1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



Pdf көрінісі
бет31/31
Дата21.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#198253
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
МБМГ РК 1 ЖАУАПТАРЫ

Репликациялық көзше”
ДНҚ молекуласындағы тек арнайы нуклеотидтер 
жүйесі орналасқан учасклерде ғана түзіледі. Ұзындығы 300 нуклеотидке 
шамалас мұндай учаскелер репликация басталатын нүкте немесе “О” сайты 
(ағылш. origin - басталу) деп аталады.
7. 
ДНҚ-полимераза
- нуклеотидтердің аналық тізбекке комплементарлы 
синтезделуін қамтамасыз етуімен бірге 3‘ - 5’ – экзонуклеозалық - та қызмет 
атқарады. Соңғы қызметі ДНҚ синтезі барысында дұрыс комплиментарлы 
тізбектің орнына, бұрыс комплементарлы емес нуклеотид жалғанған кезде 
жүзеге асады.
8. 
ДНҚ-лигаза
– бастаушы-РНҚ-ны алып тастағаннан кейін Оказаки 
фрагменттерін тігеді. Репликация және репарация процестері кезінде ДНҚ-


ның түзілген жеке фрагменттерін бір-біріне жалғастырып, тігіп тұтас 
молекула құрастыратын ферментттер.
9. 
Теломералар
– генетикалық ақпарат болмайтын көптеген арнайы 
гексонуклеотид (6 нуклеотидтен тұратын) бірізділіктер қайталанып 
орналасқан хромосоманың ұштары. Теломерлердің негізгі қызметі олардың 
геномының маңызды (ақпаратты) бөлімін толық репликацияланбаудан қорғап, 
буферлік қызмет атқарады.
10. 
Теломераза
– жасушаның әр бөлінуі сайын түзілген жас жасушалардағы 
хромосомалардың теломералық учаскелерінің қысқаруы, ең соңында олардың 
толық жойылып, бірте-бірте ақпараты бар гендердің толық репликацияланбай 
қалуына себеп болуы мүмкін. Теломераза репликация аяқталардан бұрын 
ДНҚ-ның жаңа синтезделген тізбектерінің толық репликацияланбаған 5’-
ұштарын қысқалау келген, қайталанатын нуклеотидтер жүйесімен немесе 
теломералармен жалғап ұзартады.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет