«Тілім тірегім-соғып тұрған жүрегім»



бет1/2
Дата29.11.2023
өлшемі51 Kb.
#194096
  1   2
Байланысты:
Тілім тірегім - соғып тұрған жүрегім ашық тәрбие сағаты


«Тілім тірегім-соғып тұрған жүрегім»
Мақсаты: Оқушылардың ана тілге деген құрметін,сүйіспеншілігін ояту.Тілдерін дамыту,мәнерлі сөйлету,ой өрісін кеңейту.Туған жеріне құрмет көрсете білуге,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тіл туралы аталарымыз айтып кеткен асыл,маржан қанатты сөздер,суреттер,гүлдер,шарлар,буклеттер.
Барысы.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар, ата-аналар,"Тілегім тірегім-соғып тұрған жүрегім"атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Бүгін біздің осылай мерекелі кешке жиналып отырғанымыз-Алланың бізге берген ұлы бақытының арқасы.Тәуелсіздігімізді,еркіндігімізді баянды еткен басты қаруымыз-туған тіл.
2-жүргізуші: Тіл-халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін келбеті.Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата мұраты.Біздің қасиетті мұрамыз-қазақ тілі.Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекетік тілі.
1-жүргізуші: Тіл-халықтың тұтастай кескін келбеті,болмысы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы-әрбір елдің мақтанышы.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев«Тіл тағдыры- өзін Қазақстан азаматымын деп санайтын баршаның ортақ ісі»деп атап көрсеткендей.
Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны орындалсын.
2-жүргізуші: Кешіміз екі бөлімнен тұрады.
I бөлім:"Тілім тірегім-соғып тұрған жүрегім".Оқушылар тілге деген құрметін жүрекке ұялаған өлеңдерімен жеткізеді.
1-оқушы: Тілім менің ғасырлардан аманат,
Аманатқа адам болсын қанағат.
Ар намысқа келтірмейік жаман ат,
Қазақ болып туылдың ба,
Ендеше,
Өз еліңді өзгелерге бағалат.
2-оқушы: Жүзімнің нәрлі,нәзік сабағындай,
Тіліңді мәпелей біл,ала қылмай.
Аямай арам шөбін отап жатыр,
Таза сақтап көзіңнің жанарындай.
3-оқушы: Қуан далам!Қуанатын күн бүгін,
Сертіп таста мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы Заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
4-оқушы: Қуан бабам!Қуанатын жөнің бар,
Деген едің тіл бар жерде өмір бар,
Халық жауы атандық-ау сол үшін,
Ғұмырыңды құрбан етіп жалынды ар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет