1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-СҰРАҚ.Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасы: өлеңдері, қарасөздері арқылы талдау



бет23/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал

30-СҰРАҚ.Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасы: өлеңдері, қарасөздері арқылы талдау
Абайдың əлеуметтік философиялық көзқарасының қалыптасуы дамуы ХІХ-ғы Қазақстанда демократтық қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты идеялық үш қайнардан нəр алды: 1) қазақтың ауыз əдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дəстүр; 2) ежелгі жəне орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары; 3) орыс тың материалистік философиясы мен мəдениеті, сол арқылы дүние жүзлік (ең алдымен Батыс Европаның) философиялық ойдың жетістіктері.Абайдың әлеуметтік көзқарасында: байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылықтарын, олардың жағдайын, қоғамдағы алар орындарын салыстырып, сауатсыздардың көзін ашып түсіндірмек болған. Абай жалпы билік ұғымына қалай қарады? Абайдың өмірлік шұғылданған кәсібі – билік, кәдімгі дала биі еді. Әрине, әділ би болды. Қандай қоғамда қандай билік үстем құрады, ол неге негізделеді және би мен заңның арақатынасы қалай ажыратылады немесе неге негізделеді. Билердің шешімі Абай үшін тек қана басқару үшін емес, сонымен қатар халықтың дәстүрі мен танымынан тамыр тартқан «толық ұғым» (концепция).Абай үшін бір елдің заңы екінші елге жетекші бола алмайды. Сондықтан да ол қазақ дәстүріне жат патшалық заң – законды жақтырмай, оның отаршыл пиғылына сенімсіздікпен қарап,Ресей заңына сенімсіздік білдіреді,өйткені отарлық билікті қамтамасыз етуге, соны қорғауға арналған заңда тұрақ болмайды. Ол мемлекеттің күнделікті саясатына орай бейімделіп отыратындығын, бір ғана жақтың – отаршыл биліктің ғана мүдесіне қызмет ететінін Абай түсінеді. Сол кездегі билікке, салтқа, заңға қарсы шығуының өзі Абайдың рухани тәуелсіздікке ұмтылғанын байқатады. Данышпан Абай қазақ халқының әлеуметтік дамуын еңбекпен бай-ланыстырады. Еңбектің терең әлеуметтік мәнін түсіндіреді. Ғұламаның шығармаларында еңбек қоғамдық прогрестің негізі, материалдық құндылықтарды шығару көзі, халықтың тұрмыс деңгейін түзетудің басты құралы ретінде баяндалады. Сол кезде жұрт арасында еңбекке қатысты қалыптасқан немқұрайлылық, еріншектік, жалқаулық сияқты келеңсіз құбылыстардың әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоғамның алға басуына кедергі болып отырғанын, халықтың негізгі бөлігінің материалдық жағдайының төмендігін айта келіп, халықты аянбай жұмыс істеуге шақырды. Кедейліктің мотивін еңбексіздіктен іздеген Абай "Еңбек жоқ, қарекет жоқ қазақ кедей, тамақ аңдып қайтеді тентіремей?" деп қынжыла жазды. Еңбек етуші адамға шаруашылық жүргізгенде "жинақылық керек, әрбір жинақылық түбі кеніш болады" деп, еңбекті ұтымды жүргізуге насихаттайды, өйткені ұтымды еңбек ету әлеуметтік прогреске жеткізудің жолы, кедейліктен шығудың бірден-бір басты құралы еді. Кедейлікпен күресе алмаған, одан шыға алмаған кісі кер келеді. Еңбектің сипаты мен мазмұнына ерекше мән берген Абай:Түбінде баянды еңбек егін салған,Жасынан оку оқып, білім алған, —деп, егін салу мен білім алудың баянды еңбек екенін қорытады. Баянды еңбекті ол материалдық игіліктерді өндірудің және адамның мұқтажын қанағаттандырудың маңызды көзі деп түсінді. "Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына да әр түрлі бәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе". Ұлы ойшыл жұмыссыздықтың материалдық жоқшылыққа әкеп соқтыратынын баяндай отырып,оның адам мінез-құлқын өзгертетінін айтып, адамды хайуандандырып жіберетінін ескертті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет