46-СҰРАҚ.Абайдың қазақ мақал-мәтелдеріндегі қазақи ұғым-түсініктерге деген көқарасы: қарасөздері арқыл дәлелде Абай жиырма тоғызыншы қара сөзінде қазақ халқы ішінде қалыптасып қалған кейбір түсініктерді мақал-мәтелдері арқылы сынайды. "Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар", – дейді ол. Ақын осылайша сол кездегі қазақ қоғамындағы моральдік құндылықтарды сөз етіп, сынайды.«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе?і», – деп елдің материалдық құндылықтарды бірінші орынға қойғанына налиды.Қара сөзде Абай осы сөзінде біраз адамдарды, әйтеуір тіршілік ету, әйтеуір ауызға бірдеңе тауып салу жолында жүретіндерді, сол тіршілік, сол жұтқын үшін арсыздыққа дейін баратындарды, өз сөзімен айтқанда, «антұрғандар» атты арсыздарды қатты сынға алады. Антұрғандар қылығын заңдандырып берерлік, арсыздар ісін ақтап берерлік мақалдар шығарып берген аталарына да қатты шүйлігеді.«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» – дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны».Абайдың осы сөзді жазғандағы жан айқайы, ашу-ызасы, мақал шығарған кісіге айтылмай қалған назасы менің көкірегімде сайрап тұрған секілді.«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» деген де мақал бар екен.Ата-анадан тәтті көретін сол антұрғанның не оңған жаны бар еді. Ата-анасын малға сатпақ болған арсыз-ай» деп жаны қиналады Абайдың.Ата-ана не жиса да балама қалсын демей ме?Осындай білместікпен айтылған сөздерге бек сақ болу керек.Абайдың айтпағы да осы болатын. Атадан қалған сөздің бәрі бағалы деп қателеспеу қажеттігін ескертеді.Абай туысынан сыншы. Барлық өмірге сын көзімен қараған, сергек жан. Сондықтан амалсыз сықақшы.Абайдың аудармаларына зер салып қарасақ, ол И. Крылов еңбектерін қазақшалауға көп еңбек еткен.Абай бір өлеңінде:Арсыз болмай атақ жоқ,Алдамшы болмай бақ қайда? – деп, кейбір адамдардың атақты болу жолында ар сатуға дейін баратынын, бақ пен тақ жолында алдау мен арбау жасай алатынын ескерткен еді.Бұрынғы замандарда қазақтың мақал-мәтелдері қазақ адамы үшін қазіргі заман заңының бір тармағы секілді қабылданатын.Даулы мәселе бойынша айтысып жатқандар дәл уақытын тауып, дер кезінде, орнына қойып айта алған өткір сөз, тура мақал, қанатты сөздер дауласушы жағына тосқауыл бола алатын. Абайдың мақалдар мен мәтелдерге ерекше назар бөлуі де сондықтан болар.Мақалдар мен мәтел сөздерде ерекше қуат бар, өйткені халық даналығы сондай сөздер арқылы түйінделеді.Абай елді тіленшіліктен қайтарып, адал жолмен еңбек етіп, арамдықтан алыс болуға шақырады.