Қазақ тілі
«Балықшы»
Мақсаты: алған білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Көрнекіліктер: аквариумнің суреті, балықтар.Ойынның барысы: Балалар суреттегі аквариумнан балықтарды аулап алады да, балықтың артындағы қандай әріп екенін тауып, сол әріпке сөз құрау қажет.
«Қай буынды жоғалттым?»
Мақсаты: буын туралы түсінік беру, сөздерді буынға бөлуге үйрету, ойын дамыту. Көрнекіліктер: ойыншықтар, суреттер.Ойынның барысы: Тақтаға ойыншықтардың суреттері ілінеді. Мұғалім бір ойыншықтың бастапқы буынын айтады, оқушылар қай ойыншық екенін айтады.
«Жаңа сөз ойла»
Мақсаты:«А» дыбысы бар сөз ойлату, сөздік қорын молайту. Көрнекіліктер: қоржын, асықтар. Ойынның барысы: Балалар «А» дыбысынан басталатын сөздер ойлайды. «А» дыбысынан басталатын сөздерді кім көп ойласа, соған асық беріледі. Асығы көп бала жеңімпаз атанады.
Достарыңызбен бөлісу: |