1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология


-сұрақ: Нуклеин қышқылдарының құрылысы, қызметі, жіктелуі. ДНҚ құрылысы



бет8/30
Дата29.09.2023
өлшемі2,67 Mb.
#182981
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
Молекулярка
сұрактар тізімі, Жатырдан тыс жүктілік
7-сұрақ: Нуклеин қышқылдарының құрылысы, қызметі, жіктелуі. ДНҚ құрылысы.
Нуклеин қышқылдары жасушаның ең маңызды макромолекулаларының бірі болып саналады. Нуклеин қышқылының (ДНҚ ) молекуласын 1868 жылы Швейцариялық ғылым Ф.Мишер ашқан.
Қызметі: нуклеин қышқылы - организмдерге гендік ақпаратты бір буыннан екінші ұрпаққа көшіруге мүмкіндік беретін молекулалар.
Жіктелуі :нуклеин қышқылдарының екі түрі бар: дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ ) және рибонуклеин қышқылы (РНҚ ).
Құрылысы: нуклеин қышқылдары- полимерлер, олардың мономерлері болып нуклеотидтер саналады. Нуклеотидтер өз кезегінде 3 бөліктен құралған : азоттық негіздер, қант рибоза немесе деезоксирибоза , фосфор қалдығы.


ДНҚ молекуласы қос ширатпалы болып келеді. Қос ширатпаның бір оралымында 10 жұп нуклеотидтер кездеседі, ал оралымның ұзындығы 3,4 нм тең. Сонымен қатар, А-Т арасында 2 сутектік байланыс болса, Г-Ц арасында 3 сутектік байланыс болады. ДНҚ дезоксирибозадан, азоттық негіздерден, 1 фосфаттан құрылған ( оларды -д АМФ, д ГМФ, д ЦМФ, д ТМФ деп атайды).
Функциялары:
1. Тұқым қуалау ақпаратын сақтау;
2. Тұқым қуалаушылық ақпаратын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу;
3. Ақуыз биосинтезі процессінде тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру.
ДНҚ-ның алғашқы, екінші реттік, үшінші реттік құрылыстары белгілі.
Бірінші реттік құрылысы - бір жіпшеде нуклеотидтердің тізбектеліп орналасуы болып табылады. ДНҚ алғашқы құрылысы фосфодиэфирлік байланыспен байланысқан, яғни бір жіпшедегі нуклеотидтер бір-бірімен фосфаттық топ және қанттың гидроксил тобы арқылы байланысқан.
Екінші реттік құрылысы оның екі жіпшесіндегі азоттық негіздердің бір-бірімен сутектік байланыс арқылы комплиментарлы байланысуы (А-Т; Г-Ц) болып табылады. ДНҚ жіпшелері полярлы болады, яғни оның 5* және 3* ұштары белгілі. ДНҚ молекуласының қосширатпасы (тізбектері) бір біріне антипаралель орналасқан.
Үшініші реттік құрылысы ретінде оның ақуыздармен (гистондық ақуыздармен) байланысын айтуға болады. Хромосома ақуыздарының 60-80 пайызын-негіздік және гидрофобтық аминқышқылдар (аргинин, лизин, валин) көптеп кездесетін гистондық ақуыздар құрайды. Гистондық ақуыздар ДНҚ-мен негіздік радикалдар, көмегімен ал өзара гидрофобтық радикалдар арқылы әрекеттеседі. Хромосомаларда ДНҚ молекуласы гистондық ақуыздармен байланысып нуклеогистон құрайды, ол хроматин жіпшесі ретінде белгілі. Хроматин жіпшесінің тірегін нуклеосома денешіктері құрайды. Ол 4 түрлі гистондық ақуыздардың (Н 2а , Н 2в , Н 3, Н 4 ) қос молекуласынан құрылған. ДНҚ молекуласы осындай әр бір денешікті екі рет ширатылып оралады және оның ұзындығы 140 н.ж. тең. Нуклеосома денешіктері бір бірімен тығыз жабысып орналаспай біршама алшақтау орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет