Мезолит дәуірі және Неолит дәуірі Мезолит


Ежелгі адамдардың рухани өмірі



бет6/7
Дата08.02.2022
өлшемі23,69 Kb.
#117945
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
МЕЗОЛИТ НЕОЛИТ
Zam.-ruk.-kaz-15.05.2020, Task 5 Cells Assess questions, Инфектология экзамен, Мұқағали - мәңгілік ғұмыр сыныптан тыс іс-шара (1)
Ежелгі адамдардың рухани өмірі. Ғалымдардың соңғы зерттеулері неандерталь адамының рухани өмірі мен ойлау жүйесіне байланысты бірқатар қызықты да таң қаларлық мәліметтер берді. Жерленген адам сүйектері діни наным-сенімнің пайда болунышандарын көрсетеді. Қабірдің үсті бүк түсіп жатқан жануарлар денесі сияқтандырылып мүйізбен қапталған. Петербургтік тарихшысы А.П.Окладников бұның неандертальдық аулаған Сібір текесінің мүйізі екендігін анықтады. Осыған қарап біз бұрынғы заманда-ақ Батыста-аюға, ал Шығыста-ешкіге табынушылық болғанын білеміз. Мұндай нанымдар Орталық Еуропаның кейбір халықтарында ос уақытқа дейін сақталған.Ежелгі адамдар өлгендерді соған дейін өмір сүрген жерінде жерлеп, өздері басқа жаққа көшіп кететін болған. Олар мәйітті арнайы қазылған қабірге жерлеген. Қабір үстіне тас үйетін болған. Өлгендерді кейде үңгір ішінде қалдырып, есігін үлкен таспен бекітіп кететін, сондай-ақ олар өліктің тұтас денесіне немесе басына ғана қызыл бояу себетін болған. Ол қабірді қазып зерттегенде топырақ пен сүйектерден байқалады. Өлген адам денесімен бірге қабірге әр түрлі әшекей заттар, тас қарулар, тамақ қойылған. Бұған мысал ретінде Солтүстік Қазақстандағы Железинка ауылының маңынан қазылып, зерттелген неолит қабірін алуға болады. Мәйіт қабірдің ішінде өртелген (кремация), адам күлімен бірге жабайы аңдардың тісінен және ұлу қабыршақтарынан жасалған моншақтар, сүйек пен, тастан істелген жебе ұштары және түбі доғаланып келген кішкентай үш қыш ыдыс табылған. Сондай-ақ, мұнда ересек адамдарды ғана емес, балаларды да жерлеген. Мұның өзі оларға деген ыстық ықыласты білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет