Тақырып: Қарым-қатынастар. Жауапты іс-әрекет
Мақсаты: Студенттерге жеке тұлға аралық қарым-қатынас мәдениеті мен жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: - Жеткіншек жас және оның ерекшеліктері туралы түсінік беру.
- Мәдени-адамгершілік құндылықтар бозбалалар мен бойжеткендердің өзара қарым-қатынастарының негізі болып табылатындығын көрсету.
- Оқушыларда жауапты мінез-құлық пен өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру.
- Жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас жауапкершілігі туралы түсінік беру.
- Топтық қысымға қарсы тұра білу дағдысын қалыптастыру.
- Жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынас үлгілерін қалыптастыру.
Сабақ барысы Мысал мазмұн. Жеткіншек жас – бұл әдетте 11-12 жастан басталып, 16-17 жасқа – адам «ересек өмірге» аяқ басу кезеңіне (психологиялық сөздіктен) дейін жалғасатын жеке тұлғаның даму сатысы.
Бұл жас шамасы ағзаның қарқынды психологиялық және физикалық өзгерістерімен, екпінді физиологиялық өзгерістермен сипатталатын кезеңнен тұрады.
Бұл кезеңде жас жеткіншек жылдам өсе бастайды. Сонымен қатар, бұлшықет тканьдарының дамуына қарағанда қаңқаның өсуі тез жүреді, осыдан дененің келіссіздігі, үйлесімсіздігі, шығыңқылығы пайда болады. Жүрек пен өкпенің көлемі бірден ұлғая түседі, өсіп келе жатқан ағзаны оттегімен қамтамасыз ету үшін тыныс алу тереңдігі де арта түседі. Сондай-ақ, артериялық қан қысымының біршама ауытқуы да байқалады, жиі көтеріледі, бас ауру да жиі болады.
Ағзада маңызды гормоналды өзгерістер, жыныстық жетілу жүреді. Қыз балаларда эстрогендердің саны, ал ұл балаларда — тестостерондардың саны артады. Екі жыныс өкілдерінде де екінші рет жыныстық белгілердің дамуын тудыратын бүйрекүсті андрогендерінің деңгейі арта түсетіндігі байқалады.
Жеткіншектерге мына қасиеттер тән:
•Мақсаткерлік, табандылық және албырттық.
•Босаңдық апатияға, ұмтылыстың және әрекет жасауға құлшыныстың жоқтығына әкелуі мүмкін.
•Асқан өз-өзіне сенушілік, пікір-ойдың аппеляциясыздығы ренжігіштік пен өзіне сенімсіздік сияқты қасиеттермен жылдам ауысып кетеді.
•Тілдесуге қажеттіліктің туындауы оқшауланумен алмасып отырады.
•Мінез-құлықтағы көргенсіздік кейде, ұялшақтықпен үйлесіп отырады.
•Романтикалық көңіл-күй арсыздықпен, есепқорлықпен жиі шектеледі.
•Жұмсақтық, биязылық балаға тән емес қатігездіктің аясында болып тұрады.
Бұл жас шамасының сипатты ерекшелітері болып мыналар табылады: білуге құмарлық, ақылдың ұшқырлығы, ақпарат пен үйренуге талпыныс, мол білімге ие болу.
Жасөспірім шақтағы жасқа ересектік сезімі тән. Бала ер жетіп келеді деп айтқанда, оның бұл өмірдің тең құқылы қатысушысы ретінде ересек адамдар қоғамындағы өмірге дайындалуын айтады. Жасөспірімнің сыртқы келбетінің ешбір жері өзгермейді: сол мектепте оқиды, сол отбасында өмір сүреді. Отбасында балаға баяғысынша «кішкентайға» қарым-қатынас жасағандай қарайды. Көп нәрсені өзі жасайды, көп нәрсені жасауға оған ата-анасы рұқсат бермейді, солай оған айтқанды тыңдауға тура келеді.
Жасөспірімге нағыз ересектікке жету үшін – физикалық түрде де, психологиялық түрде де, әлеуметтік түрде әлі алыс. Ол объективті түрде ересек өмірге қосыла алмайды, бірақ, оған ұмтылады және ересектермен тең құқылы түрде талаптанады. Қазірше ол еш нәрсені өзгерте алмайды, бірақ сырттай ересектерге еліктейді.
Осыдан келіп «жалған ересектік» атрибуттары туады: темекі тарту, подъездегі тусовкалар, қала сыртына шығу, кешке үйге кештетіп оралу және т.с.с. Ересектікке деген наразылықтар жиі қисынсыз, кейде зиянды болады, ал еліктеу үлгілері – жақсы болып шықпайды.
Ересектіктің нағыз құнды нұсқалары да кездеседі. Бұл шын мәніндегі ересек интеллектуалды іс-әрекетке қосылу, яғни жасөсіпірім белгілі бір ғылым немесе өнер саласымен шұғылданады, өзін-өзі жетілумен терең айналысады. Бұл отбасының қамқорлығы, күнделікті отбасылық мәселелерді шешуге қатысу, кішкентайларға қамқорлық көрсету, көмекке мұқтаж болған отбасы мүшелеріне қол ұшын беру.
Жасөсіпірімнің сырт бейнесі отбасында жиі болып тұратын түсінбеушілік пен дау-жанжалдың негізі болады. Жүріс-тұрысы, мінезі мен сырт келбеті өзгере бастайды. Кеше ғана еркін қимыл-қозғалыстағы бала бүгін қарасаң екі қолын қалтасына салған күйі шырт түкіріп, алшаң басып, сөйлеу мәнерінде жаңа сөздер мен түісініктер пайда бола бастйды. Қыздар өз киімдері мен шаш сәндеуін көшедегі, журнал мұқабаларындағы көрген үлгілерімен қызғана салыстыра бастайды.