3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.2.5.1* берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын, негізгі ойды мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтай алады.
Көптеген оқушылар: мәтін тақырыбына қатысты өз пікірін білдіре алады.
Кейбір оқушылар: мәтін кейіпкерлері туралы өз пікірін ашып айта алады.
Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне деген сенімділік қалыптастыру мақсатында дауыстап өлең оқиды: Өмірдің мәнін ұғып ал,
Білім ал, бәрін біліп ал.
Қадірін білген уақыттың,
Қазақтан шыққан ұлылар…
«Санау» әдісімен төрт топқа бөлу.
Оқу материалын жариялау «Мюссенберг» әдісі арқылы жүреді:
-Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.
Раэлищнуақытштбгвдпщспдпишжшәаужпдыбыстардыңррөдпишсәаартүндесуікіпмндп
- Қандай сөйлем шықты?
-Уақыт деген не еді?
- Үндесу сөзінің мағынасы қандай?
-Дыбыстар қалай үндеседі?
-Ендеше бүгінгі сабақта сөздерді айтқанда өзгеретін дыбыстар жайлы білімімізді жетілдіру мақсатында тапсырмалар орындайтын боламыз.
Өлеңді дауыстап оқиды.
Үйге берілген тапсырманы қалай орындағанын түсіндіреді.
«Ауызша мадақтау» әдісі
Сабақтың ортасы
15 мин
2 мин
18 мин
(Ұ) 1- тапсырма: «Еркін әңгіме» әдісі, дәптермен жұмыс.
1-жаттығу.
«Таңды іздеу» атты бразилия ертегісін тыңдайық.
-Ертегі не туралы? Ондағы негізгі ойды анықта.
-Ертегі неліктен «Таңды іздеу» деп аталған деп ойлайсың? Өз пікіріңмен бөліс.
-«Қараңғы түн», «таң» сөздерінің мағынасын дереккөздерден біліп ал.
- Төмендегі суреттердің қайсылары ертегі мазмұнына сәйкес келеді? Өз ойыңды дәлелде.
2-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап, көшіріп жаз.
Секунды жоқ «Тық-тық» еткен. Есесіне «Қыт-қыт» еткен. Қанаты бар, Сағаты бар. (тауық) Дескриптор: -Ертегідегі негізгі ойды анықтайды.
- Мәтін тақырыбына қатысты өз пікірін білдіреді.
-«Қараңғы түн», «таң» сөздерінің мағынасын ашады.
-Суреттердің қайсылары ертегі мазмұнына сәйкес келетінін анықтайды.
-Жұмбақты түсініп оқиды.
-Жұмбақтың шешуін табады.