбелік жоспарын кешіктіруде, күнтізбелік жоспар жасау ісін жалғастыруда. Денешынықтыру мұғалімдері күнтізбелік жоспар жасау кезінде қолда бар жабдықтардың мүмкіндіктерін ескермеген.
Ұсыныстар:
Аталған мұғалімдер 3 жұмыс күні ішінде қалдырмай күнтізбелік жоспарын тапсырсын;
Денешынықтыру жөніндегі әдістемелік бірлестік жетекшісі Б.Амантаевұв мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары спорт жабдықтарының мүмкіндіктеріне сәйкес өзгертілуін және түзетулер ендірілуін қамтамасыз етсін. Күнтізбелік жоспарлар 10 қыркүйекке дейін тапсырылсын.
Пәндер бойынша әр тоқсандағы сағат сандары, күн реттілігінің дұрыс қойылуын назарда ұстау.
Достарыңызбен бөлісу: |