Мезолит дәуірі және Неолит дәуірі Мезолит



бет1/7
Дата08.02.2022
өлшемі23,69 Kb.
#117945
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
МЕЗОЛИТ НЕОЛИТ


Мезолит дәуірі және Неолит дәуірі
Мезолит (б.з.б. 12-5 мыңжылдықтар дәуірі)-орта тас ғасыр, палеолит пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Бұл кезең аз зерттелген. Бұл терминді 19 ғасырдың 70 жылдарының аяқ кезінде швед ғалымы О.М.Торелль енгізді. Еуропа мезолитті шамамен б.з.б. 9-5 мыңжылдықтарды, Таяу Шығыста ол б.з.б 10-7 мыңжылдықтарды қамтиды. Ғалымдар арасында мезолиттің тарихи-мәдени, хронологиялық шегі жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Материалдық мәдениеттің даму тұрғысынан қарағанда мезолит палеолиттің жалғасы болып табылады, бірақ бұл бұл дәуіріде өнім өндірудің алғышарттары қалыптаса бастайды, ол өз кезегінде мезолитті неолит дәуірімен тығыз байланыстыра түседі. Сондықтан бірқатар археологтар бұл термин орнына эпипалеолит (палеолиттен кейінгі), ал кейінгі мезолитке протонеолит сөзін қолданып келді. Кейбіреулері жоғарғы палеолит пен мезолитті қосып миолит деп те атады. Мамандардың көпшілігі тас өңдеу техниасындағы ерекшеліктер арқылы мезолитті басқа дәуірлерден ажыратуға болады деген пікірді ұстанды. Тас құралдарын дайындау мезолитте одан әрі жетіле түсті. Сегмент, трапеция, үшбұрыш түріндегі ұзындығы 1-2 см геометриялық шақпақтас құралдары шыға бастады. Палеолиттен мезолитке көшу ауа райындағы өзгерістерге, ең алдымен, бірнеше мыңжылдықтарға созылған мұз дәуірінің аяқталуына байланысты б.з.б. 10-мыңжылдықтар шамасында қазіргіге жақын гидрографиялық торап, фауна мен флора пайда болды. Адамзат тарихындағы ең алғашқы экономикалық дағдарыс палеолит дәуірінің соңында болып өтті. Бұл кезде адамдар саны арта түсті. «Мамонттық фауна» құрамына кіретін жануарлар түрлері жойылды. Бұрынғы аңды қаумалап ұстау, қуалап аулау, т.б. аңшылық әдістер маңызын жойды. Осы кезде мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы-садақ пен жебе пайда болды. Ол ұсақ әрі жүйрік аңдарды, тіпті құстарды ды аулауға мүмкіндік берді. Оның ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуындағы шын мәніндегі төңкеріс болды. Енді жекелеген аңшылар қауымға онша тәуелді болмай, өзі-ақ аң аулауға шыға алды. Нәтижесінде қауымдар ыдырап, кезбе аңшылықтың ролі күшейді. Голоцен кезеңінде жылынған күн терімшіліктің маңызын арттырып, неолит заманында қалыптасқан егіншіліктің алғышарттарын жасауға ықпалын тигізді. Мұздық ерігеннен кейін судың мол болуы балықтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызады. Бұл балық аулау тәсілдерін жетілдіруге ықпал жасады. Адамдар иілген қармақтарды, ауды, гарпундарды пайдаланып, балық аулаумен айналысты. Алғашқы қайық түрлері мен ескектер жасалынды. Ит қолға үйретілді. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, аң аулап, қолайлы алаптарды іздестіріп жиі қоныс аударып отырды. Қазіргі таңда Қазақстан жерінен мезолит ескерткішінің 50 шақты орны табылған. Олар негізінен Оңтүстік Қазақстан жерінен (Жаңашілік, Маятас, Бөген т.б.), Қаратаудан (Соркөл, Шаханта, т.б.), Есіл маңынан (Мичурин, Боголюбова, Явленко т.б.), Атбасар төңірегінен (Тельман, тб.), Сарыарқадан (Әкімбек, Қарағанды, т.б.), Торғайдан (Тұз, Дүзбай, Евгеньевка, т.б.), Батыс Қазақстан облысынан (Сарыайдын, Шәуші, т.б.), Екібастұз төңірегінен (Талдыөзек, Шідерті, т.б.), Маңғыстаудан (Шақпақата, Қызылсу, т.б.) табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет