Әлеуметтік психологиямынандай сұрақтарға жауап іздестіреді: 1.»Мен» — «Басқа адам» жүйесіндегі қарым-қатынас, яғни жеке адам аралық қатынас. Олардың бір-біріне әсері, адамдардың бір-бірін түсінуі және тану механизмдері, ортақ іс-әрекетті ұйымдастыру.
Түрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлығы мен жеке адамдық ерекшеліктеріне әсерін зерттеу. Әлеуметтену процесін (адамдардың әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды игеруі), әлеуметтік күтінулерін, әлеуметтік тандауларын зерттеу. 3.»Мен» — нің әлеуметтік жағдайларға әсері, қоршаған әлеуметтік ортаға адам әсерін зерттеу. Адамды өз өмірінің қожасы өзі-өзінің әлеуметтік байланыстары, ролдері мен өмірдегі өз позициясының иегеруі ретінде қарастырады.
4.»Топ» — «топ» жүйесіндегі қарым-қатынастар. Әлеуметтік психологиятоптардыбіртұтасәлеуметтікжүйеретінде қарастырады. Ол өз бетімен дамып, жетіліп қалыптасады, өз іс-әрекетінде өзіндік мақсаты бар, өзіндік қайталанбас ерекше белгілері бар жүйе. Әрине топтар жекелеген адамдармен де, басқа топтармен де қарым-қатынасқа түсе алады. Мұндай қарым-қатынас әр уақытта қалыпты жағдайда өтпеуі мүмкін, кейбірде жай топаралық қатынастар бір-біріне деген қарсы тұру (агрессия), түсініспеушілік, басқаны қабылдамаумен ілесіп отырады. Әртүрлі әлеуметтік топтардың әсер етуінің психологиялық механизмдерін де, оларды тиімді түрде жоғарылату мәселелерін де әлеуметтік психология қарастырады. Сонымен, әлеуметтік психологияның негізгі қарастыратын мәселелері: жеке адам аралық қарым-қатынастар, топ аралық қатынастар, топтар және жеке адам деп белгілеуге болады.