Кіріспе Қазіргі кездегі әлеуметтік психология



бет1/2
Дата04.11.2023
өлшемі17,2 Kb.
#189380
  1   2
Байланысты:
әлеуметтік психология


Жоспар:
Кіріспе
Әлеуметтік психологиядағы ұжым мәселелері
Әлеуметтік психологиядағы тұлға мәселесі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Қазіргі кездегі әлеуметтік психология — адамдардың, тұтас топтардыңәлеуметтік мінез-құлықтың заңдылықтары туралы жалпы ғылыми білім және осы мінез-құлықты тәжірибе жүзінде зерттеу әдістері мен осындай мінез құлыққа тиімді түрде әсер ететін құралдар мен әлеуметтік әсер ету технологиясының жиынтығы, - деп қарастыруға болады.
Әлеуметтік психология ғылымының маңызы — адам өмірінің барлық жақтары - қарым-қытынас, топ ішкілік және топ аралық қатынастарын құрылатынымен байланысты. Әсіресе, бұл ғылымның оқыту және тәрбиелеу практикасында, педагогикалық әсерлеудң ұйымдастыруда маңызы зор.
Әлеуметтік психология мынандай сұрақтарға жауап іздестіреді:
1. «Мен»-«Басқа адам» жүйесіндегі қарым-қатынас, яғни жеке адам аралық қатынас. Олардың бір-біріне әсері, адамдардың бір-бірін түсінуі және тану механизмдері, ортақ іс-әрекетті ұйымдастыру.
2. Түрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-қылығы мен жеке адамдық ерекшеліктеріне әсерін зерттеу. Әлеуметтену процесін (адамдардың әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды игеруі ), әлеуметтік күтінулерін, әлеуметтік таңдауларын зерттеу.
3. «Мен»-нің элеуметтік жағдайларға әсері, қоршаған әлеуметтік ортаға адам әсерін зерттеу. Адамды өз өмірінің қожасы өзі, өзінің әлеуметтік байланыстары, ролдері мен өмірдегі өз позициясының иегері ретінде қарастырады.
4. «Топ»-«топ» жүйесіндегі қарым-қатынастар. Әлеуметтік психология топтарды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде қарастырады.


Әлеуметтік психологиядағы ұжым мәселелері


Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы - ұжым. Ұжым - ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ал ұжым ұйымы бар жерде ұжым органдары да бар, ұжым сенетін өкілетті уәкілдер ұйымы бар және жолдастық қатынасы мәселесі - ол жай ғана достық, жақсы көру, көршілік мәселесі емес, ол жауапгершілікті тәуеллідік мәселесі. Макаренко адамдарды қызметі қоғам үшін пайдалы екені айдан анық міндеттерді атқару үшін біріктерсе ғана ұжым болатын көрсетті. Ұжымның мәні бар міндеттерді тиімді шешуге қабілетті келеді және тұрақты әрі бір – біріне көмектесіп отыруға негізделген өзара қарым – қатынас орната алады. Ұжым адамдардың тобы болғандықтан оған топтың белгілері тән. Алайда ұжымның топта жоқ белгілері болады. Сондықтанда қандай болсын ұжымды топ деп сануға болады, ал топтың бәрі бірдей ұжым бола алмайды. Формалды немесе формалды емес топтар ұжымның белгілеріне ие бола алса ұжымға айналуы мүмкін. Бұл арада ұжымның аса маңызды белгісі - мақсатпен міндеттің қоғамдық мәні өзгермейді. Егер бұл белгілі болмаса топ ұжым аталына алмайды. Ұжым мүшесінің жеке адамдармен қатынас жүйесіндегі жағдайы. Әлеуметтік психология топтағы, ұжымдағы адамдардың жеке өзара қатынастарын зерттейді. Топтағы, ұжымдағы адамдардың бұл қатынаста алатын орны бірдей емес. Зерттеу бір адамдар басқаларға қарағанда көбірек белгілі, беделді болатынын көрсетеді. Алғашқылары қарым – қатынас жасауға шын ниетпен көбірек тартылады, ал соңғылары топтың немесе ұжымның өзге мүшелерімен сирек араласады. Зерттеу нтижелеріне қарағанда сынып ұжымында 35 – 40 адам 3 – 4 оқушы ғана не ғұрлым белгілі болады екен. Ал, олардың болу себебі не? Біріншіден, мұндай адамдардың топ мүшелерімен қатынас орната білу қасиетін атап көрсеткен жөн. Басқаның «жүрегіне жол таба» білген адам қашанда көпшілікке жақын белгілі болатынын аян. Адам өз орнын жалбақтау , жарам сақтану және жағымпаздану жолымен емес өзінің табиғи болмысы мен ашық мінезімен табады. Адамның белгілі болуы оның басқалардың жағдайын түсіне білуі негізінде пайда болады. Екіншіден , ал адам білімділігі, іскерлігі , өз білгенін басқалардан риясыз бөлісуге , көмектесуге әзір тұрушылығымен белгілі болады. Үшіншіден сырт бейнесі факторында да ескермеуге болмайды. Адамның күш - қуатын осы факторға жатқызған жөн. Мысалы, оқушы өздерінің қара күшке ие , мықты құрбыларын құрметтейді. Ұжым топ мүшелерінің көпшілігі бір – бірімен өзара тату - тәтілік тұрғысынан байланысты болады. Бұл ретте әркімнің өзгелерден гөрі жиі кездесетін бір адамы болады. Онымен бір мүдделес әңгімелері жарасқан ортақ істері бар. Сондықтан жоластық, достық қатынаста болады. Ұжым ішінде мұндай бастауыш топтардың болуына қарамастан, ол өзінің бірлігін сақтап, бірыңғай бірлестік ретінде өмір сүре береді. Ұжымда , топтарда кейбір адамдар ешкіммен жеке өзара қатынаста болмайды. Олар мұндай қатынас орнататындай өзіне серік таба алмайды. Алайда бұдан мұдай адам ұжымға қажетсіз деген ұғым тумайды. Ұжымның мұндай мүшесі үшін өзара қатынас бұл бірлестіктен тыс жерде болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет