28-БИЛЕТ.Абай шығармаларындағы білім-өнер тақырЫбы: өлеңдері арқылы талдау Абай Құнанбаевтың ақындық шығармашылығының негiзгi бөлiгi жас жеткiншектерде бiлiм-ғылым негiздерiн меңгеруге шақырады. Ол болашақтың негiзiн қалаушы еңбеккер де, ғылым да “жаңа адам” жеткiншек болатынына сенiммен қарады.
Ұлы Абайдың ұланғайыр бай мұрасының iшiнде педагогикалық бағыттағы “Жасымда ғылым бар деп ескермедiм” , “Интернатта оқып жүр”, “Ғылым таппай мақтанба”, “Әсемпаз болма әрнеге”, т.б. шығармалары жастарды оқуға өнерге, ғылымға шақырып өмiрде босқа өткiзбей еңбек етiп, бiлiм алу керектiгiн насихаттайды.
Жасымда ғылым бар деп ескермедiм,
Пайдасын көре тұра тексермедiм
Ержеткен соң түспедi уысыма,
Қолымды мезгiлiнен кеш сермедiм.
Баланы оқытудағы халықтың мүдденi көрсетпес.
Ақын Абай жастарға өнеге ғибрат болсын деп өз өмiрiндегi өкiнiшiн жасырмайды, жастық шағында бiлiм алып үлгерiп қал, кейiн өкiнiп жүрме деп ескертедi. “жастық шақ -өмiрдiң асыл шағы, осы бағалы уақытты бос жiбермеу керек”. Әдемiлiк пен күш бәрi жастық шақта болмақ. Ал, адамды әдемi де, күштi ететiн оның ақылы, бiлiмi ары және еңбек”- дей келе ол жастарды бiлiмге, өнерге, өз қоғамына адал қызмет етуге шақырады. Бұның негiзгi ғылымда жатқанын, оны меңгеру қажеттiгiне
Ғылым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап ба
Абайдың Ғылым мен еңбекке көзқарасы. Абай - халықты білімге, ғылымға, еңбекке көп үндеген ақын. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бүкіл прогреске апаратын жол деп түсінді. Ғылымның әлеуметтік орнын адамдардың жақсы қасиеттерімен байланыстыра қарады.
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек...
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек», -деп ақылды тереңдетіп, шалқыта түсетін, адамның жігерін, қайратын өсіріп, жөніне жұмсауға жол көрсететін, оны тасыта түсетін, жүректі де ізгілікке, адалдыққа, адамдыққа баулитын, адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік ізгі күшке айналдыратын осы ғылым деген қорытындыға келеді. Абай ғылымның әлеуметтік рөлін терең талдап, қайрат, ақыл және жүрек үшеуін айтыстыра келеді де ғылымға жүгіндіреді. Ғылым жүректің әділеттілік, ұят, рақымшылық, мейірбандық қасиеттерінің артықшылығын қолдайды. Бұдан, Абайдың топшылауынша, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, әділеттің орнауы адамдардың ұятына, рақымшылдығына, мейірбандығына, әділдігіне байланысты. Ғылымды оны бақталастық үшін емес, ақиқатты білмек үшін үйрену керек екенін баса айтады. Өйткені, бақастық адамды бұзады, «жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі, бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін», - деп қорытады Абай. Ақын бірқатар шығармаларында еңбекке немқұрайлы қараушылықтың, жалқаулықтың, еріншектіктің қоғамды жұтатып, тоқыраушылыққа ұшыратып отырғанын, соның нәтижесінде әлеуметтік жүдеуліктің орын алып отырғанын сынайды, еңбек етуге шақырады. «Еңбек жоқ, қаракет жоқ, қазақ кедей, Тамақ аңдып қайтеді тентіремей...» - деп еңбексіздік пен қаракетсіздікті ашына шенейді. Өз тұсында қулықпен, сұмдықпен, ұрлықпен мал тапсам деген әлеум. топтың қалыптасқанын сипаттай келе, ақын: «Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас, Сұм нәпсің үйір болса тез тыйылмас... Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы сықылды тез суалар...» - деп еңбексіз тапқан олжаның құтсыздығын ескертеді. Абай адал еңбекпен мал тап, еріншек болма деп үйретеді.