“Репликациялық көзше”
ДНҚ молекуласындағы тек арнайы нуклеотидтер
жүйесі орналасқан учасклерде ғана түзіледі. Ұзындығы 300
нуклеотидке
шамалас мұндай учаскелер репликация басталатын нүкте немесе “О” сайты
(ағылш. origin - басталу) деп аталады.
7.
ДНҚ-полимераза
- нуклеотидтердің аналық
тізбекке комплементарлы
синтезделуін қамтамасыз етуімен бірге 3‘ - 5’ – экзонуклеозалық - та қызмет
атқарады. Соңғы қызметі ДНҚ синтезі барысында дұрыс комплиментарлы
тізбектің орнына, бұрыс комплементарлы емес
нуклеотид жалғанған кезде
жүзеге асады.
8.
ДНҚ-лигаза
– бастаушы-РНҚ-ны алып тастағаннан кейін Оказаки
фрагменттерін тігеді. Репликация және репарация
процестері кезінде ДНҚ-
ның түзілген жеке фрагменттерін бір-біріне жалғастырып,
тігіп тұтас
молекула құрастыратын ферментттер.
9.
Теломералар
– генетикалық ақпарат болмайтын көптеген арнайы
гексонуклеотид (6 нуклеотидтен тұратын)
бірізділіктер қайталанып
орналасқан хромосоманың ұштары. Теломерлердің негізгі қызметі олардың
геномының маңызды (ақпаратты) бөлімін толық репликацияланбаудан қорғап,
буферлік қызмет атқарады.
10.
Теломераза
– жасушаның әр бөлінуі сайын түзілген жас жасушалардағы
хромосомалардың теломералық учаскелерінің қысқаруы, ең соңында олардың
толық жойылып, бірте-бірте ақпараты бар гендердің толық репликацияланбай
қалуына себеп болуы мүмкін. Теломераза репликация
аяқталардан бұрын
ДНҚ-ның жаңа синтезделген тізбектерінің толық репликацияланбаған 5’-
ұштарын қысқалау келген, қайталанатын нуклеотидтер жүйесімен
немесе
теломералармен жалғап ұзартады.