«1 сұрақ» Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзақ-қа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мына-дай 3кезеңге бөлінеді: Палеолит – ежелгі тас дәуірі



бет1/12
Дата02.02.2023
өлшемі93,54 Kb.
#167259
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
«1 ñ?ðà?» Àäàìíû? àë?àø?û å?áåê ??ðàëäàðû òàñòàí æàñàë?àí. Ñîíäû


«1 сұрақ»
Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзақ-қа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мына-дай 3кезеңге бөлінеді:
Палеолит – ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. ж. – 12 мың ж.).
Мезолит – орта тас дәуірі (б.з.б. 12-5 мың ж).
Неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың ж)
Палеолит: кезеңінің ескерткіштері Оңтүстік Қазақстанда табылған Бөріқазған, Қарасу, Тәңірқазған, Орталық Қазақстанда табылған Құдайкөл тұрағы(Ашель кезеңінің ескерткіші), Семізбұғы тұрағы сияқтылары бар. Мезолит: Маңгыстаудан Қызылсу тұрағымен Өліқолтық шығанағының жағалауында Бейіттөбе деген жерден 16 уақытша тұрақ табылды.Есіл өзені аңғарынан қабырғалары терең көмілген, 40-60 шаршы метр болатын баспана табылды. Археологтардың қазба жұмыстары кезінде мезолиттік ескерткіштер аз табылды. Қазақстан аумағында 50 ге жуық мезолиттік тұрақ белгілі. Бұл дәуірде аңшылар бір жерді ұзақ мекендегендіктен, олардың баспаналарыда тұрақты болмады.Тұрақтары:Солтүстік Қазақстанда Мичурин, Боголюбов, Явленко, Атбасар маңында-Тельман, Қарағанды-Әкімбек, Көкшетау-Виноградовка тұрақтары табылды. Торғай жерінде-Дузбай, Маңғыстау да-Қызылсу.
Неолит ескерткіштері: Палеолит және мезолит дәуіріне қарағанда Қазақстанда неолиттік тұрақтар көп кездеседі. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақтық, өзендік, үңгірлік, көлдік, тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Қазақстан аумағында бұлақтық тұрақтар басым таралған. Неолиттік ескеткіштер негізгі белгілері жағынан бір - біріне ұқсас. Көпшілік аңшылардың мекен – жайлары уақытша маусымда тұрған.Қазақстанда кездесетін неолиттік тұрақтарының ең көнесі б.з.б 5 мыңжылдыққа тән жататын – Қараүңгір тұрағы. Қазақстан аумағында 800- ге жуық неолит тұрақтары табылған. Ұзақ уақыт тұрақты өмір сүрген қоныстары Шығыс Қазастан – Усть- Нарым, Орталық Қазақстандағы Қарағанды, Зеленая Балка, Солтүстік Қазақстан – Пеньки. Бұлар Сырдарияның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта. Оңтүстік Қазақстан - Қараүңгір, Қарақұдық, Бүркітті.Неолиттік тұрақтардан сәндік әшекей бұйымдар өте көп кездеседі. Неолитте алғашқы кен өндірісінің белгілері пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет