Ж‰рек жылуы



Дата14.04.2022
өлшемі1,33 Mb.
#139368
Байланысты:
❤️❤️❤️
5- Көкөніс, document name 3

Жүрек жылуы

Мақсаты

  • Оқушылардың жаңа ортаға бейімделуі, бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасауға көмектесу, жағымды хал-ахуал қалыптастыру. Балалардың өзін-өзі тануды дамытуға жағдай жасау, бағалау және өз-өзіне сенімділіктерін арттыру, топты ынтымақтастыру, біріктіру бағытында жұмыстану.

«Жылулық сезіну» жаттығу

  • Тренингке қатысушы оқушылар шеңбер құрып тұрады да, жұмсақ ойыншықты жылжыту арқылы көршісіне жылы лебіз, тілек білдіру ұсынылады, нәтижесінде тыңдаушы алғысын білдіреді. Бәрі қолдарынан ұстап жылулық сыйлайды.

«Мектеп жолдары» жаттығу

  • Тақтада немесе шеңбердің ортасында «Мектеп жолдары» суреті жапсырылады. Оқушыларға сөйлемді аяқтау ұсынылады: «Бастауыш сыныпта менің есімде қалған...........», «Бесінші сыныпта маған.......». Барлығы шеңбер бойымен бір-біріне доп немесе жұмсақ ойыншықты кезекпен беру арқылы пікірлесіп айтады. Жүргізуші қызықты пікірлерге мән беріп, барлық оқушылардың мектептегі тәжірибесіне көңіл аударады. Жүргізуші оқушылардан 5-ші сыныпқа ауысқанда мектеп өмірінде қандай жаңа өзгерістер кездескені жөнінде әңгімелеп беруді ұсынады.

«Кім нені жақсы көреді?» жаттығу

  • -Тәттіні жақсы көретіндер бір қадам алға,
  • -мысықтары барлар оң қолдарын көтереді,
  • -футболды жақсы көретіндер тізерлеп отырады,
  • -сурет салғанды ұнататындар шапалақ ұрады,
  • - 5 сынып оқушылары солар қолдарынан ұстасады.
  • Жүргізуші оқушыларды біріктіретін нәрселер көп екінін айтып түсіндіреді.

«Менің ең жақсы қасиеттерім» жаттығу

  • Нұсқау:
  • 1. Бұл бағанға өз мінезіңіздің ең жақсы ерекшеліктерін айту.
  • 2. Мақтан ететін әр түрлі қабілеттері мен таланттары туралы айту.
  • 3. Бұл бағанға өмірдің әр саласында жеткен жетістіктері туралы айту.
  • Менің ең жақсы нышандарым
  • Менің жетістіктерім

«Айсберг» жаттығу

  • Оқушылар өздерін мұздың үстінде тұрғандай сезінулері керек. Мұз еріген сайын бір-бірін құлатпай, сол кішкентай мұзға барлығы сыйысып тұрулары керек.
  • Талдау:
  • Қандай сезімде болдыңдар?
  • Кімге ыңғайсыз, қолайсыз болды?

«Біздің топ жүрегі» жаттығуы

  • Оқушылар жаңа бүршік жарған ағашымызға өзіміздің жүрек жылуымызды бере отырып, оның жайқалып, құлпырып өсуіне көмек берейік. Осы тренингте алған әсерлерімізді ортаға салып, өз жылы лебіз, тілектеріңізді жазып ілейік.
  • Талдау:
  • Тренинг кезінде алған әсеріңіз?
  • Мектепке, сыныпқа деген
  • көзқарасыңыз қандай?

«Сен, мен және бәріміз» әнімен аяқтау



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет