«1 сұрақ» Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзақ-қа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мына-дай 3кезеңге бөлінеді: Палеолит – ежелгі тас дәуірі


) Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары ;табиғи-географиялық және әлеуметтік – мәдени факторлар



бет6/12
Дата02.02.2023
өлшемі93,54 Kb.
#167259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
«1 ñ?ðà?» Àäàìíû? àë?àø?û å?áåê ??ðàëäàðû òàñòàí æàñàë?àí. Ñîíäû

7) Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары ;табиғи-географиялық және әлеуметтік – мәдени факторлар
Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық,саяс қауымдастығы және өркениеті. Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның шектеулі мүмкіндіктеріне, табиғи ресурстарға байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады.

  1. Көшпелі малшаруашылығының қалыптасуы.

Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері, яғни экожүйесі жергілікті тұрғындардың шаруашылық түрінің қалыптасуына ежелден-ақ тікелейәсер еткен. Ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының өзгеруіне қарай біртіндеп егіншіліктен малшаруашылығына көше бастады. Шамамен б.з.б. ІІ мыңжылдықтың соңындағы қуаңшылық жағдайында егіншілікпен айналысу тиімсіз болды. Қазақстан аумағының басым бөлігін шөлейт жерлер алып жатыр. Күн радиациясы өте жоғары, қуаңшылық жиі орын алып отырады.Су көзі мен жайылымдық жерлердің тапшылығы, аумақтағы өсімдіктердің жеткіліксіздігі табиғи мал азығы қорының тарылуына әкелді. Жер құнарлығы төмендеп, эрозияға ұшырау қаупі артты. Біртіндеп мал басының саны көбейді. Мұның бәрі адамның өмір сүру ортасына икемделіп, әлеуметтік-мәдени бейімделудің ерекше түрін таңдауына мәжбүр етті. Ол көшпелі малшаруашылығының орнығуына жеткізді. Жайылымдық алқаптарды егіншілік мақсатында пайдалану өнімділікті арттырмады. Ұлы даладаегіншілікке аса тиімді балама ретінде көшпелі малшаруашылығы дамыды. Археолог К. Ақышевтің пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б.з.д. IX—VII ғасырларға дәл келеді. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан. Оңтүстік Қазақстан аймағында ерте заманнан-ақ көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылық пен тұрмыс орын алған. Төңкеріске дейінгі кезде қазақтардың шаруашылығының басты саласы мал өсіру болды. Қазақтардың негізгі байлығын қой мен жылқы құрайтын. Көшпелі қазақтың дәулеті мен атағы жылқысының санымен өлшеніп, есептелетін. Жылқының шаруашылықтық маңызы зор болғандықтан көшпенділер үшін оның алатын орны ерекше. Бәрінен бұрын жылқы төзімді әрі жыл бойы жайылып шығуға бейімді жануар болып табылады. Жылқы өсіру көшпелі шаруашылық  жүргізуге аса ыңғайлы етті. Жылқы көшпендіге жаз мезгілінде жақсы сақталатын дәмді де жұғымды ет, көне замандардан күні бүгінге дейін жеткен сүйікті сусынымыз – қымыз әзірленетін сүт, көшпендіге өте қажетті берік арқан есуге керекті қыл, аяқ киім үшін былғары беретін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет