Мезолит дәуірі және Неолит дәуірі Мезолит


Еңбек құралдарынң, аңшылық пен терімшіліктің дамуы



бет3/7
Дата08.02.2022
өлшемі23,69 Kb.
#117945
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
МЕЗОЛИТ НЕОЛИТ
Zam.-ruk.-kaz-15.05.2020, Task 5 Cells Assess questions, Инфектология экзамен, Мұқағали - мәңгілік ғұмыр сыныптан тыс іс-шара (1)
Еңбек құралдарынң, аңшылық пен терімшіліктің дамуы. Аңшылық үшін неғұрлым жетілдірілген қару түрлері қажет бола бастады. Қоянды немесе үйректі ұстау үшін жылдам және алысқа ататын қару керек болды. Сөтіп, жебелі садақ пен бумеранг дүниеге келді. Бумеранг 100 метр қашықтыққа деін ұшатын, ағаштан жасалған орақ тәріздес қару. Садақ аса жетілген, оңтайлы қару болғандықтан соңғы кезге дейін сақталп, көпке дейін мылтықпен қатар қолданылып келді. Садақтың алғашқы қарапайым түрі тек ағаштан істелсе, кейін сүйек пен мүйіз қапталған бірнеше ағаш кесіндісінен жасалды. Жебелер ағаш пен нар қамыстан кесіліп, сүектен және мүйізден жасаған ұштары болды. Қазба жұмыстар кезінде садақтың доғал және домалақ ұштары да табылды. Олар терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды. Сондай-ақ уланған немесе өртегіш жебелер кеңінен пайдаланылды. Садақты тұрып та, тізерлеп те, отырып та, жатып та атуға болады. Садақ оғы 80-100 метрге, ал ауыр, күрделі садақ оғы 450 метр қашықтыққа жететін. Шебер садақшы минутына 20 оқ ата алды.Тас өңдеу әдісі де жетілді. Пышық тәрізді тілгіштер басқа құралдардың бәрін ығыстырып шығарды. Тас тілгіштерге ағаштан қолға ұстайтын сап орнатуды үйренді. Мезолит адамы балық аулаумен қатар, бұрынғысынша аңшы мен терімші болып қала берді. Алғашында ол көшіп-қона жүріп баспананы күн түсетін, құрғақ, жолы оңай жерлерге салды. Содане кейін жазда аңшылқпен айналысатын уақытша тұрақтарды мекендеп, қыстың күні жылрақ жаққа өшіп кетіп отырды. Кейінірек көшпелі өмір отырықшылыққа ауысты.Мезолит дәуірінде адам көптеген жерлерді игерді. Осы кезеңде ол Еуропа мен АзияныңҚиыр солтүстігіне, Сібірден Беринг бұғазы арқылы Солтүстік Америкаға барып, бірте-бірте бүкіл Америка материгіне қоныстанды.Осы кезде экономикада маңызды алға басушылық байқалды. Адам дәнді дақылдарды өсіруге қадам жасап, жануарларды қолға үйрете бастады. Бұлар адам қоғамындағы маңызды өзгерістердің басы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет