1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология


-сұрақ: Уақытша қызмет атқаратын органоидтар. Жасуша қосындылары



бет18/30
Дата29.09.2023
өлшемі2,67 Mb.
#182981
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Байланысты:
Молекулярка
сұрактар тізімі, Жатырдан тыс жүктілік
18-сұрақ: Уақытша қызмет атқаратын органоидтар. Жасуша қосындылары.
Эукариотты жасушалар негізгі үш компоненттен: плазмолеммадан, цитоплазмадан және ядродан тұрады. Соның ішінде цитоплазманың өзі гиалоплазмадан, органоидтардан және қосындылардан тұрады. Жалпы цитоплазма – ол жасушаның іркілдек сұйықтығы болып табылады. Қосындылар – бұл жасушаның тіршілік барысында пайда болып және жойылып тұратын жасушаның тұрақсыз құрылысы. Оларға ақуыздың, көмірсудың және майдың денешіктері мен тамшылары жатады. Сонымен бірге кристаллдық қосындыларда кіреді (органикалық кристаллдар, жасушаларда ақуыздар, вирустар, қымыздық қышқылының тұздары, бейорганикалық кристаллдар, кальций тұздарының тастары). Органоидтарға қарағанда бұл қосындылардың мембраналары жоқ, кезеңді түрде синтезделіп, шығындалып отырады. Олар көбіне цитоплазмада, кейде ядрода да кездесіп тұрады. Олардың химиялық тегі әртүрлі. Қосындылар сипаты бойыншажасушалық метоболизм өнімдері. Олар гранула, тамшы, кристаллдар түрінде жиналады. Қосындылар жасушада уақытша қызмет атқарады. Олар цитоплазманың қорлық қоректік заттары, жасушадан шығарылуы керек өнімдері және балласты заттар болып табылады.
Қосындылар-цитоплазманың уақытша құрылым компоненттері. Жасуша қосындыларына көмірсулар, майлар және ақуыз жатады. Қосындылардың барлығы жасушаның цитоплазмасында ттамшы және пішіні мен мөлшері әр түрлі түйіршіктер түрінде жинақталады.
Қосындылардың жіктелуі:
Трофикалық қосындылар- лецитин ооциттердегі, гликогенді, липидтердегі барлық жасушаларда бар.
Секреторлы қосындылар - секреция жасушаларындағы секреторлы
түйіршіктер (ұйқы безінің ацинозды жасушаларындағы түйіршіктер,
эндокриндік бездердегі секреторлық түйіршіктер және басқалары).
Экскреторлы қосындылар - бұл организмнен шығарылуы керек заттар
(мысалы, бүйрек түтікшелерінің эпителийіндегі зәр қышқылы
түйіршіктері).
Пигментті қосындылар - меланин, гемоглобин, липофусцин, билирубин
және басқалары. Бұл қосындылар белгілі бір түске ие және бүкіл
жасушаға түс береді. Пигментті қосындылар тек жасушалардың жекелеген
типтеріне тән (меланин меланоциттерде, гемоглобин эритроциттерде
болады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет