23-сұрақ Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі. а-РНҚ кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері құрылысы. РНҚ-да ДНҚ сияқты полимер-сызықты полинуклеотид, ал мономерлері
болып рибонуклеотидтер саналады. РНҚ нуклеотидтерінде рибоза, 4 азоттық
негіздер-А, Г, Ц, У, бір фосфор қышқылының қалдығы кездеседі.
Нуклеотидтер 5 1 , 3 1 – фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланысқан.
РНҚ – негізгі қызметі ДНҚ-дағы сақталынған ақпаратты көшіру, ақуыз
биосинтезін қаматамыз ету.
РНҚ атқаратын қызметі мен құрылысына қарай 3 түрге бөлінеді:
•
Ақпараттық РНҚ – а РНҚ
•
Тасымалдаушы РНҚ – т РНҚ
•
Рибосомалық РНҚ – р РНҚ
Ақпараттық РНҚ – ядрода түзіледі. Қызметі: ДНҚ-дағы ақпаратты, яғни
нуклеотидтердің орналасу реттілігін өөзіне көшіріп, комплементарлы
принцип негізінде ақпаратты рибосомаға жеткізеді. а-РНҚ-лардың бәрі
жасушадағы РНҚ молекулаларының жиынтығының небәрі 5%-пайызын
ғана кұрайды.
а-РНҚ-лар қаншалықты көп болғанымен бірінің құрылысы бір-біріне
ұксас, яғни а-РНҚ-ның сызыктық тізбегі әртүрлі қызмет атқаратын
бірнеше учаскелерден тұрады:
a)
Кэп аймақ . Басқа РНҚ түрлерінен, басқа молекулалардан мРНҚ
ажыратуға «көмектеседі», РНҚ стабилділігі үшін негізгі роль атқарады.
Бірінші нуклеотид үнемі 7-метилгуанилат, ол келесі нуклеотидпен
пиррофосфаттық байланыс арқылы байланысқан. Келесі нуклеотидтер
рибозаның 2` орны бойынша метилденген болып келеді. а-РНҚ-ның
мұндай құрылымы оның 5` ұшын экзонуклеаза әсерлерінен қорғайды.
b)
«Қалпақшадан» (кэп) кейін 5` –
трансляцияланбайтын учаске орналасқан –ол бірнеше ондаған нуклеотидтер бірізділігінен тұрады. Ол
р-РНҚ кіші бөлшегіндегі бір бөлімге комплиментарлы болады және а-
РНҚ –ның рибосомамен алғашқы байланысуын қамтамасыз етеді, бірақ
өзі трансляцияланбайды.