Мезолит дәуірі және Неолит дәуірі Мезолит



бет4/7
Дата08.02.2022
өлшемі23,69 Kb.
#117945
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
МЕЗОЛИТ НЕОЛИТ
Zam.-ruk.-kaz-15.05.2020, Task 5 Cells Assess questions, Инфектология экзамен, Мұқағали - мәңгілік ғұмыр сыныптан тыс іс-шара (1)
Неолит дәуірі
Неолит (грекше neos-жаңа және lithos-тас), жаңа тас дәуірі-ең кейінгі тас дәуіріне жататын кезең. Неолит дәуіріндегі табиғи орта осы заманғы бейнеде болды. Осы кезеңде бұрын болмаған экономикалық және қоғамдық өрлеу басталды: адамдар жабайы жануарларды қолға үретіп, жер өңдеудің қарапайым түрімен айналыса бастады. Шаруашылықтың осындай жаңа түрлерінің шығуы адамзат қоғамының дамуында аса маңызды қызмет атқарды. Адамның кәсіби қабілетін кеңейтті және мінез-құлқының сапасын жақсартты.
Сонымен қатар адамдар саз балшықтан жасалып, отта күйдірілген мықты қыш ыдыс-керамика жасауды үйренді, бірақ бұл ыдыстар қолмен жасалғандықтан өте қарапайым болды. Осындай қарапайым үй заттарының өзінен-ақ олардың сұлулыққа талпынсын байқаймыз. Ыдысты күдірмей тұрып, жұмсақ кезінде, арнайы дайындалған сүйек және ағаш таяқшалармен немесе қарабайырлау қалыппен онша күрделі емес геометриялық өрнектер салынған.
Өте ежелгі егіншілер өздерінен бұрынғы аңшы бабаларына қарағанда, айналадағы табиғатқа тіптен басқаша қарады. Бұрынғыдай тек жеуге жарамды шөптер мен даяр жемістерді жинау орнына нағыз шаруашылық еңбек қалыптасып, өнімді өздері өсіріп ала бастады. Адам еңбегі табиғатты мол өнім алуға пайдаланып, өздерін тамақ қорымен жеткілікті мөлшерде қамтамассыз етті. Ғылымда бұл құбылыс «неолит төңкерісі» деп аталды. Мұнымен адамзаттың үздіксіз дамуының алғышарттары жасалды. Ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, пайдаланылып, дамытылп отырды. Адамзат қоғамының дамсу қарқыны артты.Тас өңдеу әдістері жоғары дәрежеге жетті. Адамдар тасты кесуді, жонуды, жылтырата тегістеуді меңгерді және пышақ, орақ жасауда кішкене тас қалақтардан сына дайындай білді. Ағаш немесе сүйек пышақ саптың ұңғысындағы қуысқа ұсақ та жарықшағынан сына тығылып, қарамай немесе балық желімімен бекітілді.Адам осы кезден бастап әр түрлі тас түрлерін, соның ішінде нефрит секілді қатты тастарды әшекей заттар жасау үшін пайдалана бастады. Тастың тұтқыр түрлерінен балта, кетпен, келі, келісаптар, ал граниттен-дән үккіштер жасады.Жаңа тас дәуірінің адамы өзінен бұрынғылардан әлдеқайда өзық тұрды. Садақ пен жебе-оның қолын ұзартып, аңды алыстан атып алуға мүмкіндік берді.тас құралдарын дайындау әдістерінің жоғарғы дәрежеге жеткенінің нәтижесінде аңшылыққа арналған жаңа қарулар пайда бола бастады.Осы кезеңде кен өндірудің алғашқы белгілері пайда болды. Бірте-бірте мыс, алтын, қорғасын секілді металдың жұмсақ түрлерін өндіру ісі жүзеге асты. Адамдар мыстан еңбек құралдары мен қару-жарақтарды, алтыннан сәндік бұйымдарын жасай бастады. Сондай-ақ, сүйектен жасалған біз бен ине көмегімен олар жүннен, өсімдік талшығынан мата тоқып, киім тігуді үйренді. Сүйек өңдеу жетілдіре түсті.Алғашқы қауым адамдарының өндіргіштік күштерінің артуы б.з.б 2 мыңжылдықтың басында бірқатар мәдени және тұрмыстық өзгерістерге жеткізді: жаппай отырықшылыққа көшу басталды, қыш ыдыстар көптеп жасалынды, кен кәсібі мен тоқымашылық қолға алынды. Қорыта айтқанда, осылардың бәрі өндіруші шаруашылықтың тууына негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет