43-СҰРАҚ.Абай шығармаларындағы ел билеушілерінің типтік бейнесі: шығармалары арқыл дәлелде Болыс болдым, мінеки...» - Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Көлемі 148 жол. Ақын бұл шығармасында малын шашып, болыс болған пенденің әлеуметтік-психологиялық кескінін жасайды. Шығарманың алғашқы бөлігінде жаңадан болыс болған адамның болыстық мансапқа жету жолы мен көңіл-күйі көрсетіледі.Малын шашып, шығынға батса да, оның бар тілегі болыс болу.Болыстыққа қолы жеткен соң да оның көңілі орнықпайды; езінен күштілерге құлдық ұрып, әлсіздерге ыңғай бермей, қырын қарайды. Елге ояз келсе, болыстан тыныштық кетеді: оязға не ісі, не өзі ұнамай қалса, онда болыстықтан түсіп қалуы да қиын емес. Өлеңнің екінші мағыналық бөлігінде болыстың сыяз үстіндегі іс-әрекеттері мен ой-толғаныстары баяндалады. Өлеңнің келесі мағыналық бөлігіңде болыстың сыяз бітіп, ояз кеткеннен кейінгі хәлі бейнеленеді.Әуелден артының қуыстығын білген болыс сыяз бітсе де, елінің ұрысы мен қарысын тиып, телі мен тентегін жөнге саларлық ірі іске бара алмайды. Сөйтіп ақын ел басқарған кісінің ісі мен ойының барша маңызы мен мәнін толық ашып береді. "Мәз болады болысың" өлеңі Мазмұны, мәні жағынан ақынның "Болыс болдым мінекей..." шығармасымен үндес, сарындас. Өлеңде болыс болған қазақтың мінез-құлқы үшінші жақтан суреттеледі. Ақын болыстың қолымен жасаған нақты ісін ғана емес, сонымен қатар оның көп сырын бүгіп, бүркіп жатқан ішін де ашып керсете отырып, адам мінезін ашудың ұтқыр да, ұтымды тәсілін шебер пайдаланады. Ұлық арқаға қақса, мәз болып, иығына шекпен жапса, шат болып, әр жерде жоқты-барды шатып, күпініп, қампайып, шалқып жүрген болыс әлдебір қуанышы үшін үй-ішін, ауыл-аймағын түгел өурелеп, әбігерге түсіреді. Ол ісі оңға басса, күлмеңдеп, өлең қағып, көзін аспанға еліртіп әурелеңіп-ақ қалады, қасқайып, мақтанға салынады, бас пайдасы, құлқының қамы үшін біреулерді қақпанға түсіруді ойлайды, оның жені келіп ел ішінен бір дәмдіні татып, өңеші майлана қалса, қолын шапалақтап жас баладай қуанады.Болыстың ісі әлгіндей болып суреттелгенде, оның қуанышының түрі мынадай түрде айшықталады. Ақын болыстың ісі мен ішін бірде жарыстырып, бірде даралап әрі саралап көрсетіп алған соң, оны өз тарапынан бағалауға ауысады. Болыстың жаман қылықтарын оқырмандарының көз алдына көлденең тартады да, ақын ойлы жанға болыстан да, оның ықпалынан да алыс болуға кеңес береді. «Миың болса, жолама, Бос желіғіп шапқанға» дей келіп, жамандықтан қашқанның жаман болмайтынына меңзейді. Өлеңнің соңында өзіне-өзі мәз болып, өз буына өзі піскен надан болыстың өзге түгіл, өзінің табан жолына да жарығын түсіре алмайтын қараңғылығына, оның ісініңде, өзініңде баянсыз, опасыздығына білім нұры, ғылым жарығы қарама-қарсы қойылады.