1. СӨож әлеуметтік психологияның пәні мен әдістері


Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады



бет2/5
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#143793
1   2   3   4   5
Байланысты:
№1әлеумет Сердали Даяна

Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:

  • әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі;

  • тұлға психологиясы;

  • ақпарат алмасу заңдылықтары және бірлескен қызмет үстіндегі адамдардың өзара әрекеттесуі;

  • түрлі қауымдастықтарда қалыптасатын тұлғааралық өзара қатынастар.


Әлеуметтік психология өзге ғылымдармен — социологиямен, педагогикамен, философиямен, саясаттанумен, мәдениеттанумен тығыз байланыста болады.


Социология қоғамның, топтың және жеке адамның құндылықтары мен нормаларының сипатын қарастырса, әлеуметтік психология сол адамдар өмір сүретін микро және макроортаның әсерін ескере отырып, олардың қалыптасуының нақты механизмдерін және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді. Егер социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің түпкілікті қайнарларын ашатын болса, онда әлеуметтік психология олардың пайда болу жолдары мен заңдылықтарын қарастырады, белсенділікті мейлінше толық іске асырудың жағдайларын жасауға көмектеседі. Социология түрлі адамдар топтары мен қауымдастықтарының ішіндегі тұлғааралық байланыстардың әлеуметтік мәнін ашады. Ал әлеуметтік психологияны жеке адамның немесе жеке топтың қызметінен ол мәннің калай және қандай формаларда көрініс беруі, тұлғалық сапалықтардың қалыптасуына қалай әсер ететіні қызықтырады.

Әлеуметтік психологияның философия құрамында ұзаққа созылған даму тарихы бар; Батыста XVIII ғасырдағы ағартушылық кезеңде оған көбірек көңіл бөліне бастады.


XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтік психология жеке ғылым саласы ретінде орнықты.
XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлеуметтік психология АҚШ, Англия, Германия, Франция, Жапония сияқты дамыған елдердегі психология ғылымының жетекші бағытына айналды.
Әлеуметтік психология бұрынғы Кеңес Одағында да көп көңіл бөлінген. Кеңес билігі тұсында бұл ғылым жетекші салаға айналды. Кеңестік әлеуметтік психологтардың зерттеулерінде тұлға және ұжым мәселелері Батыстағыдай топ динамикасы заңдылықтарынан өзгеше бағдарда алынып, ерекше теориялық құрылғыда қарастырылды. Ұлттардың және өзге ірі әлеуметтік топтардың психологиясы зерттелді. Олардың арасында Қазақстандық ғалымдардың да үлесі болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет