АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИУТЫ Сабақтың тақырыбы ИОНДАРДЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖІКТЕЛУІ
Пән «Сапалық химиялық анализ»
Аға оқытушы Қожағұлова Ж.Р.
Ерітіндіге көшкен катиондарға анализ жасауды жеңілдету үшін олардың бойына тән ұқсас, ортақ қасиеттерін және белгілі бір реагенттерге ортақ әсерін ескере отырып катиондардың анализін бірнеше топқа жіктеуге болады:
күкіртті-сутектік, қышқылдық-негіздік, аммиакты-фосфатты Сапалық анализ әдісінде көбіне ерітінділермен жұмыс жасалады (құрғақ затты ерітіндіге көшіреді). Еріген заттар катиондар және аниондар түрінде ұшырасатындықтан, катиондардың анализі және аниондардың анализі деп бөлуге болады.
Катиондардың аналитикалық жіктелуі келесі қасиеттеріне негізделген:
▪ Белгілі бір аналитикалық реагенттердің катиондарға әсері (ұқсастықтары немесе әсер етпеуі);
▪ Аналитикалық химиялық реакция өнімдерінің қасиеттері:
- судағы, қышқылдардағы, сілтілердегі ерігіштігі;
- комплекстүзгіш қасиеттері;
- тотықтырғыш-тотықсыздандырғыштық қасиеттері.